Ашық сабақтың әзірлемесі Киіз үй. Етістіктің шақтары

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақ халқының ежелгі баспанасы туралы түсінік беру, мәтін арқылы сөздік қорын толықтыру,етістік шақтарын меңгерту. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру, дүниетанымдарын кеңейту, топпен жұмыс, жеке жұмыс түрлеріне дағдыландыру. Пәнге қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: Қазақ халқының салт – дәстүрін дәріптей отырып, елжандылыққа, ұлттық мұраларды қастерлеуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам қалыптастыру. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: с...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Киіз үй. Етістіктің шақтары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының ежелгі баспанасы туралы түсінік беру, мәтін арқылы сөздік қорын толықтыру,етістік шақтарын меңгерту.

Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру, дүниетанымдарын кеңейту, топпен жұмыс, жеке жұмыс түрлеріне дағдыландыру. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Қазақ халқының салт - дәстүрін дәріптей отырып, елжандылыққа, ұлттық мұраларды қастерлеуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап ,ұлттық асық ойындар элементтері,сын тұғысынан ойлау элементтері.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың көрнекілігі: киіз үй макеті, слайдтар, үлестірме қағаздар, асық.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Амандасу. Көңіл күйлерін қандай?

2 « Ой қозғау » Блиц сұрақтар:

1.Бүгін аптаның қай күні?

2. Қазір жылдың қай мезгілі?

3. Күз айлары қандай?

4. Күзде ауа -райы қандай болады?

2. Жаңа сабаққа қабылдауға дайындық кезеңі.

Оқытушы: « Ой шақыру»:

  • Біз қандай тілде сөйлейміз?

  • Қай Республикада тұрамыз?

  • Қазақ халқының негізгі шаруашылығы не?

  • Мал шаруашылығы.

  • Дұрыс айтасыңдар, қазақ халқы жаз жайлауда, қыс қыстауда болып, мал шаруашылығымен айналысқан.

  • Жайлаудағы малшылардың көшіп қонуға ыңғайлы баспана не?

  • Киіз үй.

3. Жаңа сабақ.

1.Дәптерге сабақтың тақырыбын жаздыру.Сабақтың мақсатын айту. Слайд №1,№2

2« Киіз үй» туралы өз білетіндерін параққа жаздырту. Оқыту.(жеке , жұптық, топтық жұмыс) (Киіз үй сөзін естігенде қандай ассоциация туады.)

3. « Киіз үй» туралы орысша мәтін оқиды.

Слайд (киіз үй турала қазақша-орысша түсіндіру) Электрондық оқулықтан тыңдау.

4. Мәтінмен жұмыс.Оқу, аудару.(Асықты лақтыру арқылы өз мәтіндерін алады.)

« Шаңырақ»

Юрта - основное жилище казахского народа. Юрта - очень удобное жилье. Быстро собирается и быстро разбирается.Зимой в ней тепло , летом прохладно. Казахи зимовали в юрте.Бывают четерех, шести, восми и двенадцатикрылые юрты.

« Кереге»

Основная остав юрты кереге, шанырак, уык, сыкырлауык.Остав юрты готовят из ивы, березы, и тополя. Керегю привязывают кожоным веревкам.Уык - спецальные крывые палоки. Шаңырақ - верхняя част юрты. Дверь казахский юрты -сыкырлауык.

«Уық »

После установки юрту сверху накрывают киизом( войлоком). После установки кереге поднимает шаңырак.Шанырака поднимает с помощью бакана.Шанырак накрывают тундук , а двери юрты- кииз есик.Тундука можно открыть с помощи шнура. Слово шаңырак употребляется в значении «дом», « семья».

5. Сөздік жұмысы( оқу ) Слайд

Киіз үй- юрта Киіз - кошма Қатты соғу - сильный Жию- собирать

Көшіп қонғанға - к переезду Жығылмайды - не падает

Тігу - собрать (юрту) Бұзу - разбирать

Ыңғайлы - удобный Баспана - жилище

Қыстап шыға беру - зимовать Уық - купольные жерди6

Шаңырақ- купол или верхняя часть юрты. Қаңқасы - скелет.

Кереге- раздвижная решетчатая основа. Қайыс - кожаная веревка

6. Грамматика. Етістіктің шақтары (Времена глагола) слайд

1 Осы шақ . Мысалы: Мен киіз үйдемін. Біз отырмыз.

2 Өткен шақ. Мысалы: Мен уықты бердім.Мен шаңырақты алдым.

3 Келер шақ. Мысалы: Мен киіз үйге бар-а -мын. Мен ертең кел-е-мін.

7.Тапсырмалар (асық лақтыру арқылы топтарға тапсырмалар беріледі)

1.. Сәйкестігін тап

Ұлттық дәстүр наследие

Асыл мұра казахский народ

Әдемі киіз үй народная традиция

Қазақ халқы красивая юрта

2. «Дұрыс пен бұрыс!»

1 Киіз үй - қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы.

2 Киіз үй - тез жиналмайды, құрылуы да қиын.

3 Киіз үй дауыл соқса да жығылмайды.

4 Қазақтар киіз үйде қыстаған.

3 . Берілген сөздерді топтарға бөліп жаз.

Қобыз, құрт, уық,қымыз, домбыра, , кереге, шертер,бесбармақ, шаңырақ, сазсырнай, ірімшік, сықырлауық, түндік .

Ұлттық аспаптар Ұлттық тағамдар Киіз үйдің бөліктері

8. Грамматикалық жаттығулар

Сөйлемдерді қалтаға дұрыс орналастыру, аудару

1 топ - Келер шақ

1 Киіз үй төрт бөліктен тұрады.

2 Ол сабағын кешке оқиды.

3. Мен ертең ерте тұрамын. Осы шақ

Өткен шақ 1 Мен жайлауға келдім.

1 Киіз үйді жинады. 2 Мен өлең жазып жатырмын

2 Автобус қаладан келді. 3 . Шана теуіп жүрміз.

3 Естай киіз үйде шай ішті.

9. « Кім жылдам?» ойыны

1.Уық сөзін тәуелдеңіз. ( Сандық ішіндегі сұрақ...менің уығым)

2.В центре юрты устанавливали железную печь .(аудару ... киіз үй ішіндегі сұрақ)

3. Шаңырақ сөзіне өткен шақпен сөйлем құраңыз.(сырмақ ішіндегі сұрақ)

10. Ой қорыту. Сұрақ - жауап слайд №9

Шаңырық: Киіз үйдің қай бөлігі рәмізімізде бейнеленген? ( Елтаңба)

Уық: Біз киіз үйді қандай мерекеде құрамыз ?( Наурыз,Тәуелсіздік, 1 мамыр)

Кереге: Қазақ халқының баспанасы ? (Киіз үй)

Слайд - ЕЛТАҢБА

- Біз бүгінгі сабақта киіз үй туралы мәлімет алдық. Қазақтың киіз үйі сендерге ұнады ма? Олай болса бүгінгі тақырыпқа сай сабағымыздың соңын мына өлең шумағымен аяқтаймыз. Слайдтан барлық студенттер өлең жолдарын мәнерлеп оқиды.

Киіз үй дөп-дөңгелек,

Жыққан кезде он бөлек.

Тіккен кезде топ етіп,

Қона қалар дөңге кеп.

11. Үй тапсырмасы.(слайд) Ереже,киіз үй туралы әңгіме жазу.

12 .Бағалау. Студенттердің үй тапсырмасы мен жаңа сабақты игерумен белсенділіктерін бағалаймын.

- Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Қатысқандарыңыз үшін көп, көп рахмет.

© 2010-2022