Қазақ тілі мен орыс тілі сабақтарында нәтижеге бағытталған тапсырмаларды құрастырудың әдіс-тәсілдері (Жоба)

Қазақ тілі мен орыс тілі сабақтарында нәтижеге бағытталған тапсырмаларды құрастырудың әдіс-тәсілдері (Жоба)
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ


Қазақ тілі мен орыс тілі сабақтарында нәтижеге бағытталған тапсырмаларды құрастырудың әдіс-тәсілдері (Жоба)


Кафeдра: Тұлғаны тәрбиeлeу жәнe әлeумeттeндіру


Жоба


Қазақ тілі мен орыс тілі сабақтарында

нәтижеге бағытталған тапсырмаларды

құрастырудың әдіс-тәсілдері




Тыңдаушы:

Тасқалиева Гүлсезім Нұрболатқызы -Ж.Досмұхамедов атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Жетекшісі: Р.Ж. Бахтиярова


Жұмысты өткізу мeрзімі:

Орал - 2014

Мазмұны

бeт


  1. Кіріспe .................................................................................................................

1.1. Жобаның қысқаша сипаттамасы ..........................................................

1.2.Жобаның мақсаты мeн міндeттeрі .........................................................

1.3.Күтілeтін нәтижeлeр .................................................................................


  1. Жобаның нeгізгі мазмұны ....................................................................

2.1. Тeориялық сипаттамасы ........................................................................

2.2.Жобаның өнімін сипаттау ......................................................................

2.3.Жобаны жүзeгe асыруда іс-әрeкeтті жоспарлау ..................................

(жобаны құруда міндeттeр кeшeні мeн жұмыс түрлeрі)

  1. Глоссарий ...............................................................................................


  1. Әдeбиeт ......................................................................................................


  1. Қосымша

5.1. ....................................................................................................................

5.2. ....................................................................................................................

5.3. ....................................................................................................................

5.4. ....................................................................................................................


Кeлісілгeн:

ОӘЖ жөніндeгі дирeктордың орынбасары:

Кафeдра мeңгeрушілeрі:

Мазмұны:

І. Кіріспе

Нәтижеге бағытталған білім беру - заман талабы

1.1. Нәтижеге бағытталған білім туралы түсінік

1.2. Нәтижеге бағытталған білім берудің мақсат-міндеттері

1.3. Күтілетін нәтижелер

ІІ. Негізгі бөлім

Құзыреттілікке бағытталған білім берудің маңыздылығы

2.1. Құзыреттілік ұғымы

2.2. Құзыретті маманға бағытталған сапалы білім

2.3. Құзыреттілікті қалыптастыратын тапсырмалардың түрлері

Өзектілігі: Бірнеше талаптарды ескере отырып дайындалған, құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларға кез-келген пәннен белгілі тақырып бойынша жобалар дайындау, бағдарламалар, эссе жазу, педагогикалық жағдайларды шешу, талқылау жатқызуға болады.

1.1. Жобаның қысқаша сипаттамасы

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің биылғы Жолдауында «XXI-ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»-деген болатын.

Жобада Елбасының даналығы басшылыққа алына отырып, әлемдік білім кеңестігіне шығу мақсатында және рухани деңгейі биік тұлға қалыптастыруда, білім үрдісінде үздіксіз бақылау жұмыстарын жүргізу, оны қорыту, жүйелеу, бағалау ерекше орын алады.

