Компетентность учителя русского языка в педагогической деятельности

Компетентность учителя русского языка в педагогической деятельности Жанадилова Жанерке Учитель русского языка школы 219 им. Ы.Алтынсарина. Шиелийский район, Кызылординская область, Республика Казакстан. «Алтын ине», «Доктор Иманғали Әбдіхалықовтың алтын инесі», «Соның арқасында құдайға шүкір, денсаулығымды түзедім» деген сөздерді облыстың түкпір-түкпірінен жиі естуге болады. Шиелінің өзінде күйеуінің қылығына ренжимін деп даусынан айрылып қалған телефонистканың Ресейдің көптеген емханаларынан дауа таба алмай Иманғалидың алтын инесінен кейін өз даусын естіп, талып қала жаздағанын естігенім бар. «Жын-шайтанның азарына ілігіп, аузы қи... «Өмір бір көшкен керуен» дейді халық даналығы. Сол көшке ілескен әрбір адамның одан өзінің ылайықты орнын табуы оның мақсатшылығы мен табандылығына байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомаға айналғаны қашанда шындық. Оған жарқын мысал ретінде осы айда жетпіс жасқа толғалы отырған дәрігер Иманғали Әбдіхалықовтың өмір жолын алуға болады. Ол өмірі бір орыс көрмеген, орысша тіл ұстартпаған ауылда – Ортақшылда өсті. Ана тілінің, қазақ дәстүрінің барлық қадір-қасиетін бойына сіңірген жас... Социлистік Республикасы болғанымен сабақ та, іс жүргізу де ана тілінде емес – орыс тілінде қолданыс табатын. Бай тілді меңгеру, оны түсінікті етіп қайыра жеткізе айтып беру шалғайда өскен ұлға қиынның қиыны болды. Оның үстіне адам анатомиясы, кеше ғана жер тіреп тұрғандай боп жүрген адамның өлі денесін ұстап көру, жік-жігімен сабақ ретінде өту бұл да батылдық пен табандылықтың шешуші шегіндей болатын. Алғашқыда сабақты түсінбей жаттау, кітапта жазылғанын үтір-нүктесінедейін айтып беу, кейіннен ... Қазір аудан дәрігерлерінің ақсақалы атанған Иманғали Әбдіхалықұлының еңбек жолын саралар болсақ, ол манданып, қызмет істеген мидицина саласы жоқ десе де болады. Облыстық онкодиспансерде бас дәрігер. Қазалы Қаракөл савхозы мен Жөлек селолық ауруханасында, аудандық тубдиспансерде бас дәрігер. Соңғысында қатерлі дерттің алдын алу, оны дөп басып емдеу саласын жақсы жолға қойғаны үшін кезінде ССР Денсаулқ сақтау министрлігінің ауыспалы қызыл туын жеңіп алып, алты жыл бойына кабинетіне қастерлеп ұста...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Компетентность учителя русского языка в педагогической деятельности

Жанадилова Жанерке

Учитель русского языка школы 219 им. Ы.Алтынсарина.

Шиелийский район, Кызылординская область, Республика Казакстан.

«Мәңгілік Ел» ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы», - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Бұл ретте Мемлекет басшысы Тәуелсіздік арқасында халқымыз мәңгілік мұраттарға қол жеткізгенін, еліміздің жүрегі Елорда тұрғызылғанына тоқталды. «Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың перзенті. Ендеше Қазақ Елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді Ұлт Көшбасшысы.

Сонымен қатар, Президент Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары «Қазақстан-2050» стратегиясының түпқазығы етіп алынғанын алға тартты.

«Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екені баршаға мәлім. Бұл - әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік, талай елдің тағдырын құрдымға жіберді. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуіміз керек. Ол сабақтің түйіні біреу ғана, ол - Мәңгілік Ел», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы қай Жолдауында да елі үшін тереңінен тебіреніп қарапайым халықтың бар жағдайын қарастырады. Биылғы Жолдау нақты бағдарымен ерекшеленіп, осы күнге дейінгі тағылымды тарихымызда мүлде болмаған жаңа ұғым - Мәңгілік ел құруды айшықтайтын ұзақ мерзімді Стратегияны жүзеге асыру жөнінде шынайы бағдарлама ұсынды.

Егер ел өз бағыты мен баратын айлағын білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайтынын орынды айтқан Қазақстан Көшбасшысы басты міндет ретінде әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруді белгіледі. Бұл әрбір қазақстандық азаматтың мойнына жүктелер ұлы міндет болмақ. Бұл міндеттер - елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан болатынын әсерлі жеткізді.

Өз Отаның шексіз сүйетін, отаншылдық туындыларды жасай алатын, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңірген, салт-дәстүріміз бен тарихымыздың тамырынан нәр алатын жастарды еңбексүйгіштікке баулып оқып үйретуде «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының пайымдамалары көп.

Қазақстан - 2050 «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басым бағыттары анықталып отыр. Елбасымыз барша қазақстандықтарды біріктіріп, ел болашағының іргетасын қалаған басты жеті құндылығын атады. Қазақ халқы үшін қашан да киелі саналатын жеті саны бізге қадірлі. Бұл құндылықтар көктен түсе салған жоқ, бұл құндылықтарды халық уақыттың қатал сынынан өткізіп, өз қолдарымен жасаған әрі қастерлеуге тұрарлық қазақстандықтардың бойтұмары іспетті өте қасиетті «жетілік».

