Диктантты дұрыс жүргізіп жүрміз бе?

Сырттан қарағанда диктант жүгізуден оңай нәрсе жоқ сияқты. «Оқисың да жаздырасың, онда тұрған не бар?» деп ойлайды кейбір әріптестеріміз. Шынында да солай ма? Оқып жаздыра салумен іс біте ме? Диктант мәтініне, диктант жүргізуге ешқандай талап қойылмай ма? Әлде диктант жүргізуде әдістемелік шеберліктің қажеті жоқ па ?             Диктантты нағыз сабақ деп есептемейтін, тіпті оны сабақ қатарына жатқызбайтын мұғалімдерде кездеседі. Олардың түсінігінше диктантты толық мәніндегі сабаққа жатқызу қиы...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

А.Н.Идрисов « №23 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ



Диктантты дұрыс жүргізіп жүрміз бе?

Сырттан қарағанда диктант жүгізуден оңай нәрсе жоқ сияқты.

«Оқисың да жаздырасың, онда тұрған не бар?» деп ойлайды кейбір әріптестеріміз. Шынында да солай ма? Оқып жаздыра салумен іс біте ме? Диктант мәтініне, диктант жүргізуге ешқандай талап қойылмай ма? Әлде диктант жүргізуде әдістемелік шеберліктің қажеті жоқ па ?

Диктантты нағыз сабақ деп есептемейтін, тіпті оны сабақ қатарына жатқызбайтын мұғалімдерде кездеседі. Олардың түсінігінше диктантты толық мәніндегі сабаққа жатқызу қиын. Сонда диктантты сабақ қатарынан шығарып тастауымыз керек пе? Жоқ олай етуге болмайды. Диктант та сабақ. Өзіндік ерекшелігі бар сабақ. Өзінің өткізілу тәсілі жағынан да, дидактикалық мақсаты жағынан да өзгеше сабақ. Белгілі әдістемеші ғалымдардың сабақты дидактикалық мақсатына қарай бірнеше түрге бөліп жүргені белгілі. Ал, диктант жазбаша бақылау-тексеру сабағына жатады. Сонымен бірге диктантты өзінің алдына қоятын мақсат, мазмұны жағынан қайталау, жинақтау немесе білім сапасын анықтау сабағы деп те атауға болады.

Сөзді ең алдымен диктант мәтініне қойылатын талаптан бастағанды жөн деп отырмыз. Диктант мәтініне ең алдымен танымдылық, тәрбиелік талап қойылатыны белгілі. Мәтіннің тәрбиелік мәні оны танымдық, білімдік мәнінен бөлек алып қаралмайды, тұтас бірлікте қаралады. Мұның үстіне мәтін оқушыларға бұрыннан таныс болуы талап етіледі. Мұнда әңгіме мәтін туралы немесе оның тақырыбы, мазмұны туралы емес, әңгіме мәтіннің құрамына енген жеке сөздердің, берілген орфограммалар мен пунктограммалардың оқушыларға бұрыннан таныстығы туралы.

Ең алдымен мәтінде берілетін грамматикалық тапсырмалар-оқушылардың бұған дейін өткен және әбден игерген орфограммалары мен пунтограммаларынан алынуға тиіс. Екіншіден, оның көлемі, мазмұны, бағдарламалық талап деңгейінде болуы шарт. Мәтінде, сонымен бірге, жақында ғана өткен грамматикалық категорияларға байланысты тапсырмалар беруге болмайды. Өйткені, оны оқушылар әлі толық игеріп, үйреніп болған жоқ. Алайда алда-жалда тапсырма беріле қалса, одан жіберілген қателерді есептеуге болмайды.. Сонымен, диктант мәтініне қойылатын талаптар:

А) көлемі сынып ерекшелігіне сай болуы тиіс;

Ә) мазмұны тәрбиелік болуы керек;

Б) мәтіндегі орфограммалар мен пунктограммаларды оқушылар игерген, таныс, бағдарламаға сәйкес болуы қажет;

В) мәтіннің көркем шығармалардан алынған үзінді түрінде жеңіл болуын ескерген жөн.

Міне, диктант мәтініне осындай талаптар қойылады. Бұл талаптардың тұтас бір жерден (мәтіннен) табыла қоюы қиын мәселе. Ол үшін әрине мұғалімге біраз ізденіп, қарастыруға тура келеді. Ал, диктанттар жинағындағы мәтіндерден мұның бәрі үнемі табыла бермейді.

Енді диктантты жаздыруға байланысты қойылатын талаптарға тоқталсақ. Мұғалім мәтінді алдын-ала тағы бір қарап оқып шығуы, әсіресе сабақ жоспарын жасау кезінде аса қажет деп есептеледі. Сабақ жоспары демекші, мұғалімдер арасында диктантқа жоспар жасамайтындар да бар көрінеді. Ал, жасағандары болса, мәтіннің атын, өтетін күнін, айын, сыныбын жазумен ғана шектеледі. Сонда диктантты жүргізу, өткізу тәсілдерін былай қойғанда, диктанттың тақырыбы, мақсаты дегендер болмай ма екен? Әлде олардың қажеті жоқ па? Міне, диктантқа сабақ ретінде қарамаудың салдары қайда жатыр.

