Бес жолды өлең және эссе үлгілері синквейн

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бес жолды өлең және эссе үлгілері синквейнБес жолды өлең және эссе үлгілері синквейнБес жолды өлең және эссе үлгілері синквейнБес жолды өлең және эссе үлгілері синквейнБес жолды өлең және эссе үлгілері

Оқыту жүйесі белгілі бір педагогикалық технологияларды қажет етеді. Соның бірі - «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту». Бұл технологияны әңгімені оқытуда пайдалану өте тиімді.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.
1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2. Сенімділікке тәрбиелеу.
3. Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау.
4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.
5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.
6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.
7. Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Технология үш кезеңнен тұрады:
І. Ой шақыру;
ІІ. Мағынаны тану;
ІІІ. Ой толғаныс.
Әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ олар өзара тығыз байланысты. Әр кезеңнің тиімді стратегиялары бар.
Осы кітапшада 3 «а» сынып оқушылардың құрастырған «Бес жолды өлең» стратегиясы және «Эссе» бойынша жұмыстарының үлгілерін ұсынып отырмын.
Синквейн стратегиясы ( бес жолды өлең): Ой толғау кезеңінде қолданылады.
Синквейн француздың «бес» деген сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең жазу әдісі.
- Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
- Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
- Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
- Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
- Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.

Мысалы:
1. Күй.
2. Әсерлі, құдіретті.
3. Мұңайтады, балқытады, тербентеді.
4. Күй - адам сезімінің көрінісі.
5. Өнер.

Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Бес жолды өлеңдердің үлгілері:

Отан
Үлкен, қымбат
Қорғайды, дамиды, оқытады
Отан оттан да ыстық
Ел

Оқушы
Тәртіпті, білімді
Оқиды, санайды, жазады
Оқушылар біздің елдің болашағы.
Бала

Кітап
Қалың, қызықты
Жазады, көреді, оқиды
Кітап - білім бұлағы ғой
Оқулық

Ана
Ақылды, сұлу
Асырайды, қорғайды, тәрбиелейді
Ана - ең қымбат адам
Шеше

Мұғалім
Білімді, сыйлы
Тәрбиелейді, оқытады, бағалайды
Мұғалім, балаларға білім береді
Ұстаз

Күн
Ашық, әдемі
Жарқырайды, жылытады, тұрады
Күн бәріне нұрын шашады
Жарық

Қарлығаш
Әдемі, қара
Ұшады, асырайды, жасайды
Қарлығаштар, лайдан ұя жасайды
Құс

Ит
Ақылды, жүйрік
Қорғайды, күшіктейді, үреді
Ит - адамның жақын досы
Жануар

Адам
Ақылды, ұқыпты
Туады, өседі, жүреді
Адам сусыз өмір сүре алмайды
Азамат

Жылқы
Жүйрік, әдемі
Жүгіреді, жайылады, жатады
Жылқы - қазақта қасиетті жануар
Ат

Өзен
Үлкен таза
Ағады, қатады, жылжиды
Балалар жазда өзенде шомылады
Су

Батыр
Мықты, ержүрек
Қорғайды, күреседі, сыйлайды
Батырлар елін, жерін қорғайды
Ер

Әміре
Талантты, өнерлі
Айтты, шырқады, болды
Әміре өз әнін шырқады
Әнші

Бауыржан
Ержүрек, мықты
Жеңді, соғысты үйретті
Бауыржан Момышұлы - халық батыры.
Батыр

Нан
Дәмді, жұмсақ
Пісіреді, жейді, турайды
Нан алтыннан да қымбат
Тамақ

Күз
Алтын, салқын
Суытады, сарғаяды, жинайды
Алтын күз тамаша мезгіл!
Мезгіл

Табиғат
Тірі өлі
Асырайды, қорғайды, құлпырады
Адам табиғаттың бір бөлігі
Дала

Алма
Тәтті, қызыл
Гүлдейді, өседі, қызарады
Алма адамға өте пайдалы
Жеміс

Мектеп
Үлкен, жаңа
Оқытады, тәрбиелейді, өсіреді
Мектеп - біздің екінші үйіміз
Ғимарат

Бала
Жақсы, ұқыпты
Ойнайды, оқиды, дамиды
Бала - ата - ананың жалғасы
Адам

Ғарышкер
Батыл, ақылды
Ұшады, зерттейді, ойлайды
Ғарышкерлер - батыр да батыл адамдар
Ұшқыш

