Сабақтың тақырыбы: Тоқтап отырып – тұрып, ирелеңдеп жүру »

Бірқатарға тұрып шеңбер бойымен ирелеңдеп жүруге үйрету Жаттығулардың дұрыс орындалуларын қадағалау  .Айтқанды тыңдауға, шымырлыққа үйрету. Дене бітіндерін қалыпты жағдайда тәрбиелеу. Қимылды ойындар арқылы балалардың қимыл қозғалысын дамыту. Денсаулықтарын нығайту.  Аяқтық массаж келемшелермен жүргізіп және доғаның астымен еңбектеп жүру арқылы қимылын қалыптастыру.  Бүлдіршіндерді допты қаға білуге үйрету, сапқа тұруға үйрету және  түрлі жаттығуларды жасатуға үйрету. Әуенмен қимылы арқылы жасал...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерінің технологиялық картасы.

«Балапан»бірінші сәбилер тобы.

Білім беру салалары : «Денсаулық»

Бөлімдері: Дене тәрбиесі .

Тақырыбы: «Тоқтап отырып - тұрып, ирелеңдеп жүру »

Мақсаты:Бірқатарға тұрып шеңбер бойымен ирелеңдеп жүруге үйрету Жаттығулардың дұрыс орындалуларын қадағалау .Айтқанды тыңдауға, шымырлыққа үйрету.

Көрнекілік : Доптар,шығыршықтар ,

Қостілікділік компоненттері: Доп - миячик .

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың қызметі

І кезең

Мотивациялық - қозғаушылық

Балалар есік қағылды кім екендеп сұрайды ?

Балалар ,біздің топқа күшік келіпті

Ол бізбен ойнағысы келеді.

Күшік бізбен ойнау үшін қатарға тұрып жаттығулар үйренгісі келеді, кәне шеңбер бойында әр түрлі жаттығулар жасайды .

Шеңбер бойымен тұрып жеңіл жаттығу түрлерін жасау.

Бастарын оңға, солға бұрады.

Оң қол, сол қолдарын жоғары төмен көтереді .

Сағаттың тіліндей ,оңға, солға белдерін иеді .

Отырып тұрады .

Қоянша секіреді ,шар үрлеу тәсілі арқылы дем алып дем шығарады .

11 кезең - Ұйымдастырушылық -іздеуші

Негізгі қимыл түрлерін дамыту

жаттығулары.

1.Шеңбер бойымен ирелеңдеп жүруге үйрету.

2.Аю болып жүреміз .

3.Допты тура беру.

4.баяу ,жылдам жүгіру .

5.Доғаның астымен өтіп

сылдырмақты алу .

Қимылды ойын : Ақ қоян .

Балаларды ізбен жүру . Кедергіден жүргізу құлатпай өту .

Тақпақтар арқылы қимылдар жасап,қорбаңдап аю болып жүреді .

Қорбаңдаған аюдың ,

Құлпынайы көп екен ,

Теріп, теріп алады ,

Қалтасына салады .

Қатарда тұрып допты алдыдан артқа қарай жоғары көтеріп артындағы балаға береді .

Шеңбер бойымен ақырын ,жылдам жүреді .

Танауларымен дем алып, дем шығарады .

Атрибутарын киіп ойнайды .

Ақ қоян болып ойнайды

Күшік :Балалар сендер жаттығуларды да жақсы жасайды екенсіңдер . Ойынды да керемет ойнайды екенсіңдер. Мен сендерден қалай жаттығу жасау керектігін ,жүріп тұруды да үйрендім . Мен енді осы үйренгенімді достарыма барып үйретейін .Оларда мықты ,шымыр болып өссін, деп балалармен қоштасады .

Балаларда күшіктің мақтағанына риза болып, оны күтетіндерін айтады .

Күшікке сау бол айтады.




Балалар тәрбиешімен бірге жүріп отырды .

Балалар өлеңді айтұп тұрып қимылын жасады

Балалар бір - біріне допты берді

Балалар тәрбиешімен бірге жүріп жасады

Қояның маскісін киіп ойнады және өлең сөзін айтады .

Балалар мәз болды



Рахмет аитады .

ІІІ кезең

Рефлексивті - реттеушілік

Бізге кім келді ?

Ол бізден не үйренді ? Сендерге қай ойын ұнады

Балалар бәрін жақсы жасап қуанады .

Күтімді нәтиже:

Біледі: Балалар шеңбер бойымен жүруді үйрену .

Түсінеді: Балалар тәрбмешімен бірге жаттығуларды қайталап жасайды .

Қолданады: Балалар ойындарға белсене қатысады .


© 2010-2022