Енді сабақтың тікелей өзіне тоқталып өтсек. Диктант та әдеттегі сабақтардай ұйымдастыру кезеңінен басталады, яғни оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын байқау, қалам, дәптерлерінің (диктантқа арналған ) парта үстінде дайын жатуы талап етіледі. Бұдан әрі оқушылардың назары тақтаға аударылып, онда алдын-ала жазулы тұрған диктанттың тақырыбын дәптерлеріне жазып алу тапсырылады. Мұғалім мәтінді оқымас бұрын, диктант жазу тәртібі туралы қысқаша түсінік береді. Түсінік, негізінен, диктантты өткізу, жүргізу тәртібіне байланысты беріледі. Ең алдымен мәтінді оқу кезінде көлденең сөз, сұрақ болмауы тиіс. Жазу барысында қалып қойған оқушы болса, ол мұғалімнің ісі. Ал кейде, оқушылар тарапынан бір қажетті сұрақ бола қалса, жаздырып жатқан сөйлемді оқушылар түгел жазып біткеннен кейін қойылу керек. Диктант жазбас бұрын мәтіннің мазмұны,көлемі оқушыларға белгілі болуға тиіс. Мәтінді жаздыру барысында мұғалім тарапынан оқушыларға айтылатын ескертпе түріндегі сөздерді («тыңдап алыңдар», «осы сөйлемді қайталаймын» т. б ) жиі пайдалануға болмайды. Өйткені қапелімде мәтін арасына көлденең сөздің кіруі оқушыларды аз да болса алаңдатады, зейінін бөледі. Екіншіден, өзі жазып үлгере алмай отырған кейбір жаңғалақ оқушылар жаңағыдай көлденең сөздердің өзін ажырата алмай, мәтінмен бірге жазып та қоюы ғажап емес. Мәтінді оқуда қойылатын басты талап- тілдің орфоэпиялық заңдылығын сақтау болып табылады.

Мәтін оқылып болғаннан кейін, оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, жазылуы қиын сөздерді, бейтаныс сөздерді анықтап алу керек. Егер мәтінде ондай сөздер кездессе, оларды тақтаға жазып беруге болады. Сөйлем қысқа, тұжырымды, жай сөйлем түрінде болып келсе, оны 2 рет оқу жеткілікті. Ал сөйлем күрделі, құрмалас сөйлем болып келсе, оны сөз үзбелеріне бөліп оқуға болады. Диктант жаздырғанда бір жылдамдықпен қатып қалуға болмайды. Жылдамдық оқушылардың бәрі жазып үлгеретіндей болу керек. Оқушыларды тездетіп асықтырудың қажеті жоқ. Бала еркін, қысылмай жазу керек деп ойлаймыз.Сонымен, диктант жаздыруға қойылатын талаптар:

1. Диктанттың өтілетін күні, мақсаты, түрі оқушыларға 2-3 күн бұрын хабарланады.

2. Диктанттың қай түрі болсын мәтіні орфоэпиялық заңға сүйеніп, тиісті кідірістерді сақтай отырып оқылады.

3. Оқушыға таныс емес, өтілмеген тыныс белгісі кездессе, ол ескертіліп айтылады.

4. Жазылуы қиын сөздер мен термин сөздер кездессе, тақтаға жазып көрсетуге болады.

5. Егер оқушылар мағынасын түсінбейтін байырғы сөздер кездессе оған ауызша түсінік беріледі.

6. Мұғалім мәтінді оқушы үлгеріп жаза алатындай жылдамдықпен, анық, барлығы еститіндей дауыспен, орынсыз ескертпе жасай бермей оқуы керек.

7. Мәтін негізінен үш рет оқылады;

а) бастауыш сыныптарда мазмұнымен таныстыру мақсатында 2 рет оқылады;

ә) жазғызу мақсатында;

б) толық тексерту мақсатында оқылады.

Енді оқушыларға қойылатын талаптарға қысқаша тоқталып кетсек:

1. Мұғалімнің диктантқа байланысты берген тапсырмаларын орындау керек.

2. Сабақ барысында зейін қоя тыңдап, асықпай, қатесіз жазуға тырысу керек.

3. Шала тыңдап, қалай жазу керектігін мұғалімнен, қасындағылардан қайта-қайта сұрап басқаларға кедергі жасамауы керек.

4. Таза, ұқыпты жазуды естен шығармау керек.

Қысқасы, диктантты жүргізу әдістемесін білмеудің салдары оқушылардың жұмыс сапасына ғана емес, олардың ерік-жігер, зейін қабілеттерін арттыруда да белгілі дәрежеде кері әсер етіп, зардабын тигізері хақ. Міне, сондықтан бұл жұмысқа ерекше назар аудару керек деп білеміз.





© 2010-2022