Ашық сабақ ақиық ақын М. Мақатаев 5сынып

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ақиық ақын «М.Мақатаев».
Сабақтың мақсаты: 1) білімділік: М. Мақатаев шығармаларын оқыта отырып, оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, білімге деген құштарлықтарын ояту
2) дамытушылық: а) Оқушыларды өз ойын ашық айта білуге, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру
3) тәрбиелік: а) Сыпайылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу және қарсылыққа дау көтермей сөйлеу әдебін меңгертіп, мәдениеттілікке тәрбиелеу;
ә) Жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, кеспе қағаздар
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, пікірталас, топтап тапсырма беру
Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
1.Қ Мұқағали кім, қай жылы дүниеге келген?
2.Мұқағали неше жасынан өлең жаза бастаған?
3.Мұқағали елін, жерін, туған халқын шексіз жақсы көретінін қалай дәлелдеді?
Б) «Сіз білесіз бе?» ойыны
Мұқағали (топтастыру)
Міне, балалар, сендер ақиық ақын М.Мақатаев туралы қаншалықты ізденіп келгендеріңді, білімдеріңді көрсетіп отырсыңдар. Ендеше, бүгін біз ақын туралы көптеген мәліметтер айттық.
Ой қозғау.
«Ақиық» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
Оқушылардың жауабы:
Ақиық сөзіне талдау жасату.
Ақиық - бүркіт туысына жататын қыран құс. Ауыспалы мағынада асып тұрған дарын иесі, зерек адамды білдіреді.
Міне, балалар, Мұқағали ақынды «Ақиық ақын» деп айтуымыздың өзіндік себебі де бар екен. Мұқағали атамыз тірі болса, биыл 85 жасқа толар еді, бірақ ол кісі ортамызда жоқ. Ақынның өзі өлгенмен, өлеңдері ешқашан өлмейді
Мұқағали Мақатаев - ақын, аудармашы, прозашы. Өлеңдері, оның жауһар жырлары мәңгілік. Өлеңдері уақыт өткен сайын өзіне шексіз дос - сырлас тауып, Хантәңірідей асқақтап, жыр сүйер қауымның жүрегінен берік орын табуда. Адам баласының жан дүниесіне терең бойлап, ішкі сезім сырларынан, психологиялық жан - күйінен хабар беретін сезімтал, психолог ақын.
Мұқағали өлеңдерінде адамның моральдық - этикалық қасиеттері әр қырынан сөз болып, жағымпаз, мақтаншақ, ұрыншақ адамдарды сынға ала, әжуалайды.
Ақын осында жан - дүниесі пасық, өзіне де, өзгеге де опа бермей жүргендерге ақылын айтып, қылықтарына реніш білдірсе, болашақта осындай қасиеттерден сақ болуға шақырады.
Топтық шығармашылық жұмыс
І топ М.Мақатаевтың өлеңдерін атаңдар
ІІ топ «Ақын аманаты» тақырыбында өлең шығару
Қорытындылау.
Поэзия әлеміне самғадың,
Әділетті көксеуден еш қалмадың
Ақынның ақиығы атанып,
Ел ауызында мәңгі қалды жазғаның.

М-Мұқағалидың
Ұ-ұрпаққа
Қ-қалдырған
А-аманатын
Ғ-ғасырлар
А-арнасына
Л-лайық деп
И-иіліп , бас иеміз.

Тексерілді 1.02.2016 ж.

© 2010-2022