Менің отбасым. Септіктерді қайталау

Орыс сыныбында 3 класта қазақ тілі пәнінен өткен ашық сабақ .Сабақтың тақырыбы Менің отбасым септіктерді қайталау.Сабақ саяхат түрінде өтті.Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып,Дімбілмес кейіпкері мен саяхатқа шығатын туралы айтылды.Сабақтың басында тіл дамыту жұмысы жүргізілді.Ой қозғау  бөлімінде оқушылар отбасы кластерін толтырды.Дімбілмеспен саяхатқа шығып тапсырмалар орындалды.отбасына байланысты сөздерді септеді.конверт дайындау  тапсырмасы .Сөз сыры аралы тапсырмасы оқушыларды қызықтырып ,б...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Менің Отбасым. Септіктерді қайталау

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: сөздік қорларын байыту, «Септіктер» тарауы бойынша алған білімдерін пысықтау;

2) Дамытушылық: септік жалғауларды қайталау арқылы сөз септіктерін, сөйлемдер, мәтін, диалог құрауды, дұрыс сөйлеп, дұрыс түсінуге үйрету;

3) Тәрбиелік: ауызбірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс «саяхат

сабағы».

Сабақтың көрнекілігі: саяхат картасы, Дымбілместің суреті, түрлі-түсті конверттер, орны ауысқан омоним, синоним, антоним сөздердің таблицасы, орны ауысқан аударма сөздер, септік жалғауы жалғанған сөздер орны ауыстырылған. Түрлі-түсті моншақтар, ескі тиындар салынған екі кішкене сандықша, жасанды шырша ағаштары, екі ойыншық кәрзеңке, жеміс-жидектердің қима суреттері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта кім кезекші?

Жылдың қай мезгілі?

Күздің қай айы?

Қазанның нешесі?

Аптаның қай күні?

Ауа райы қандай?

  • Балалар, бүгін сабақ жәй сабақ емес, дәстүрден тыс сабақ.

Біз қазына аралына саяхатқа шығамыз. Дайынсыңдар ма? Саяхатқа шықпас бұрын дайындығымызды тексерейік. Ол үшін біздің Дымбілмеске көмектесуіміз керек. Қане, қарайық, Дымбілмес не істеген екен көрейік. Тақтадағы жабық тұрған сөздіктерді ашып, қате сөздерді алып, дұрысын қалтаға саламыз.

Дружная семья

Әкем - құрылысшы

Бабушка и дедушка - пенсионеры

Қарындасым мен інім

Мама - повар

Тату отбасы

Семья большая

Атам мен әжем - зейнеткер

Сестренка и братишка

Шешем - аспаз

Отец - строитель

Отбасымыз үлкен

Мемлекеттік тіл, смотрите, жақын туыс, атақты, независимость, әдемі, Отан, космос, халқым менің, Кел, балалар, оқылық. Дұрыс аударма жасап, Дымбілмеске көмектесіңдер. Тағы да қарайық, Дымбілмес не бүлдіріп қойған екен. Септіктегі сөздердің жалғауын ауыстырып қойыпты, қане көмектесіп жіберейік. Балалар кезектесіп сөздерді қалиашаға салады.

қалташалар

Атау септік балаға, мектепке

Ілік септік баланы, мектепті

Барыс септік бала, мектеп

Табыс септік баладан, мектептен

Жатыс септік баламен, мектеппен

Шығыс септік баланың, мектептің

Көмектес септік баланы, мектепті

Жарайсыңдар, балалар, сендер септіктерді біледі екенсіңдер. Дымбілместің қатесін тез тауып, орнына қойдыңдар.

Тағы да қарайық, Дымбілмес не істеген екен. Міне, қараңдар, омоним, антоним, синоним сөздердің орнын ауыстырып қойыпты. Қане, көмектесіп жіберіңдер.

Қалташаға салуы

Антоним . . . . . . . . . . . . . әдемі, көркем, сұлу.

Синоним . . . . . . . . . . . . .жақ, ат, ер, бет.

Омоним . . . . . . . . . . . . . ақ, қара, жаман, жақсы.

Дұрыс жауабы:

Антоним: ақ, қара, жақсы, жаман.

Синоним: әдемі, көркем, сұлу.

Омоним: жақ, ат, ер.

Өте дұрыс, балалар, сендер Дымбілмеске көмектесіп өздеріңнің саяхатқа дайындықтарыңды тексердіңдер. Бәрің де саяхатқа шығуға дайын екенсіңдер. Қазір екі топқа бөлініп отыра қалыңдар. Жақсы.

1-ші топ Мишаның тобы.

2-топ Асанның тобы.

Саяхат картасын ашып қоямын.

Саяхат картасы

Менің отбасым. Септіктерді қайталау

Менің отбасым. Септіктерді қайталау4

3

Менің отбасым. Септіктерді қайталау

Менің отбасым. Септіктерді қайталауМенің отбасым. Септіктерді қайталауМенің отбасым. Септіктерді қайталау

Менің отбасым. Септіктерді қайталау

2 5

Менің отбасым. Септіктерді қайталау

Менің отбасым. Септіктерді қайталауМенің отбасым. Септіктерді қайталау

Менің отбасым. Септіктерді қайталау7

Менің отбасым. Септіктерді қайталауМенің отбасым. Септіктерді қайталау

Менің отбасым. Септіктерді қайталау

1 6

Саяхатымызды сөз сыры аралынан бастайық.

