Қазақ әдебиеті пәнінен Қазіргі ақындар айтысы тақырыбына жасалынған сабақ жоспары (9 сынып)

Сабақтың ортақ   мақсат Ақындар айтысы туралы түсінік беру , оқушыларды  таланттылық, ақылдылық, шешендік  сөздерінің маңыздылығы туралы түсінікті дамыту, таза сөйлеуге тәрбиелеу. Негізгі идея Қазақ өнерінде  мәдениетіміздің асыл мұрасы - айтыс өнері екендігін білу. Күтілетін нәтиже Оқушылар казіргі кездегі  айтыстың алатын орнын , тәрбиелік мәнін ажырата білді. Модульдер  СТО, ОҮБ , АКТ,жаңаша әдіс тәсілдер  Әдістері 1 минуттық эссе, жеке (деңгейлік тапсырма), топтық жұмыс, рөлдік ойын Дереккөзі Ғаламтор материалдары, стикер, постер, түрлі-түсті маркерлер, смайликтер Электронды оқулық  
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні : 11.11.2014ж Сыныбы: 9а пәні : қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы

Қазіргі ақындар айтысы

Ортақ мақсат

Ақындар айтысы туралы түсінік беру , оқушыларды таланттылық, ақылдылық, шешендік сөздерінің маңыздылығы туралы түсінікті дамыту, таза сөйлеуге тәрбиелеу.

Негізгі идея

Қазақ өнерінде мәдениетіміздің асыл мұрасы - айтыс өнері екендігін білу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар казіргі кездегі айтыстың алатын орнын , тәрбиелік мәнін ажырата білді.

Модульдер

СТО, ОҮБ , АКТ,ЖӘТ

Әдістер

1 минуттық эссе, жеке (деңгейлік тапсырма), топтық жұмыс, рөлдік ойын

Дереккөзі

Ғаламтор материалдары, стикер, постер, түрлі-түсті маркерлер, смайликтер

Электронды оқулық

Сабақ барысы

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу

Оқушыларды түгелдеу

Оқу құралын тексеру

Топқа бөлу

Шеңбер болып тұрғызады.

« Күн сәтті болсын» 3 сөз арқылы бөледі.

Мұғаліммен сәлемдесу

Оқу құралын алу

Топқа бөліну

Оқушылар шеңбер болып тұрып, хормен бір-бірлеріне сәттілік тіледі.

Миға шауыл әдісі

Үй жұмысын тексеру сұрақ- жауап арқылы

  • Қазіргі заманғы қандай ақындарды білесіңдер?

  • Айтыс барысында нені байқайсыңдар?

  • Айтыстың тәрбиелік мәні бар деп ойлайсыңдар?

Үй жұмысын тексеру барысында қойылған сұраққа жауап берді.

«А» деңгейіндегі оқушылар дұрыс ,өз ойларын жеткізе алды.

«В» деңгейіндегі оқушылар нақты айт алмады.

«С» деңгейіндегі оқушылар жеке тапсырмаларға жауап берді. Қиындық туындағанда қасындағы оқушылар көмектесті.

Жаңа сабақ

Қазіргі ақындар айтысында айтыскердің бойында шабыт, өлеңді суырып салма айта білу, табан астында өлең шығара білу қабілеттері болу шарт.

СТО бойынша

Аты әйгілі болған айтыскерлердің айтысынан үзінді көрсету.Электронды оқулықты көріп тыңдайды.

-Нені байқадық?

-Қалай ойлайсыңдар айтыс несімен ерекшеленеді?

Мұғалімді тыңдайды.

Электронды оқулықты тыңдайды.

Өз ойларын нақты айта білді.Сұрақтарға жауап берді.

Ерекшелігін ажырата білді.

Тапсырма

А) Оқулықпен жұмыс.

Сұрақтар мен тапсырмалар;

Мұғалім рөлдік ойын ұйымдастыру.

3 топқа 3 түрлі тапсырма.

1.«Оптимистер» айтыстың болашағы, бүгінгі күндегі айтыстың өркендеуі;

2.«Пессимистер»,керісінше, айтыстың бүгінгі күнде дамуына кедергі болып жатқан себептер;

3.«Реалистер» айтыста бейнеленетін өмір шындығы туралы өз ойларын нақты айтылады.

Ә) 1 минуттық эссе

Айтыстың болашағы туралы не ойлайсыңдар?

Оқушылар 1.«Оптимистер», 2.«Пессимистер», 3.«Реалистер» болып 3 топқа бөлінді.

Топта тапсырма негізінде бірігіп, ынтымақтасып жұмыс жасайды.



1 минуттық эссесімен таныстырады.

Бағалау

топ ұтымды пікір айтқан топтарға қай тұстары ұтымды шыққандығы және неліктен олай болғандығы жайлы өз пікірлерін айтып, мына белгілермен бағалау жасайды.

Қазақ әдебиеті пәнінен Қазіргі ақындар айтысы тақырыбына жасалынған сабақ жоспары (9 сынып)- өте жақсы, Қазақ әдебиеті пәнінен Қазіргі ақындар айтысы тақырыбына жасалынған сабақ жоспары (9 сынып) - жақсы, Қазақ әдебиеті пәнінен Қазіргі ақындар айтысы тақырыбына жасалынған сабақ жоспары (9 сынып) -жаман емес.

Оқушылардың білімдері мен сабаққа қатысуы бағаланып отырды.

Рефлексия

Кері байланыс

«Бес саусақ» әдісі бойынша пікірлерін жазып түсіріңіздер.

Қазақ әдебиеті пәнінен Қазіргі ақындар айтысы тақырыбына жасалынған сабақ жоспары (9 сынып)

А4 парағына «Бес саусақ» әдісі бойынша берілген сұрақтарға өз ойларын жазып шығады.

Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу, орындалатын тапсырмалар бойынша сілтеме беру

Үйге берілген тапсырманы орындау жолын түсінді.

Не сәтті өтті?

Оқушылар рөлдік ойында өз ойларын нақты айта білді.

Не сәтсіз болды?

Эссе жазуда «С» деңгейіндегі оқушылардан «В» деңгейіндегі оқушылардың ойын нақты көрсете алмауы

Нені дамыта алар едім?

«С» деңгейіндегі оқушыларды дамыту, «В» деңгейіндегі оқушыларды тез ойлауға дағдыландыру.

Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп гимназиясында қазақ тілі пән мұғалімі Р.Адилбекова



© 2010-2022