«Кәсіптік білім беру жүйесіндегі инновациялық технологияны пайдаланудың тиімді жолдары» (баяндама)

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кәсіптік білім беру жүйесіндегі инновациялық технологияны пайдаланудың тиімді жолдары

Нуржанова Г.А.

Экономика және ақпараттық

технологиялар колледжі

Орал қаласы

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Кәсіптік білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары қажеттіліктермен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсетілгендей, білім мазмұнына жаңалық енгізудің, тиімді мамандар даярлау болып отыр.

Жаңа дәуір ұлттық бәсеке, мемлекеттік сайыс, психологиялық өзгерістер орта кәсіптік білім беру жүйесінде белең орын алуда.

Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік - педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми- педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан мұғалімнің біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.

Ендеше, «Инновация» ұғымы -педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу»деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды.

Инновация термині қазірде білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр.

«Инновация» ұғымы алғаш ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін әлі күнге дейін сақталған.

Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы бес жылдың еншісінде. Ең алғаш «инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Н. Нұрахметова. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз-білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деп жазды. Ал инновация негізін құраушы ұғымдардың: «инновация», «нововидение», «новшество», «новые» т.б қазақша аудармаларын жасаған Ы.Алтынсарин атындағы білім мәселелерін ғылыми -зерттеу институтының әдіскері Қ. Құдайбергенова болып табылады. Инновация сөзі-қазіргі барлық өндіріс, «жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады. Мұның ерекшеліктері мыналар:

  • Үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту;

  • Оқыту мен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру;

  • Мұнда үйренушінің дербес қабілетін дамытуға тікелей көмек беру;

  • Үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі;

  • Көрнекілік көбірек пайдалану арқылы сезіміне, қабылдау эмоциясына әсер ету;

Инновациялық әдіс-тәсілді қолдануда мұғалім сабақты дайын күйінде бағалайды, оқушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал мұғалімнің негізгі міндетінде оқушының іс-әрекетін бақылау жатады.

Әдіскер С. Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс- тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсетеді:

  • Ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірбиеде «бала-обьект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырылады:

  • Ақпараттық бағдарламалап оқытуды-оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

  • Қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;

  • Адамның іс-әрекеті тұрғысынан техника жаңалықтарын енгізу;

  • Иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;

  • Саралап, деңгейлеп, оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады;

  • Оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;

  • Дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде сабақты «оқушы-субъект-мұғалім объект» тұрғысынан қарастырып, оқушыны ұдайы шығармашылық ізденіске бағыттайды.

Колледжде аталған оқытушылар өз іс-тәжірибелерінде

жаңа технологияларды тиімді пайдалануда: Ұ.Н.Сауранбаева «сатылай комплесті талдау», Қ.М.Сәкімбекова «сатылай комплексті талдау», А.Қ.Бейсембаева «интерактивті оқыту технологиясы», Б.Ж.Сейдаханова «ұжымдық оқыту технологиясы», Ж.Т.Толыбаева «кредиттік оқыту технологиясы», А.Қ.Сатыбалдиева «модульдік оқыту технологиясы», А.Қ.Жұмабаева «сатылай комплексті талдау».

Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді колледж өміріне кеңінен енгізу жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады. Қазіргі заманға сай сабақ құрылымын жаңаша құруды қалай жүзеге асыруға болады? Ол үшін сабақты жаңаша құрудың қажеттілігіне көз жеткізе отырып оның жаңаша әдіс-тәсілдерін үйрену және қайта құрудың себебін анықтау қажет. Мұнда мұғалім өзі сабақ беру кезінде жіберіп алған кемшіліктерін анықтап, оны түзету жолдарын қарастыру шарт. Бұл кемшіліктерді қайдан іздейміз? Оның мынадай түрлері болуы мүмкін:

  • Мұғалімнің теориялық білімінің таяздығы және мұғалімнің өзі бағдарламалық материалды жете түсінбеуі;

  • Сабақ беру стилінің бір жақтылығы;

  • Оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін тиісті кезінде, өз дәрежесінде қолдана білмеуі;

  • Оқушылардың білімін бағалаудағы олқылықтар;

  • Оқушының сабақтағы қажетті талап-тілектерін ескермеу;

  • Сабақтың тәжірибелік маңызын ескермей, тек теория жағына көңіл бөлуі,

  • Мұғалімнің тек бұйрық раймен жұмыс істеуі; т.б.

Міне, осы кемшіліктерді жоя отырып, сабақты жаңашақайта құру үшін сабақтың стратегиясы мен тактикасын меңгеру керек. Сабақтың стратегиясы мен тактикасын алдын-ала жоспарлай отырып, сабақты өз дәрежесінде кемелдендіріп өткізу ол бір ұрысқа кіріп, оның стратегиясы мен тактикасын шебер қолдана отырып, жеңіске жеткен қолбасшының еңбегімен пара-пар.

