Құстар - біздің досымыз

Білім саласы: Қатынас. Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту. Сурет Тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз» Мақсаты: Табиғат байлығын қорғау, құстардың тыныс тіршілігімен танысу,  құстардың пайдасы оларды қорғау. Тіл мәдениетін жетілдіру. Шығармашылығын дамыту. Көрнекілігі: Тақырыптық құстардың суреттері, магнит тақта, теледидар, DVD Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын, жұмбақтар, тиым сөздер, суретті бояу. Билинвистикалық әдіс: Құстар – птицы Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті     Мотивациялық қозғаушы                   Балалар әсем әуенмен топқа кіріп, шеңбер жасап тұрады. -         Балалар, сендер бір бақшаға, бір топқа келесіңдер. Өзара тату, доссыңдар. Сол достықты қимылмен көрсетейікші. (балалар қол шапалақтап, кеуде түйістіріп, бір-бірінің қолын алып көрсетеді) «Біз доспыз – сіздерге де достық, жақсылық тілейміз» деп тілек білдіреді.         ...   Күтілетін нәтиже: Жасайды: Құстардың тіршілігімен танысады. Түсінеді: Құстардың аттарын атайды. Қолданады: Құстарға қамқорлық жасау.
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім саласы: Қатынас. Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту. Сурет

Тақырыбы: «Құстар - біздің досымыз»

Мақсаты: Табиғат байлығын қорғау, құстардың тыныс тіршілігімен танысу, құстардың пайдасы оларды қорғау. Тіл мәдениетін жетілдіру. Шығармашылығын дамыту.

Көрнекілігі: Тақырыптық құстардың суреттері, магнит тақта, теледидар, DVD

Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын, жұмбақтар, тиым сөздер, суретті бояу.

Билинвистикалық әдіс: Құстар - птицы

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы




Балалар әсем әуенмен топқа кіріп, шеңбер жасап тұрады.

  • Балалар, сендер

бір бақшаға, бір топқа келесіңдер. Өзара тату, доссыңдар. Сол достықты қимылмен көрсетейікші. (балалар қол шапалақтап, кеуде түйістіріп, бір-бірінің қолын алып көрсетеді)

«Біз доспыз - сіздерге де достық, жақсылық тілейміз» деп тілек білдіреді.



Шаттық шеңберді қимылмен жасайды.

Ұйымдастырушылық, ізденімпаздық




































Рефлексивті коорекциялаушы



  • Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?

  • Суретке қарап жыл мезгілдерін атап айту.

  • Қазір қай мезгіл?

  • Көктем неше айдан тұрады?

  • Көктем мезгілінің соңғы айы?

Өткен оқу іс-әрекетімізді есімізге түсірейік.

Ормандағы аңдар.

Қандай орман аңдарын білесіңдер?

«Суретші қатесін тап» ойыны арқылы есімізге түсірейік. Тақтаға назар аударайық.

Ойынның шарты:

Орман аңдары бейнеленген өздеріне ұнаған аңдарды алып, қандай аң екенін сипаттау. Аңдар суретін біртіңдер алғанда астынан орман суреті шығады.

  • Түлкі, ол қу аң. Балық жейді.

  • Қасқыр - жыртқыш аң, ет жейді.

  • Аю - жыртқыш аң, бал жейді.

  • Қоян - қорқақ аң, сәбіз жейді.

Не көрдіңдер?

Рахмет, өткен оқу іс-әрекетін жақсы меңгерген екенсіңдер.

Жұмбақ жасыру.

Аспанда ұшады тізіліп,

Біз қараймыз қызығып.

Орманда жоғары,

Ағашқа қонады

Тұмсығын балға етіп,

Тоқ-тоқ соғады

Жарайсыңдар балалар!

Жұмбақтың шешуі құстар жайлы екен.

Ал, бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы:

«Құстар - біздің досымыз»

Құстар орманда, тауларда, ағаштардың басында мекендейді. Құстар; үй құстар, дала құстары болып екіге бөлінеді. Құстардың қандай пайдасы бар?

Құстар ағаштарды құрт, құмырысқадан тазартады.