Олар:

1. Қазақстан мен Астананың тәуелсіздігі;

2. Ұлттық бірлік, біздің қоғамыздағы бітім мен келісім;

3. Зайырлы қоғам және жоғары руханилық;

4. Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім;

5. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы;

6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;

7. Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық атсалысуы.

Мемлекет басшысы айтқандай осы құндылықтардың арқасында біз әрдайым жеңіске ұмтылып отырғанымызды, елімізді нығайтқанымызды, ұлы жетістіктерімізді еселегенімізді толқып айтты.

Қазақ елінің тәуелсіздік алған жылдардан бергі басты мақсаты - Мәңгілік Ел құру болған болатын болса, мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында мақсатқа жетудің жолдары мен тетіктерін көрсетіп, кезеңдерін белгілеп беріп отырса қазақ қоғамының идеологиясы кемел келешек үшін жұмылуы қажет.

Елбасының «Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан - 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алдым», деген сөзі айқын дәлел болып табылады.

Жолдауда Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленді. Аталған басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелердің шешілетіндігі жоспарлануда. Өзімді ең алдымен білім беру саласына бағытталған жобалар аса қызықтырды. Алтыншы басым бағытында айтқандай, болашақта дамыған елдер қатарына барар жолда қазақстандықтардың әлеуеті мен дамуы ілгерілеген белсенді әрі білімді азаматтардан жасақталған ел болуымыз керек екендігін ұғындырды. Ол үшін әрине біз, ең алдымен озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құруды аяқтауымыз шарт. Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын атады. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды екендігін айтты. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керектігі - әрине бүгінгі күннің еншісіндегі өзекті әрі міндетті болып отырған мәселелердің бірі екендігін атағым келіп отыр. Бұл жоба шын мәнінде қазіргі орта білім беру жүйесіне ең қажетті, ең оңтайлы әрі нәтижелі болары сөзсіз. Себебі, еліміздің әр өңірлерінде ашылып, халықтың көңілінен шығып отырған бұл зияткерлік мектептер халық арасындағы шын мәніндегі озық ойлы, қиялы ұшқыр балаларды даралап, оқытып, әлемдік деңгейдегі балалармен тең түсе алатындай болашағымызды тәрбиелеп, оқытып, дайындап жатыр.

Англиядағы Кембридж университетінің білім беру факультеті мен Назарбаев зияткерлік мектептері басқармасы бірлесе отырып дайындаған мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының І, ІІ, және ІІІ деңгейлі бағдарламасын жасап, Үкімет осы Бағдарлама аясында мұғалімдерді өркениеті озық елдердің білім беру саласындағы жан-жақты тәжірибелер мен сынақтан өткен озық үлгідегі жаңаша тәсілдерді үйретіп, қазақстандық мектептерде сол курста білім алған мұғалімдер арқылы үлкен сынақтан өткізуде. Бұл сынақ әрине өз нәтижесін берері анық. Болашақ күттіріп отырған мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игере алуы тиіс.

Айрықша айта кететін маңызды жай - мемлекеттік тіліміз бен төл тіліміз қазақ тілінің жағдайы. Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналғанын, қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келе жатқандығы - біраз жайттан хабар береді. «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», - деп үндеу тастағанда өзін нағыз патриот сезінетін әрбір қазақстандықтың бойын мақтаныш сезімі кернегені анық еді. «Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі», - деп Жүсіпбек Аймауытұлы айтқандай-ақ тіліміздің мәңгілік жасары, өз топырағымызда мәңгілік өсіп-өніп, түрленетініне біз, әрине тек қана қуанамыз, шаттанамыз, мақтанамыз.

Ежелгі түркілердің «Мәңгілік Ел» идеясымен қазіргі таңда белгілісі үш негізден тұратындығы: оның біріншісі - көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» манифесі, екіншісі - Әл-Фарабидің философиялық еңбектерінде, әсіресе, «Қайырымды қала» «Азаматтық саясат», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздерінде» бұл идеяның теориялық-методологиялық тұрғыдан нақтылануы, үшіншісі - Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы идеяның негізделуі болған. Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты және кейінгі ұрпақтардың негізгі мақсаттарымен сәйкес келе отырып, «Мәңгілік Ел» идеясымен сабақтасады.

Білге қаған, Тоныкөк ескерткіштерінде жазып қалғандай түркі халқының ынтымағын, елдігін, бірауыздылығын, мемлекетшілдігін паш етіп айтқандай «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені күш-қуатын бергені» деген сөздердің жас ұрпаққа ұлттық-патриоттық рух беретіндігі сөзсіз. Түркі мемлекеттерінің сабақтастығын жалғастырған тарихи тұлғалар: Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан, Абылай хан және Кенесары хандар еді. Абылайдың дүниеден озар алдында Бұхар жыраумен қоштасып тұрғанда айтқан үш арманының астарында үлкен философиялық ой, даналық тұжырым бар. Бұл оның қазақтың басын біріктірсем, «Мәңгілік Ел» етсем дегенін, ел болашағын тереңінен ойлағанын білдіреді.

Қазіргі таңда Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік Ел» идеясы тұрғысында, іс жүзінде тарихи сабақтастықта жалғастырып, ел жастарына үлкен үміт артып: «оны жүзеге асыратын да жемісін көретін де сіздер» деуінің де тәрбиелік міндеті мен маңызы зор.

Мелекет басшысының үндеу соңында айтылған түйінді ойы -байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек делінген тілегі адамды жігерлендірді, қайрады, талпындырды, үміттендірді, сенім ұялатты. Өз ойымды топшыларда айтарым - бұл Жолдау халыққа құт болып, елге ырыс әкеледі деп сенемін.

© 2010-2022