Сабақтың стратегиясы дегеніміз- сол сабақтың мақсатын ашып, оны оқушыларға жеткізу үшін өте білгірлікпен жасалған іс-жоспар. Ал сабақтың тактикасы дегеніміз-стратегиялық жоспарды өте жоғарғы айла - тәсіл арқылы оқушыларға түсіндіре білу.

Сабақтың стратегиялық жоспарын жасағанда мыналарға көңіл бөлу керек:

  1. Оқу материалының негізгі тобын жеке бөліктерге бөліп

алу, оны 80 минуттық уақытқа сәйкестендіре бөліп жүргізу.

  1. Сабақ үрдісінің ең маңызды белгілерін бөліп көрсету

немесе оқушының білім сапасын көтеруге септігін тигізетін анықтамалар мен ережелерді айқын атап көрсету;

  1. Жаңа материалды түсіндіру, оны өмірдегі күнделікті

қоғамдық жаңалықтармен ұштастыра жан-жақты талдап түсіндіру;

  1. Оқушының білімін, дағдысын ескере отырып,

оқушылардың жас шамасына сәйкес сабақтың мазмұны мен мақсатын түрлендіріп, бір-бірімен байланыстыра білу;

Стратегиялық жоспарды сабақ түсіндірудің сан салалы тактикасын қолдана отырып құруға болады.

Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан инновацияның түрлі тәсілдерін, педагогикалық білімдерін үнемі жетілдіре отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу ұстаздың міндеті болу керек.

Жалпы білім беретін оқу мекемелерінің көп түрлілігі мен оқыту бағдарламалардың вариативтілігі жеке дара оқуға, халықтың білім алуға деген түрлі талаптары мен оқушылардың қызығушылықтарын қанағат етуге көмек көрсетеді. Соңғы жылдарда мұғалімдердің шығармашылық еңбегі ерекше маңыздылыққа ие болып отыр. Мұның бәрі мұғалімнің инновацмялық іс-әрекетті жоспарлауға, ұйымдастыруға және басқаруға деген жаңаша көзқараспен қарауды ойластырады.

Педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік әдебиеттерді талдау барысында мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті деген ұғымның бірнеше жолын анықтауға мүмкіндік береді:

  • Инновациялық іс-әрекет мұғалімнің жеке тұлғасының даму тұрғысынан қарағанда іс-әрекетке деген қарым-қатынастың, іс-әрекет түрлерінің ауысуын ұсынатын өзіндік сана нәтижесі ретінде қарастырылады.

  • Тұлғаның танымдылық белсенділік тұрғысынан алғанда инновациялық іс-әрекет «инновациялық, шығармашылық әлеуметтің» қайнар көзі ретінде көрінеді.

  • Педагогикалық іс-әрекеті тұрғысынан идеалды әдістемелер мен бағдарламаларды іздеу, оларды оқыту тәжірибесіне енгізу, жаңалықтарды игеру үрдісі, шығармашылық іс-әрекеттің өнімі, озат тәжірибелер.

Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің өлшемдік сипаттары: мотивациялық шығармашылық бағыт; жаңалықтар енгізуге технологиялық дайындығы; өзін-өзі басқару қабілеттілігі. Осының ішіне басқарудың жаңа қүндылықтары мен мақсаттары, басқарудағы жаңа енгізулер, дамыту бағдарламасын, түрлі типтегі оқу жоспарлары мен оқыту бағдарламаларды әзірлеудің технологиясы мен методологиясы, білім беру субъектілерін әлеуметтік - құқықтық қорғауы, педагогикалық кадрлардың аттестациялануы да жатады.

Жалпы білім беретін оқу мекемелерінің көп түрлілігі мен оқыту бағдарламалардың вариативтілігі жеке дара оқуға, халықтың білім алуға деген түрлі талаптары мен оқушылардың қызығушылықтарын қанағат етуге көмек көрсетеді. Соңғы жылдарда мұғалімдердің шығармашылық еңбегі ерекше маңыздылыққа ие болып отыр.

Болашақ мұғалімдерді жаңа педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды: мотивациялық құндылықтар, мазмұндық; бейімділік; танымдық; іс-әрекеттілік; технологиялық; шығармашылық.

Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы кәсіби, техникалық арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады.Ал кәсіп - мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Ол жалпы мектептерде, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында беріледі. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік - оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру керек.

Іс-әрекет әрекеттен, операция қимыл-қозғалыстан тұрады. Бұл үрдістің орындалып , игерілуі керек. Игеру-қабылдау, ұғыну, ойлану, пайымдалу, бекіту, жүзеге асыру, қолданудан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалған соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.

Қазіргі колледж жағдайындағы білім берудің ұлттық модуліне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін инновацмялық педагогикалық психологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы «баршаға білім беру» ескі сүрлеуінен тез арада арылып, жаңаша білім беру мазмұнына «әр кімге таңдау бойынша білім беруге» көшуге қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашылықпен, ізденушілікпен жұмыс істейтін зерттеуші болашақ мұғалімдерді даярлау қажет етеді.