Жазушы
Білімді, ақылды
Жазады, оқиды, әңгімелейді
Сәкен Сейфуллин - атақты жазушы
Ақын

Әже
Мейірімді, қымбатты
Асырайды, тоқиды, пісіреді
Мен әжемді жақсы көремін
Апа

Дәрігер
Білімді, мейірімді
Емдейді, сақтайды, жазады
Дәрігер адамды емдейді
емдеуші

Қала
Үлкен, әдемі
Өседі, дамиды, әдеміленеді
Астана - еліміздің бас қаласы
Астана

Әнші
Атақты, еңбекқор
Айтады, шығады, жаттайды
Роза Рымбаева - атақшы әнші
Әртіс

Түлкі
Айлакер, қу
Жүгіреді, алдайды, естиді
Түлкі айлакер аңға жатады
Аң

Домбыра
Жаңа, екі шекті
Ойнайды, шертеді, қызықтырады
Домбыра - қазақ халқының аспабы
аспап

Қар
Ақ, қалың
Жауады, жатады, ериді
Көктемде қар еріп кетеді
Су

Қызғалдақ
Әдемі, хош иісті
Өседі, құлпырады, солады
Көктемде қызғалдақтар өте әдемі.
Гүл

Ертегі
Қызықты, пайдалы
Оқиды, үйретеді, тәрбиелейді
Ертегілердің кейіпкерлері қызықты болады.
Шығарма

Қағаз
Ақ, түрлі - түсті
Жазамыз, сызамыз, бүктейміз
Қағазға сурет салып үйренеміз
Парақ

Үй
Үлкен, биік
Тұрамыз, өсеміз, жинаймыз
Әр үйдің сыры бар.
Баспана

Дос
Адал, шыншыл
Көмектеседі, сыйлайды, ойнайды
Дос көп болу қажет.
Серік

Наурызкөже
Дәмді, пайдалы
Пісіреді, дайындайды, ішеді
Наурызда әжем наурызкөже пісіреді.
Тағам

Эссе үлгілері.
Туған жер.
Менің туып өскен жерім - Қабанбай батыр ауылы. Мен Пионерская көшесінде тұрамын. Ауылымызда екі мектеп бар, мәдениет үйі, кітапхана. Менің достарым көп. Біз бірге ойнаймыз, серуендейміз. Ауылдың жанында Қабанбай батырдың кесенесі бар. (Кенжебек Аружан)

Көктем келді.
Міне көктем де келді. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Күн жылынды, қар еріп, күн ұзарды. Енді құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жаяды, бәйшешек гүлдейді. Адамдар қуанады, көңілдері көтеріңкі болады. Мамырда оқу жылы аяқталады. (Ислям Алма)

Табиғатты қорғаймыз.
Табиғат - бізді қоршап тұрған орта. Адам да табиғаттың бір бөлігі. Табиғат тірі және өлі болып келеді. Ол бізге қуаныш әкеледі, сондықтан табиғатты қорғау керек. Ағаштар, гүлдер отырғызу, қоқыс лақтырмау, өрттен сақтау. Көліктердің, зауыттардың түтіні ауаны ластайды.
( Искаков Еламан)

Үй жануарлары.
Үй жануарларына: жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі жатады. Олардың төлдері: құлын, бұзау, бота, қозы, лақ. Олардың пайдасы көп: сүт, ет, тері, жүн. Сүттен көп әртүрлі тағамдар дайындалады. Қымыз, шұбат - пайдалы сусындар. Маған қымыз ұнайды.
( Әбдірасіл Нұрсұлтан)

Аңдар.
Аңдар өте көп. Мысалы: қасқыр, түлкі, аю, кірпі, жолбарыс, арыстан т. б. Олар ормандарда тіршілік етеді. Аюдың түрлері көп: қоңыр аю, ақ аю, панда т. б. Ақ аю мұздықта өмір сүреді. Оның қонжықтары болады. Балықпен қоректенеді. ( Отузбаев Дәулет).