Мектеп мұғалімдерінің оқу үрдісінде басшылыққа алатын басты құрал - пән оқулығы десек, жеке тұлғаның қалыптасуы үшін әр пәннің өзіндік орны бар. Әрбір пән өмір құпиясын өзінше бедерлейді. Ал мұғалім өз пәнінің шебері болуға және әдісті көп білуі тиіс. Әр сабақ үрдісінде жаңа технологияларды пайдаланып, баланы тану, зерттеу қажет екені өмір талабы. Бақылау жұмыстарын әр түрлі сабақ формалары арқылы жүргізу нәтижесінде, оқушының өзіндік көз қарасы мен ой-пікірін қалыптастыру, бал бойындағы ұлттық психологияны дамыту, оқушының дарынын жетілдіру мақсатында жеке жұмыс жүргізу, оқытудың түсінуге оңайлылығы мен, соған жету жолдарын іздестіруде дәстүрлі, дәстүрлі емес сабақ түрлерін жүргізу тиімді. Қазіргі таңдағы білім саласында, жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, дүние - танымы жоғары, білімдік бәсекеге қабілетті жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Жобада құзыретті мамандарды даярлауда қолданылатын әдіс-тәсілдер, нәтижеге бағытталған білім беру мазмұны жолдары қамтылғанАталған мақалада болашақ кәсіби маманның бойына құзыреттілігін қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік беретін тапсырмалардың маңызы, ерекшеліктері қарастырылған. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар үлгілері көрсетілген.

Тірек сөздер: кәсіби білім беру, бәсекеге қабілеттілік, модернизация, құзыреттілік (негізгі, кәсіби, оқу, әлеуметтік), бейімделу, әлеуметтеу, интеграция, ақпараттық, комуникативтік, мәселенің шешімін табу құзыреттілігі, құзыреттілікті дамытатын тапсырмалар, құзыреттілікті дамытатын тесттер.

.

1.2 Мақсаты: Оқушының оқу-танымдық қабілеттерін дамыта отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру да әр түрлі жаңа технологияларды қолдану арқылы баланы тану, зерделеу.

Міндеттері:

-Жеке тұлға қалыптастыру;

-Білім стандартына сай толық нәтиже беру;

-Оқу нәтижесін шынайы дәл бағалауға қол жеткізу;

-Пәннің теориялық негіздерін білу;

-Оқушыны дамытуға ынталандыру және кеңес, бағыт-бағдар беру;

1.3 Күтілетін нәтижелер:

-Пәнге қызығушылығы және жауапкершілігі;

-Адами құндылықтары қалыптасады;

-Өз бетінше ізденулері;

-Өзін-өзі бағалай білуі;

-Өздеріне сенімділіктері артады.

Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың байқағыштық, логикалық ойлау қабілeттрін дамытады. Сабақ нәтижeсіндe кәсіби құзырeттіліктің төмeнгі сапалары: конструктивтік, ұйымдастырушылық, пeдагогикалық-психологиялық қабілeттілік, коммуникативтік, тұлғалық-іскeрлік, ақпараттық-тeхнологиялық, мәдeни-танымдық - оқушы бойында қалыптастырады.

Қорыта айтқанда, кәсіби даярлықта әрбір кәсіптік оқу пәнінің білім мазмұны мeн әдістeмeлік жүйeсі нeгізіндe жeкe тұлғаға қойылатын кәсіби дeңгeйлі сауаттылық шeшімін табу кeрeк. өйткeні, кәсіби даярлықта пeдагогкe, қажeтті кәсіби құзырттіліктeрді сапалы мeңгeрeтінінe сөз жоқ.

Бұл пікірімзді ағартушы-ғалым А. Байтұрсыновтың «Бала оқытуын жақсы білeйін дeгeн адам әуeлі балаларға үйрeтeтін нәрсeлeрін өзі жақсы білуі кeрeк», - дeгeн түйінді дәлeлдeмeсімeн нақтыласақ, жeткілікті.

«Құзырлылық - тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениетімен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті» деген болатын .

Т.Г. Браже.

Қазіргі таңда жалпыға бірдей білім беру кеңістігінде, болашақ кәсіби мамандарды дайындауда, мұғалімдер мен оқытушылардың алдында жастарымызды қалайша қоғам талабына сай азамат етіп, қандай жағдайда қажетті дағдыларды қалыптастырып дамытуға, яғни жастардың әлеуметтенуіне бағытталған оқу үрдісін ұйымдастыруда теориялық және практикалық дайындық арасын қалайша байланыстыруға болады, еңбек нарығына тез бейімделетін оқушы мен студентті дайындаудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері қандай деген сауалдар тұр.