Қазіргі уақытта оқытудың озық технологияларын сабақта пайдалану-өмір талабы. Сондықтан да, сабаққа қойылатын талаптар оқытушыдан үлкен шеберлікті талап етеді. Соның ішінде жаңа педагогикалық технологияның оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен ізденуіне, ой-санасының дамуына мүмкіндік беретіні анық.

Осыған орай, оқытушылардың педагогикалық шеберлігінің қалыптасуы және шыңдалуы оқу орнында ұйымдастырылып отырған оқу-әдістемелік жұмыспен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасының «2005-2010 жылдарында білімді көтеру» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген орта арнаулы білім беру саласындағы негізгі мәселелерді ескере отырып, әдістемелік кабинеттің жұмысы педагогтардың мамандығына сәйкестігін жетілдіруге ерекше көңіл бөлуде. Жаңа формациядағы маман даярлау оқытушы мен оқушының өзін көрсете білуіне, оқытушылардың біліктілігін көтеру мақсатында инновациялық қызметті ұйымдастыруға, білім берудің жаңа технологияларды пайдалануға негізделеді.

Аталған іс-шараларды басшылыққа ала отырып, колледждің әдістемелік жұмыстары төмендегі бағытта жүргізіледі:

  • Оқытушылардың педагогтық шеберлігін ғылыми-теориялық және кәсіби деңгейде жетілдіру;

  • Колледждің әдістемелік «Оқу-тәрбие үрдісіне жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған, қоғам талабына сай, шығармашыл қабілеті мол, кәсіби білікті маман даярлау» проблемасын жүзеге асыру.

  • Оқытушылар мен оқушылардың ғылыми-іздену жұмыстарын ұйымдастыру, оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету.

Бұл бағыттардағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін колледждің әдістеме кабинеті, он бір пән циклдық комиссиясы және әдістемелік кеңес жұмыс жүргізеді. Оқу тәрбиелеу үрдісінің диагностикасына үлкен мән береді. Бұл жұмыс екі бағытта жүргізіледі:

  • Оқытушының кәсіби педагогтік сәйкестік диагностикасы;

  • Мамандақ бойынша оқушының тұлға ретінде жұмыс сапасын бір жүйеге келтіру арқылы жүзеге асатын оқушының тұлға диагностикасы.

Колледждің бүгінгі таңдағы алға қойған мақсатын жүзеге асыру жолында ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудағы пәндік циклдық комиссиясы жұмысының ролі ерекше.

Пәндік циклдық комиссиясының жұмыстары мемлекеттік стандарт негізінде төмендегі қызметтерді жүзеге асыруға құрылған:

  • Оқу құралының мазмұнына талдау жасауға, инновациялық технологиялар ретінде шығармашылық зертханаларда жұмыс істеуге үйрету;

  • Педагокикалық жүйелерді молдульдеуге үйрету;

  • Психологиялық-педагокикалық ғылымның, пәндік ғылымдарының жетістіктерімен таныстыру;

  • Білімге деген мынадай жаңа көзқарастарды қалыптастыру: жүйе-құндылық-процесс-нәтиже- қызмет көрсету.

Әдістемелік кабинет осы ақпараттық-әдістемелік журнал арқылы аталған жұмыстардың нәтижесін жараиялау және сабақ барысында өткізілетін әр түрлі шаралардың үлгілері, оқыту технологияларының теориялық, практикалық мәселелері, оларды колледжде білім сапасын арттыру мақсатында іске асыру жолдары, сол технологиялармен оқытудағы оқытушылар тәжірибесі, жетістіктернің рейтингісі, мониторингі, үлгі сабақ жоспарлары, ұлттық тәрбиеге байланысты танымдық дүниелерді қамтып, кафедра жұмысын жүйелендіруді, насихаттауды жүзеге асыруды көздеп отыр.

Әдістемелік кабинетінің жұмысын, бағдарлама бойынша озық технологияларды, оқытушылардың ой- пікірлерін ортаға салып, оларға ғылыми-әдістемелік көмек беруді оқытуға байланысты түрлі мәселелерді қарастырады.

Міне, осындай жолдан өткен әрбір оқытушы шебер де, шығармашыл тұлға болары анық. Ұлы педагог Я. А. Коменский «Оқытушы-мәнгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл- әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құястын тынымсыз лаулаған жалын иесі» деп ұстаздың еңбегіне ерекше баға беріп, үнемі ізденісте, шығармашылық әрекетте болатын, жалындап жүретін тұлға екендігін айтқан. Ал, шағармашыл оқытушының шәкірті де шығармашыл болуы керек. Дарынды балаға дарынды оқытушы қажет. Олай болса, оған білімнің нұрын құйып, шығармашылық ынтмақтастықта әрекет етсе, «Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстанға» жету жолы анықталары сөзсіз.



© 2010-2022