Таным үрдістерін дамыту (жекелей жұмыс)

Сабақтың тақырыбы: Таным үрдістерін дамыту Мақсаты: түрлі жаттығу жұмыстарын орындата отырып зейін шоғырландыруын, есте сақтау қабілетін, ойлауын  дамыту Сабақ барысы 1.     Сәлемдесу. Әңгімелесу. Көңіл-күйін анықтау «Менің көңіл-күйім» жаттығуы Өзінің көңіл-күйін көгершіннің қанатына жазып, параққа желімдейді. 2.     «Суреттрді өзара байланыстыра отырып есіңде сақта» Мақсаты: ассоциативті есті дамыту Тапсырма: Бейнеленген заттарды егер олардың арасындағы өзара байланысты тапса есте сақтау  жең...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Таным үрдістерін дамыту

Мақсаты: түрлі жаттығу жұмыстарын орындата отырып зейін шоғырландыруын, есте сақтау қабілетін, ойлауын дамыту

Сабақ барысы

  1. Сәлемдесу. Әңгімелесу. Көңіл-күйін анықтау

«Менің көңіл-күйім» жаттығуы

Өзінің көңіл-күйін көгершіннің қанатына жазып, параққа желімдейді.

  1. «Суреттрді өзара байланыстыра отырып есіңде сақта»

Мақсаты: ассоциативті есті дамыту

Тапсырма: Бейнеленген заттарды егер олардың арасындағы өзара байланысты тапса есте сақтау жеңіл болады. Сонымен жапырақ ағашпен байланысты. Жебе т.б. суреттер қандай заттармен байланысты?

Таным үрдістерін дамыту (жекелей жұмыс)Таным үрдістерін дамыту (жекелей жұмыс)

3.«Кімнің аты кім?»

Мақсаты: зейін шоғырландыруын дамыту

Тапсырма: Мына берілген суреттегі қыздардың есімінің алғашқы буыны берілген барлығына ортақ соңғы буынды тауып, қыздардың есімін анықта. Және қай қыздың есімі қайсысы екенін тап.

Таным үрдістерін дамыту (жекелей жұмыс)

4. «Үш қыздың достығы»

Тапсырма: Өзің есімін тауып, қай қыз қайсысы екенін анықтаған қыздар туралы шағын әңгіме құрастыр.

5.«Елестете отырып есте сақта»

Тапсырма: Суретте салынған заттармен ойнап, ұстап отырмын деп елестету арқылы суретті есіңе сақтауға болады. Қалай ұстап отырғаныңды сезін, елестет, барлығы еш қиындықсыз есіңде қалады.

Таным үрдістерін дамыту (жекелей жұмыс)Таным үрдістерін дамыту (жекелей жұмыс)


6. «Жолақтардан заттарды құрастыр»

Мақсаты: Ойлауын дамыту

Тапсырма: Мына берілген жолақтардан белгілі бір заттарды құрастыр. Және сол затыңа сәйкес түспен боя. (Сабақ уақытында үлгермесе үйге аяқтауға беріледі.)

7. Мадақтау. Қоштасу.


© 2010-2022