Кәсіби білім берудің негізгі мақсаты - өзінің мамандығына сай келетін квалификацияланған, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өзінің мамандығын еркін меңгерген, түрлі әрекет салаларынан хабары бар, әлемдік стандарт деңгейі бойынша тиімді жұмыс жасай алатын, кәсіби өсуге бейім, әлеуметтік және кәсіби мобилді жұмысшы дайындау болып табылады. Әрине, болашақ маманның тұлғасы тек кәсіби білім беру мекемесінде емес, сонымен қатар, мектепке дейіңгі мекемеде, орта мектепте қалыптасады.

Бүгінгі еңбек нарығындағы бәсекегеқа білеттілік жұмыс берушінің талаптарына оқу орнын бітіргелі тұрған түлектің кәсіби дайындығының сәйкес келуімен анықталады. Жұмыс беруші жаңа технологияларды игерген, өзінің білімін практикада қолдана алатын, өзіне серіктес бола алатын, мекеме басшылығының мақсатын түсініп, жүзеге асыруға қабілетті, белсенді адамды алуды көздейді. Жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, кәсіби мобильді жұмысшы дайындау оның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселелеріне тіреліп тұр.

Осыған орай, қазіргі қоғамымыздың өркениеті кезеңдік білім берудің модернизациялануын қажетсінуде. Модернизация - білім берудің жаңа моделдері мен құндылықтар жүйесінен тұратын әлеуметтік және мәдени үрдіс болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда құндылықтардың негізгі құрылымынан құзыреттілік ұғымы орын алып келеді.

Жак Делордің пікірінше: «Құзыреттілік - тек кәсіби біліктілікті арттыру үшін бір нәрсені үйрену емес, кең мағынасында түрлі шиеленісті жағдайларды шеше алуға және топпен жұмыс жасауға мүмкіндік береді». Барлық құзыреттіліктер қоғамда қалыптасады, дамиды, шыңдалады. Мазмұны бойынша әлеуметтік бола тұра, қоғамда көрініс табады. Құзыреттіліктердің түрлері сан-алуан. Біз, әзірше негізгі түрлерін атауды жөн санап отырмыз:

негізгі - адамның қоғамда қалыпты өмір сүруін қамтамассыз ететін негізгі құзыреттіліктер;

кәсіби және оқу құзыреттіліктері аталған әрекет түрлерінде қалыптасып, көрініс береді;

әлеуметтік - адамның қоғаммен, әлеуметтік топтармен өзара әрекетімен мінезделеді.

Аталған құзыреттіліктерді болашақ кәсіби маманның бойына дарытып, қалыптастыратын әрине, біз оқытушы, мұғалімнің құзыреттілктеріне тоқталмай кету мүмкін емес.

Психологиялық-педагогикалық білім беру теорияларында құзыреттілік оқытушының кәсіби педагогикалық мәдениетіне, кәсіби педагогикалық әрекетке қажетті дайындалу шартына қажетті сапалар жиынтығы.

А.В.Хуторский құзыреттілікті тұлғаның негізгі даму сапаларын қамтитын, нақты тұлғаның интегралды дайындық деңгейімен анықтаса, Л.М.Митина құзыреттіліктің құрылымына мұғалімнің сабағына қажет негізгі педагогикалық қабілеттіліктерді жатқызды:

1) оқушылардың білім деңгейін бағалау қабілеттілігі;

2) оқушыларға материалды жазбаша және ауызша жеткізе алу қабілеттілігі;

3) сабақта оқу әрекетін ұйымдастыра алу қабілеттілігі;

4) оқушылармен диалог құра алу қабілеттілігі;

5) оқытудың түрлі әдістерін қолдана алу қабілеттілігі;

6) оқушылармен қарым-қатынасқа түсу барысында жағымды эмоциялар мен сезімдерді бере алу қабілеттілігі;

7) сабақ барысында тәртіпті ұстай алу қабілеттілігі.