Мектеп.
Мектеп балаларға білім мен тәрбие береді. Біздің мектеп - екі қабатты. Менің сыныбым екінші қабатта. Сыныпта 22 оқушы бар. Менің сүйікті пәнім - қазақ тілі, әдебиеттік оқу. Мен күнде «бес» деген баға алып тұрамын. Өз мұғалімімді сыйлаймын, жақсы көремін. Мектебім - екінші үйім.
( Кайсина Айнур)

Астана.
Астана - біздің еліміздің бас қаласы. Жылда 6 шілдеде адамдар Астана күнін тойлайды. Мен Астанада жиі боламын. Ата - аналарым мені «Мега», «Думан», «Ханшатыр» деген орындарына апарады. Ең биік «Бәйтерек» - алыстан көрініп тұрады. ( Болғазин Айбын)

Достарым.
Менің достарым көп. Сыныптағы балалармен жақсы достасамын, ал ең жақын досым - Нұршат. Ол менің көршім. Сабақтан кейін біз кездесеміз, ойнаймыз. Ол менен үлкен, сондықтан мені қорғап жүреді. Екеуміз велосипед тебеміз, футбол ойнаймыз. ( Темірғалин Данияр)

Жаз.
Көктемнен кейін жаз келеді. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Маусым айында мен жазғы лагерьге келемін. Мұнда маған ұнайды. Ойын ойнаймыз, жарыстар өткіземіз, түскі тамақ ішеміз. Аспазшы дәмді тамақ пісіреді. Содан кейін мен әжеме қонаққа барамын.
( Балтабек Аршагүл)

Кітапханада.
Кітапханада көп әртүрлі кітаптар бар. Мен мектептегі кітапханаға барамын, ертегілерді алып оқимын. Кейде кітапханашы бізге шашка, шахмат ойнауға береді. Егер реферат жазу керек болса, мен кітапханадан кітап алып, дайындаламын. Кез келген адам кітаптардан көп білім алады. ( Бисекеева Сания)

Ағаштар.
Ағаштар тірі табиғаттың бір бөлігі. Олар адамдарға таза ауа, әсемдік береді, ал құстарға баспана болады. Біздің ауылда терек, үйеңкі, емен, шырша, қарағай, тал өседі. Жаз бойы ағаштар жап - жасыл болып тұрады. Оларды қорғау керек, бұтақтарын сындырмау, кеспеу керек.
( Серік Арсен)

Наурыз.
22 наурыз - жыл басы. Күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - біріне қонаққа барады, наурызкөже, ұлттық тағамдар пісіреді. Әртүрлі ұлттық ойындар өткізеді. Табиғат оянады. Бүкіл Қазақстан наурыз мерекесін тойлайды. Қалада киіз үйлер тігіледі, адамдар қыдырады. Ал біздер көктемгі каникулға шығамыз.(Умирзаков Нияз)

Кері қайту

Серіктестер жаңалықтары

Нан дастарханға қалай келеді?

Дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Балабақшада тәрбиелеуде ойын өткізу бағыттары

Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты болу, ол - жас ұрпақты жан - жақты тәрбиелеу, ой - өрісін, сана - сезімін кеңейте, өмірге қажетті білім-дағдыларға үйрету.

Ата көрген - оқ жонар, ана көрген - тон пішер.

Бүлдіршіндерді ізгілікке, үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге, адамгершілікке тәрбиелеу, халқымыздың асыл мұрасы - халық ауыз әдебиеті түрлерін таныту, ой - өрісін дамыту, өнерге баулу.

ҰБТ-ға дайындалуға пстхологиялық көмек

Мақсаты: ҰБТ-ге дайындау кезінде оқушылардың өзін - өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, өзін - өзі бақылауын, стреске қарсы тұру қабілетін дамыту, көңіл - күйін көтеру. Қажетті құралдар: ...

Oқытуды бacқaру жәнe көшбacшылық

Бacқaру жәнe көшбacшылық турaлы көзқaрacтaрын қaлыптacтырa oтырып, прaктикaлық тaпcырмaлaр aрқылы түciнiктeрiн кeңeйту. Көшбасшы ұғымының мәнін ашу, мұғалім тәжірибесіндегі мұғалім көшбасшылығы ...

Сүтқоректілер класына жалпы сипаттама

Ұрпағын сүтімен асырайтын сүтқоректілер класына сипаттама беру. Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылыс ерекшелігінің күрделенуі туралы түсінік бере отырып, салыстыру.

Сөйлем түрлері

Сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Сөйлемдегі айтылып отырған ойды анықтай алу. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қоя алу.










© 2010-2022