Құстар - құрт, құмырысқа, шыбын-шіркеймен қоректенеді. Құстар- табиғаттың бір бөлшегі. Слайд. Экранға назар аударайық.

  1. Тау

  2. Су

  3. Орман

  4. Құстар - торғай, тоқылдақ, қарлығаш, сауысқан, қарға.

Үн таспадан құстардың даусын, дыбысын тыңдау.

Бірі қанқ - қанқ етеді,

Бірі санқ-санқ етеді

Бірі шиық-шиық етеді

Бірі қарқ-қарқ етеді

Құстар легі қашанда

Үзілмейді аспанда

Құстар сөйлей білмеседе өздеріне тән дыбыс шығарып, бірін-бірі жақсы түсініп, және сезеді. Біз құстарға қамқорлық жасауымыз керек.

  1. Ағаш басына ұя жасау

  2. Жеміс сауыт іліп қою

Ғажайып сәт:

Торғай ағаштың айналасында шырылдап ұшады.

Торғайға не болды екен? Неге мазасызданып ұшып жүр? Көрейін. (ұядан кішкене балапаны жерге құлап қалыпты, соған көмек іздеп шырылдаған екен-ау). Балапанды өз ұясына салу. Торғай рахметін білдіргендей бір биік, бір төмен ұшып самғай жөнелді.

Балалар, сендер құстар жайлы тақпақ білесіңдер ме?

Арайлы:

Шыр-шыр еткен торғайды,

Қорғамасаң болмайды.

Кіп-кішкене торғайлар

Ағаштарды қорғайды


Аршат:

Келіп көктем құстары,

Бау-бақшада ән салды

Оларды жас достары,

Ұя салып, қарсы алды



Сабин:

Торғай-торғай, тоқылдақ

Жерден тары шоқып -ап

Бөтегесі бұлтиып

Шиық-шиық етіп отырмақ

Жарайсыңдар балалар!

Балалар құстардың ішінен дайын бейнесін түрлі-түсті қаламмен бояймыз.

Торғай суретімен таныстыру.

Құстардың қанаты, тұмсығы,

Мамық қауырсыны құйрығы болады. Түсі қоңыр ала.

Өзіңдік жұмыс

Балаларға қажетті құралдар таратылып, бағыт-бағдар беріледі. Ұқыпты жұмыс жасауға жағдай жасалады.

Балалардың жұмысын жинап, талдау, салыстыру, мақтап-мадақтау.

Ал, енді балалар денемізді сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Қарлығашқа ұқсайық

Қане, қанат қағайық

Ұшып-ұшып алайық

Орнымызды табайық

Құстар сөзінің баламасын бірге қайталайық.

Құстар - птицы.

Тиым сөздер

  • Құстың ұясын бұзба.

  • Құстың жұмыртқасын жарма

Ойын:

Дидактикалық ойын: «Құстар не істейді.»

Қимылмен көрсету: 3-4 топқа бөлініп, (ұшып кетеді, ұшып келеді, шоқиды, тығылады, жылынады)

Балалар, қараңдаршы біздің қыздар аппақ болып киініп келіпті. Қыздар неге әдемі киініп келдіңдер?

Ортада бір топ ару қыздар. «Ақкөгершін» биі. Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не жайлы таныстық?

Бізге қонаққа кім келді?

Кімге көмек көрсеттік?

Құстарға ұя жасап қамқор боламыз ба?

Қыздарымыз - бұл-бұлдай әнші

Ұлдарымыз - батыр, қыран құстай болып тек биіктерден көріне берсін - дей отырып, оқу іс-әрекетті осымен аяқтаймыз.

Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!

Төрт

Қыс, көктем, жаз, күз

Көктем

Үш айдан. Наурыз, сәуір, мамыр

Мамыр






Орман суреті


Тырналар


Тоқылдақ













Білеміз.









Өзіңдік жұмыс жасалады.



Сергітуді қимылмен жасайды.





Біз билейміз.

Құстар

Торғай

Балапанға

Боламыз


Тыңдайды

Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Құстардың тіршілігімен танысады.

Түсінеді: Құстардың аттарын атайды.

Қолданады: Құстарға қамқорлық жасау.



© 2010-2022