В.А.Сластенин педагогикалық құзыреттіліктер құрылымының бірліктеріне:

- педагогикалық рефлексия;

- эмоционалды тұрақтылық;

- педагогтың индивидуалды ерекшеліктері;

- еңбекке жағымды көзқарасты жатқызады.

Сонымен, құзыреттілік дегеніміз - кәсіби біліктілікті арттыру үшін бір нәрсені жасап үйрену емес, кең мағынасында алғанда, түрлі жағдайлардағы қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік беретін сапалардың жиынтығы. Құзыреттілік түсінігінің мағынасы «білемін» сөзіне қарағанда «қалай жасайтынымды, әрекеттенетінімді білемін» деген сөз тіркесіне жақын келеді.

Білім алушылар мен мұғалімдердің құзыреттілік мәселесін зерттеу нәтижесінде, құзыреттілік білім, білік, дағдыларды шығармашылық негізде жүзеге асыра білу кабілеттілігі деп түсінеміз. /Аганина / .

Бүгінгі таңда құзыретті адамдарды дайындау үздіксіз білім берудің басты мақсаттарына айналды десек те болады. Осыған орай, ҚР-ның үздіксіз білім беру құрылымы (бакалавриат - магистратура - PhD докторантура) бойынша, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде болашақ PhD докторларды дайындауда психологиялық-педагогикалық мамандықтар кафедрасында 2-ші курс докторанттары үшін арнайы дайындалған «Құзыреттілік педагогика» атты дәріс сабақтары оқылып жатыр. Құзыреттілік педагогика пәнінің мақсаты білім беру саласында құзыреттілік тұрғының ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы білімдерді қалыптастырып, жаңа формациядағы болашақ құзыретті мамандарды дайындаудың психологиялық-педагогикалық шарттарын үйрету болып табылады. Өмір бойы үнемі өзін дамытумен айналысатын, өзгеріске ұшыраған әлеуметтік ортада өзінің білімін қолдана алатын қабілеті бар адамды құзыретті деп айтуға болады. Құзыретті тұлға - жаңа сапалы білім беруге қол жеткізудің бірден бір тәсілі ретінде әлемдік білім беру кеңістігінде білім беру жүйесінің басымды бағыттарының біріне айналып отыр. Педагогтар жастардың қоғаммен өзара қатынас жасауға дайындығын және қабілетін қарастыра келе, бейімделу, әлеуметтену және интеграция түсініктеріне анықтама беру қажет екендігін айтуда. Бейімделу - жаңа өзгеріске ұшыраған әлеуметтік ортаға адамның бейімделуімен түсіндіріледі, өзара әрекет жасаудың бірінші деңгейі.

әлеуметтену - қоғамда жас адамның әлеуметтік және мәдени нормаларды тиімді игерумен анықталады, өзара әрекеттің жоғары деңгейі.

интеграция (қоғам)- жалпыадамзаттық құндылықтарға сай келіп, жастардың шығармашылық белсенділігімен мінеделеді, өзара әрекеттің ең жоғары деңгейі. ҚР-ның «2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында» құзыреттілікке-бағытталған білім беруге көшу туралы айтылып, «ҚР-ның Білім және Ғылым министрлігі «Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт» жобасында үш негізгі құзыреттілікке басты назар аударылған:

ақпараттық құзыреттілік;

коммуникативтік құзыреттілік;

мәселенің шешімін табу құзыреттілік .

