Урок на тему: Миржакып Дулатов. Несчастная Жамал

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок на тему: Миржакып Дулатов. Несчастная ЖамалУрок на тему: Миржакып Дулатов. Несчастная ЖамалУрок на тему: Миржакып Дулатов. Несчастная ЖамалУрок на тему: Миржакып Дулатов. Несчастная ЖамалУрок на тему: Миржакып Дулатов. Несчастная ЖамалУрок на тему: Миржакып Дулатов. Несчастная ЖамалМіржақып Дулатов. «Бақытсыз Жамал» романы.


Ысмағұл Жәния

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Қазалы аграрлы - техникалық колледжі


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романын түсінуде студенттердің белсенді оқу әрекетін ұйымдастыру, мәтінмен жұмыс арқылы романды талдау.

ә) Дамытушылық: Студенттердің сөйлеу, ойлау қабілеттерін және шығармашылық қабілетін дамыту. Жазу дағдыларын берілген тапсырмалар бойынша арттыру, өз бетінше ізденіспен жұмыс жасауды жетілдіріп отыру.

б) Тәрбиелік: Ұлтжандылық пен Отансүйгіштікке баули отырып ұқыптылыққа үйрету. Халқымыздың салт - дәстүрін құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, талдау, сұрақ - жауап, ойын элементтері, кітаппен жұмыс, тапсырмамен жұмыс, мәтінмен жұмыс, өз бетінше ізденіс жұмысы, пікіралысу

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті, орыс тілі, қазақ тілі

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, М.Дулатовтың жинағы, презентация, бейне материал

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1 - 2 мин

Оқушылармен сәлемдесіп, кезекші көмегі арқылы топ санын түгелдеу. Оқушы назарын жазу-сызу құралдарының дайындығына аударып, екі топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 10- 12 мин

1885 - 1935

Міржақып Дулатов

1897 - 1902

1904 - 1906

1905-1920

1913 - 1918

1920 - 1928

Кім жылдам?

  1. Міржақып Дулатовтың шығармаларын атаңыздар?

  2. Юморлық, сатиралық қырларын көрсететін өлеңдерін атаңыздар?

  3. Поэзиялық жанрдағы шығармаларының тақырыптары қандай?

  4. Лирикалық өлеңдерін атаңыздар?

«Ойлан, тап!»

  1. Орыс тілін жетік меңгерген қос тілде қатар жазған қаламгер орыс әдебиетінен қай тұлғалардың шығармаларын аударған?

  2. Міржақып Дулатовтың жақын достары кімдер?

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау 1 - 2 мин

Бейнематериал көрсету

ІV. Жаңа материалды меңгерту 25 - 30 мин

Романның мазмұны

Кіріспе

Ел жағдайы, заман көрінісі.

Оқиғаның басталуы

Сәрсенбайдың бір перзентке зар болып, Жарасбай молданың қызы Шолпанды айттыруы.

Жамалдың дүниеге келуі, ерке өсуі, оқуы.

Оқиғаның байланысуы

Сәрсенбайдың елдің сөзіне еріп, билікке таласқа түсуі.

Билік үшін Байжанмен құдаласуы.

Шиеленісуі

Жамалдың Байжанның баласы Жұманды ұнатпауы, қайғыруы

Жамал мен Ғалидың бірін-бірі сүюі, көңіл қосуы.

Ғалидың Жамалды алып қашуы.

Шарықтау шегі

Ғалидың кенеттен ауырып, қайтыс болуы.

Жамалдың еріксіз Жұманға тиюі, бақытсыз өмірі.

Оқиғаның аяқталуы

Жамалдың Жұманның қорлығына шыдамай, қалаға қашпақ болып, боранды түнде үсіп өлуі.

Кейіпкерлерге мінездеме

Әр оқушы өзі оқыған үзіндіде кездескен кейіпкерге мінездеме береді. Бірін-бірі толықтырады.

Жамал - ақылды, көрікті, зерек, ақынжанды қыз, ескіше хат таниды. Оның Ғалимен қашып кетуі, Жұманның қорлығына шыдамай қалаға кетуге әрекет жасауы -оның ерекше мінез-құлқын білдіреді.

Ғали - орта бойлы, мінезі сыпайы, әдепті, талапты, уәдесіне берік, білімді жігіт. Саудамен айналысады, Жамалдың теңі, екеуі бірін -бірі ұнатып, бірін-бірі сүйген соң Жамалды алып қашады. Кенеттен ауырып қайтыс болады.

Сәрсенбай - Жамалдың әкесі, момын, мал баққан малды адам, «өз басында еркі жоқ, әркімнің қыздырма тіліне ерген адам».

Жұман - ақылсыз, шаруаға қыры жоқ, ынжықтығынан құрбы арасында күлкі болған, мейірімсіз, қайырымсыз, жалған намысқой бай баласы.

Байжан - өте күрделі образ, қайырымсыз, кекшіл, намысқой, ескі салттың қорғаушысы, барымташы, жалған жалақор, пәлеқор адам.

Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға мәтіннен үзінділердің көшірмелері таратылып, әр оқушыға үзіндінің тілін талдау, мазмұнымен қысқаша таныстыру тапсырылады.

Тапсырма жұмыс.

Романда салт-дәстүрге байланысты кездесетін фразологизмдік сөздердің мазмұнын ашу

• Ерулік-жаңа көшіп келген үйді қонаққа шақыру.

• Лау байлату-ат дайындау.

• Әмеңгер-«аға өлсе, іні мұра».

• Күндестік-бәйбіше мен тоқалдардың бірін-бірі көре алмауы.

• Ұрын келіп қалыңдық ойнау-күйеудің тойдың алдында қалындыққа келуі.

• Сүйек сындыру-ата-анасын ұятқа қалдыру.

Ізденіс жұмысы

1. Романда қандай мақал-мәтелдер кездеседі?

2. Романда орыс тілінде сол қалпында жазылған сөздерді табыңыздар?

V. Жаңа сабақты бекіту. 3 - 4 мин

1. Кейіпкерге хат

2. Пікіралысу

VІ. Бағалау: 1 -2 мин

VІІ. Үй тапсырмасы: 1 - 2 мин

Қазақ әдебиеті 11 сынып, 28 - 36 бет

«Сөзі де - ақ, өзі де - ақ - Міржақып» тақырыбында реферат жазу


© 2010-2022