Конверт таңдау

Қызыл конверт. Көп мағыналы сөздерге мысал келтіріп, сөйлем ойлау.

Көк конверт. Омоним, антоним, синоним сөздерге мысал келтіріп, сөйлем ойлау.

Өте тамаша, Мишаның тобы да, Асанның тобы да бұл аралдан өтті. Сонымен, балалар, келесі аралға да келдік. Достық аралы. Мақал-мәтелдер. Қандай тақырыпта айтатындары туралы конверт таңдап анықтайды.

Жасыл көнверт - оқу-білім туралы, сары конверт - тіл туралы. Топ жетекшілері таңдап алып оқушылар кезек-кезек мәтелдер айтады.

Сонымен, балалар, келесі аралымыз - Жеміс-жидектер аралы. Қай топ жеміс жинайды, қай топ жидек жинайды екен конверт таңдау арқылы анықтаймыз. Қызыл конверт жеміс, жасыл конверт жидектер. Қима суреттердің сыртында жазылған тапсырманы орындап кәрзеңкеге салып отырады, сөйтіп жеміс-жидек жинайды.

Жемістің тапсырмасы.

  1. Тиісті жалғауды қойып, сөйлемді аяқтау.

Мен оқушы . . .

Біздің мектебі . . .

  1. Жалпы есімді бір бағанға, жалқы есімді бір бағанға жазу.

Абай, Мұхит, дәрі, Құрманғазы, қарағай, Қызылорда.

  1. Көмектес септікте тұрған сөзді тап, астын сыз.

Раушан орамалымен сүртінді.

  1. Аудару.

Жаңа оқу жылы басталды.

Жидек терушілерге тапсырма.

  1. Мына сөздерді табыс, жатыс, шығыс септіктерде септеңдер: қала, әке, оқушы. Қалған оқушылар дәптерлеріне орындаған тапсырмаларды жазып отырады.

  2. Берілген сөйлемді аударып жазу.

Дедушка и внук пошли в лес.

  1. Жалқы есімді теріп жазыңдар:

Ақтөбе, алты, Алматы, Астана, қалам, дәптер, кітап.

  1. Сен тақтаға шыға . . .

  2. Мына сөздерге көптік жалғау жалғаңдар.

Бала, дәптер, мектеп.

Міне, балалар, Демалыс алқабына да жеткенімізді байқамай қалыппыз. Балалар ортаға шығып, қол ұстасып ән айтып, түрлі қимылдар жасап билейді.

Крокодил Гена әнімен

Дүйсенбі қиын күн,

Сәрсенбі сәтті күн

Жұмада мешітке барамыз.

Ал, қалған күндерді жібермей ұтымды пайдалан.

Еңбек етіп,

Жеті күнде

Білім нәрін жинаймыз.

Әттең бірақ аптасына

Бір-ақ рет демалыс.

Сонымен, балалар, сөйлесу төбесіне де келіп қалдық.

Ақ конверт Кітапханада.

Күлгін конверт Дүкенде.

Екі топ диалог құрастырып, рөлмен ойнап айтады.

Жұмбақтас аралына да келіп қалыппыз. Екі топ бір-біріне кезек-кезек жұмбақ жасырып, шешуін айтады. Екі-екіден төрт жұмбақ жасыруға болады.

Сонымен, балалар, Қазына аралына да таяп қалыппыз. Сендер қазына іздеп тауып алу үшін мен қазір топ жетекшілерінің көзін байлап бұйрық беріп тұрамын, сендер үнсіз жетекшілеріңнің соңынан еріп отырыңдар. Екі жетекшінің көзін байлап, түзу жүру, оңға. Солға жүр, бір қадам алға, бір қадам артқа деген сияқты екеуіне кезек-кезек межелі жерге жеткенше бұйырамын. Қалғандары соңынан үнсіз еріп отырады. Жасанды шыршаларға келгенде көздерін ашамын. Екі топ екі қобдиша тауып алып, орындарына отырып тапқан қазыналарын бөліседі.

Оқушылармен пікірлесу.

Сен қазына тауып алдың, енді бұл қазынамен не істейсің?

Балалар өз пікірлерін айтады. Біреуі клуб саламыз десе, кейбіреуі мешіт саламыз дейді. Кейбіреуі анама апарып беремін, кейбіреуі сақтап қоямын дейді. Дұрыс, балалар, сендер бүгін өз білгендеріңді көрсетіп ойын түрінде жай қазына тауып алдыңдар, өмірде осылай жақсы білім алып, сол білімдеріңмен шын байлыққа жетулеріңе тілектеспін, - деп бүгін сабақта қандай жұмыс істедік, саяхат картасына қайта қарап, қандай жерлерде болдық, онда қандай тапсырмалар жасадық, - сабақты қорытындылаймыз.


© 2010-2022