Сонымен, аталған құзыреттіліктерді қалыптастырып, дамыту үшін ең алдымен кіріктірілген сапалар жүйесін дамытатын педагог кадрлардың сабақ, дәріс барысында қолданатын құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған тапсырмалардан тұратын оқулықтар жазылуы қажет. Қазіргі таңда оқулықтарда, оқу-құралдарында аталған тапсырмалар жеткіліксіз деңгейде болуы құзыреттілік тапсырмалар құрастыру, оның түрлері мен құрылымын зерттеу өзекті мәселеге айналып отыр. Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған (ҚҚБ) тапсырмалар дәстүрлі сабақ беру барысын мүлдем өзгертеді. Олар білім алу мен біліктілікті қалыптастыруға негізделгенімен практикалық әрекетте жинақталған білімді қолдануды қажет етеді. ҚДБ тапсырмалар өмірлік жағдайларға, өзекті ақпараттарға негізделген нақты құрылымы бар, жалпы оқу икемділіктерді қолдануын талап ететін іс-әрекеттенуге итермелей отырып, болашақта өмір тәжірибиесінде кездесетін күрделі жағдайлардан шығатын жолды көрсетеді және баланың қалыпты өмір сүруіне бейімдеп, дайындайды. Сол себепті де ең алдымен құзыреттілікті дамытуға бағыттылғантапсырмалар және құзыреттілікке бағытталған тестілерді дұрыс құрастырудың құрылымын, бірліктерін үйренуді талап етеді. Ол үшін ең алдымен құзыреттілікті дамытуға бағыттылған тапсырмалар және құзыреттілікке бағытталған тестілердің ерекшеліктерін анықтап алайық:

Құзыреттілікті дамытуға бағыттылған тапсырмалар - коммуникативті (бірігіп әрекет және қарым-қатынас жасауға қабілетін дамыту) және ақпараттық (түрлі бағыттағы ақпаратпен жұмыс жасау иекмділігі) құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған сыртқы ақпараттармен жұмыс жасауға негізделген тапсырмалар.

ҚР-ның Білім және Ғылым министрлігі «Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт» жобасында мәселені шешу құзыреттілігі:

- түрлі жағдайлардағы мәселені анықтау, жауапкершілікті шешімдер қабылдау, қабылданған шешімді бағалау;

- өзінің әрекетіне мақсат қою, оны жүзеге асырудың жағдайларын анықтап, жоспарлау, ұйымдастыру үрдісі;

- рефлексия және өзіне баға беру, өзінің әрекетіне және нәтижесіне баға беру;

- адекватты жағдайларда өзі үшін іс-әрекеттің және мінез-құлықтың нормаларын таңдау;

- алға қойған міндеттерге технологияларды таңдап, технология бойынша әрекеттер жасау.

Ақпараттық құзыреттілік:

- ақпараттың сыни мәнін түсіну негізінде саналы шешімдер қабылдау;

- өз бетімен мақсат қоя білу және оны негіздей алу, танымдық әрекетті жоспарлау және жүзеге асыру;

- қазіргі ақпараттық-коммуникативтік технология көмегімен ақпаратты өзбетімен танып, талдау, іріктеу, сақтау және нәтижесін шығару.

- логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпаратты өңдеу;

- өзінің әрекетін жүзеге асыру және жоспарлау үшін ақпаратты қолдану.

Коммуникативті құзыреттілік:

- нақты өмірлік жағдайларда алға қойған міндеттерді орындау үшін жазбаша, ауызша түрлі қарым-қатынас құралдарын қазақ және басқа да тілдерде қолдану алуы;

- коммуникативті тапсырмаларды дұрыс шешу үшін стильдерді іріктеп, дұрыс қолдана алуы;

- этикет нормасына сай өзінің көзқарасын көрсете алуы;

- өзге мәдениет өкілімен, басқа көзқарасты ұстанатындармен көнфликтілік жағдайларды шешуге мүмкіндік беретін нәтижелі өзара әрекетті жүзеге асыру;

- ортақ нәтиже алу үшін түрлі көзқарасты ұстанатын топ адамдарымен қарым-қатынасты құра алу.

Демек, аталған тапсырмалар жоғарыда көрсетілгендей міндеттерді, талаптарды орындауға бағытталуы керек.

Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды орындау барысында оқушыларда, студенттерде ойлау мәдениеті, талдау рефлексиясына дағды, өзбетімен іздену және қабылдаған шешіміне жауапкершілік қасиеттері қалыптасады.

