«Заңды білу - заман талабы» тәрбие сағаты

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсаты мен міндеттері: Ақпараттық:Студенттердің құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру,ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету,алдына мақсат қоя білуге баулу. Коммуникативтік:Конститутцияны,құқықтық нормативтік актілерді орындай,құрметтей білуге үйрету. Проблеманы шешу:Оқушының ойлау,тыңдау,сөйлеу мәдениетін дамыту,қабілеттерін шыңдау,сөздік қорларын молайту. Сабақтың типі: Пікірталас...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Заңды білу - заман талабы»

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсаты мен міндеттері:

Ақпараттық:Студенттердің құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру,ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету,алдына мақсат қоя білуге баулу.

Коммуникативтік:Конститутцияны,құқықтық нормативтік актілерді орындай,құрметтей білуге үйрету.

Проблеманы шешу:Оқушының ойлау,тыңдау,сөйлеу мәдениетін дамыту,қабілеттерін шыңдау,сөздік қорларын молайту.

Сабақтың типі: Пікірталас,дөңгелек үстел.

Қолданылатын әдістер мен технологиялар:Білім беруді ізгілендіру,түсіндірмелі -иллюстративті,пікірталас,сұрақ -жауап.

Қолданылатын көрнекілік,құрал -жабдықтар:Түрлі суреттер,заң кітаптары,нақыл сөздер,интерактивті тақта.


Барысы:

І Ұйымдастыру.

Ұлттық дәстүр негізінде -жасалған

Аңсағаным, күткенім де осы арман

Табиғаттың шуағынан нәр алған

Қазағымның өз заңы бар жаңарған

Адамшылық қағидадан жаралған

Шұғыласы әділ заңнан таралған

Белгіленген сонда бақыт бар арман

Азат болдық төңген басқа түнектен

Қазақ болдық өз ұрпағын түлеткен

Жеке болдық- әлемге елді тең еткен

Дара болдық құқым ортақ бар ұятпен

Баян қылған барша қазақ мұратын

Аян болған Қазақстан шын атым.


Құрметті ұстаздар және студенттер! Бүгінгі тобымызда өткелі отырған «Заңды білу -заман талабы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.Алдымен бүгінгі кешіміздің қонаұтарымен таныстырып өтейін.Кәмелеттік жасқа толмаған балалар ісі жөніндегі полиция инспекторы:Насетов Кенжебек және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Алтынгүл Жаксыгуловна,колледжіміздің бөлім бастығы:Лаура Маратовна.

Баяндама оқитын: 2 курс студенті Амиргалиев А.

Бүгін біздің еліміз -бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз,егеменді мемлекет.Әр мемлекеттің өз заңы болады.Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасында құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы 21 маусым 1995 жылы № 2347 қаулысын жариялады.Елбасы «Заңды білу -заман талабы»екенін көрсетті.Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау,соттау,құқық ұғымдарының бұзылуына байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік,ізгілік екендігі,қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармауымыз керек.Ондай болса біз қазір қандай құқтарымыз бар екенін қарастырамыз.

Қазақстан Республикасының Конститутциясының 1 -бабында не туралы айтылған?

ҚР Конститутциясының 1 бабында ҚР өзін зайырлы,демократиялық,құқықтық және әлеуметтік мемелкет ретінде орнықтырды.

Оның ең қымбат қазынасы адаммен адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары.

Ал балалар конвенциясы туралы не білесіздер?

10 бап 2 тармақ -Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді,оның тәнін және жанын зәбірлеуден,адамдық қадір - қасиетін қатыгездіктен,дөрекілікпен қорлаудан,кемсітуден,баланы қылмыстық әрекеттерге және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан,оның құқықтары мен бостандығына қысым жасаудан өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады. Енді қазіргі уақытта ойлап қарасақ осы заң актілеріне сәйкес көптеген қылмыстар әшкереленіп жатыр.

Осы сұрақ барысында сөз кезегі Л.Маратовнаға беріледі.

Жасөспірімдердің нашақорлыққа үйір болуы,қылмыс жасауы қандай себептерге байланысты болады? Осы жағдайға байланысты құқық қорғау қызметкерлеріне деген ойыңыз...?

Сұрақ полиция инспекторы К.Насетовке.

Егер бақылау қатаң болған болса не себептен қылмыстық әрекеттерге тоқырау яғни тоқтау болмай отыр?

1.Әкімшілік тәртіп бұзушылық түрлеріне енетін әрекет түрлері қандай?

Жауап.

1. Қоғамдық орында спирттік ішімдік ішу.

2.Өрт сөндіру қауіпсіздігі ережелерін бұзу.

3..Аты жөнін айтпастан телефон шалып мазалау.

4.Бопса (шантаж)

5.Дөрекілік.

6.Балағат сөздерді ауызекі сөйлеу тілінде қолдану т.б.

2.Құқық бұзудағы жазаға тарту түрлері қандай?

1.Қылмыстық жауапқа 16 жасқа толған адамдар тартылады.

2.Ауыр қылмыс \адам өлтіргені үшін\14 жастан тартылады.

3.Қылмыс жасаған жасөспірімдер арнаулы мекемелерде жазасын өтейді.

Бейне көрініс: «Тараздағы төбелес»

Бейне көрініс туралы студенттердің ой-пікірін тыңдау.

Енді келесі кезекті «Балалықпен отбасқан тағдыр!» атты көрініске берейік .

Міне құрметті студенттер «Балалықпен отбасқан тағдыр!»атты көріністен алған әсерлеріңіз және осы жағдайға деген көзқарастарыңыз қандай?

Сұрақ полиция инпекторына: Бұл оқиға қылмыстың қай түріне жатады?

Сұрақ тәрбие ісінің орынбасарына: Қазіргі жастардың тәлім тәрбиесімен мәдениетіне көңіліңіз тола ма? Балаларды қорғау конвенциясы бойынша

10 бап 2 тармақ -Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді,оның тәнін және жанын зәбірлеуден,адамдық қадір - қасиетін қатыгездіктен,дөрекілікпен қорлаудан,кемсітуден,баланы қылмыстық әрекеттерге және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан,оның құқықтары мен бостандығына қысым жасаудан өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады деп қарастырылған осы заңға сүйене отырып,бүгінгі біздің кешімізге хат жолдаған жұмбақ кейіпкердің хатына назар аударалық..

Жұмбақ кейіпкердің хатын талдау.

Студенттер пікірін тыңдау.

Келесі кезекте ән көңілдің ажары дей отырып ортаға « Ұстазым »әнімен Владимир Айдарұлын шақырамыз.

Қорытынды:

Бүгінгі кешімізді қорытындылай келе әр азамат өзінің бойындағы қадір -қасиетін сақтай отырып егемен еліміздің болашығына жақсы көзқараспен қарай отырып ҚР заңдарын қатаң әрі адал сақтауға міндетті.

Әрбір Қазақстан азаматтарының міндетіне тоқтала кетсек.Әрбір азамат ҚР-ның Конституциясы мен заңдарын сақтауға,басқа адамның құқықтарын,ар-намысы мен қадір -қасиетін сақтауға,табиғатты қорғауға,табиғи мұраларды сақтауға міндетті.

Орал гуманитарлық -техникалық колледжі



Тәрбие сағаты: «Заңды білу-заман талабы.»







2 кб КШФ топ жетекшісі: Қ.Қашқынбай


Орал -2009ж.


© 2010-2022