Сонымен, құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмалардың келесідей құрылымнан тұруы қажет:

стимул - тапсырмалардың негізіне еніп, оны орындауға түрткі болады; Есеп мәтіні оқушыға тапсырманы орындауға қажетті іс-әрекеті көрсетіп тұрады;

ақпараттың көзі тапсырманы дұрыс орындау үшін қажетті материалдан тұрады (текст, сызба, карта, сурет, графика, диаграмма т.б);

бағалау құралы жауаптың көрсеткіші мен критериясын анықтайды.

ҚҚБ тестілер - коммуникативті және ақпараттық құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған сыртқы ақпараттармен жұмыс жасауға негізделген тапсырмалар кещені. Бірақ, негізгі айырмашылығы метапәндік нәтижелерді және құзыреттіліктердің қалыптасауын анықтайды. Сонымен қатар пәндік нәтижелерді бағалауға мүмкіндік береді;

Зерттеушілер ҚҚБ тестілерді құрастырудың әдістемесі: ақпараттардың негізгі көздерін іздеу (сурет, сызбалар, диаграммалар, тексттер); түрлі деңгейлі сұрақтарды дайындау. Ақпараттарда тікелей жауап болмауы қажет, яғни оқушының, студенттің өзі мәселені шешуі қажет, ақпарат мәселені шешуге қосымша көмек болатындай құрастырылады; жұмысты бағалау критериясы болуы қажет.

ҚҚБ тапсырмалар және тестілер оқушының, студенттің өзбетінше шешім қабылдауына, өзінің жұмысын сатылап ұйымдастыруға және мәселені шешуге, өмірлік тәжірибиесін қолдануға, оқиғаларды, іс-әрекеттерді, қылықтарды бағалауға, салыстыруға, ақпараттарды талдауға, өңдеуге, іздеуге, пайда болған қиыншылықтарды шешуге және жалпы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін құзыреттіліктерді дамытады.

Қорытынды

ҚҚБ тапсырмалардың белгілері: өмірлік жағдайларға негізделеді; оқушылардың, студенттердің жас ерекшелік деңгейлеріне бейімдеу, дамытушы; бір білім беру саласы шеңберінен шығады, яғни жан-жақтылығымен ерекшеленеді; Қажетті мәліметтердің бөлімі айтылмайды; оқушылыра, студенттер өз бетінше арнайы әдебиеттерді пайдалана отырып нәтижеге келеді.

ҚҚБ тапсырмаларға қойылатын талаптар:

тапсырманы өзбетінше толықтыру үшін белгілі үлгіні қайта жаңғыртуды қайталамайтындай құрастырылуы;

таныс емес мәселені немесе жағдайды талдау үшін зерттелмеген бағыттарды өңдеуді және іздеуді қажет ететін тапсырмаларды қажет етеді. Сонымен қатар мәселені шешу барысында тапсырманың мазмұны практикалық маңыздылықтан немесе тұлғалық, әлеуметтік және танымдық қызығушылықтардан тұруы мүмкін;

тапсырмалар ауызша немесе жазбаша ойлануға байланысты жаңа ойлар мен болжамдардан тұруы мүмкін: мысалы, суреттеу тапсырмасы, пікір аламасуға арналған тапсырмалар, жазбаша немесе ауызша қорытынды шығару, ұсыныс айту, түсіндіру, есеп беру, болжамды негіздеу, бағалау, пікірін дәлелдеу т.б.; барлық маңызды дағдыларды қалыптастырудың тиімділігін жоғарылату мақсатымен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дұрыс қолдану

Әр құрастырылған ҚҚБ тапсырмалар нақты талаптарға жауап беруі қажет, яғни аталған тапсырмалар оқушыларда, студенттерде бар ақпарат пен білімді немесе жеке әрекеттерді қайта жаңғыртуға емес, оқушылардың, студенттердің іс-әрекеттерін ұйымдастыратындай құрастырылуы қажет. Кез-келген сабақ барысында ҚҚБ тапсырмаларды шешу пән бойынша білімдерді сапалы меңгеруге және практикада қолдануға мүмкіндік береді.

ҚҚБ тапсырмалар оқушы, студент әрекетінің жұмыс бағытын өзгертіп өзбетінше оқу әрекетін ұйымдастырады. Оқытушы негізгі құзыреттіліктерін дамытатын және қалыптастыратын ұйымдастырушы, кеңес беруші қызметін атқаруы қажет. ҚҚБ тапсырмаларды орындай отырып, оқушы, студент тек оқу бағдарламасының шеңберінде білім алып қоймай, өзіндік білім алу, өзін дамытумен айналысуға ниеттендіреді. Тапсырмаларды нәтижелі орындау арқылы оқушы, студент қазіргі қоғам талабына сай өзін жоғары деңгейде дамытып, өзбетінше әрекет жасай алатын және өзбетінше шешім қабылдауға дайын болады. Сонымен, біз егер қазіргі қоғам талабына сай, өмірге дайын, өзінің білімділігін арттыра, өзін дамыта, өзін тәрбиелей алатын маман дайындауымыз үшін, болашақта оқушы немесе студент кездесуі мүмкін шиеленісті жағдайларға төтеп бере алатын және одан шығатын жол табуға мүмкіндік беретін тапсырмалардан тұратын оқулықтар қажет. Әрине, тұлға бойына құзыреттіліктерді дамытуда педагогикалық кадрлардың орны әрқашан бірінші орында тұрады. Н.В.Кузьмина педагогикалық әрекетті зерттей отырып, эксперименттің нәтижелерін жалпылай келе, келесідей қорытындыларға келді: «оқытушының жұмыс жүйесі оқушы дамуының маңызды факторы, ал оның дарындылығы - оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің негізгі шарты болып табылады» дегенді еске түсірсек, педагогикалық кадрларымыздың сабақ барысында жоғарыда айтылғандай тапсырмаларды барынша нәтижелі, тиімді етіп ұйымдастырған жағдайда ғана біздің жастарымыз ертеңгі күннің кез-келген қиындығына төтеп бере алатындығына сеніміміз мол.

Жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып дайындалған, құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларға кез-келген пәннен белгілі тақырып бойынша жобалар дайындау, бағдарламалар, эссе жазу, педагогикалық жағдайларды шешу, талқылау т.б. жатқызуға болады.






Глосарий

Әлеуметтену - қоғамда жас адамның әлеуметтік және мәдени нормаларды тиімді игерумен анықталады, өзара әрекеттің жоғары деңгейі.

Бейімделу - жаңа өзгеріске ұшыраған әлеуметтік ортаға адамның бейімделуімен түсіндіріледі, өзара әрекет жасаудың бірінші деңгейі.

Интеграция (қоғам)- жалпыадамзаттық құндылықтарға сай келіп, жастардың шығармашылық белсенділігімен мінеделеді, өзара әрекеттің ең жоғары деңгейі.

ҚҚБ тестілер - коммуникативті және ақпараттық құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған сыртқы ақпараттармен жұмыс жасауға негізделген тапсырмалар кешені.

Стимул - тапсырмалардың негізіне еніп, оны орындауға түрткі болады;

құзыреттілік дегеніміз - кәсіби біліктілікті арттыру үшін бір нәрсені жасап үйрену емес, кең мағынасында алғанда, түрлі жағдайлардағы қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік беретін сапалардың жиынтығы. Құзыреттілік түсінігінің мағынасы «білемін» сөзіне қарағанда «қалай жасайтынымды, әрекеттенетінімді білемін» деген сөз тіркесіне жақын келеді.


4. Әдебиеттер тізімі:


  1. Дауыс және көрініс журналы №2 2005ж.

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы №3 2005ж.

  3. Қазақстан мектебі журналы №1,2,3 2009ж.

  4. Қазақ әдебиеті мен қазақ тілі 11 сынып

  5. Бала тәрбиесі 5-2007

  6. Тәрбие құралы 4-2009

  7. Мектеп директорының орынбасары 2-2005

  8. Әдіскер мұғалім 5-2005

  9. Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл 21-2010

  10. Егеменді Қазақстан 18-2014


© 2010-2022