Конспект урока Көсемшенің түрленуі

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Апта

Күн: 21.01.2013 ж


Сабақ: Қазақ тілі

7 -сынып

Сабақтың тақырыбы

Көсемшенің түрленуі.

Сілтемелер

Кітаптар. Әдістемелік материалдар

Жалпы мақсаты:


Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтарда оқығандарын естеріне түсіре отырып көсемше, оның жасалуы мен түрлену жолын оқушылардың оқу-әрекеті арқылы меңгерту,

Тәрбиелік: Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Сын тұрғыдан ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін үнемі жетілдіру, өздігінен ізденіп білім алуға, ой қорытып, пікір айта білуге дағдыландыру.

Оқушылар үшін оқыту нәтижелері:


Ережені жақсы игеріп, берілген жаттығуларды өздері орындап, оны өздері тексеріп, көсемшенің түрленуін дұрыс қодануды бекіте біледі, деңгейлік сұрақтар қоя біледі, талқылау жұмыстарын жүргізу барысында өз ойларын дәлелдейді, еркін жеткізе алуға төселеді. Өмірмен байланыстыра алуға үйрету.

Сабақта қаралған негізгі идеялар:


Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау арқылы өздіктерінен ізденуге, проблеманы бірлесіп шешуге дағдыландыру, идеясын ұсынуға дағдыландыру. Балалардың жауабын бақылау. Критериалды бағалау кезінде бағасының әділдігіне көз жеткізеді

Тапсырмалар:


1. Топтық жұмыс

2. Постер қорғау

3. Оқулықпен жұмыс

4. Жұппен жұмыс

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары:

Ұйымдастыру кезеңі:

Топқа бөлу, ережені еске түсіру.

  1. Түрлі түсті қағаздар тарату арқылы бөлу. 1- топ- қызыл. 2- топ - көк. 3- топ - сары

а)Психологиялық дайындық:

«Шаттық шеңбер»

Топтастыру.

Көсемше

БҮҮ кестесін толтыру.. Әр бала стикерлерге жазады, бірінші бағанды толтырады.

Мұғалім жазылғандарды оқиды және сонан соң:
Сонымен біз көсемше туралы көп білеміз екен. Бірақ біз көбірек білгіміз келеді. Біз тағы не білгіміз келеді? Келесі бағанды толтыру

Жаңа сабақ:

Мұғалім: Ендеше көсемше туралы білетін білімдеріңді оқулықтағы теориялық біліммен ұштастыра отыра « Автобус аялдамасы » ойынын өткіземіз. Әр топ басшылары орындарында қалып басқа мүшелері саяхат жасайды. Топ басшылары білгендерін айтады. Сосын мәліметтерді жинап әр топ өз білгенін айтады.

2.Берілген суреттерді меңгереді. Постер құрады. Сол бойынша сөйлейді.
Сергіту сәті

3.Оқулықпен жұмыс

202-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазыңдар. Өлеңдегі көсемше тұлғалы етістіктерді қатыстыра отырып, «Әсет әндеріндегі көсемшелер туралы өз ойым» деген тақырыпта шағын пікір жазыңдар.

Бұл үзінді қай шығармадан алынған?

203-жаттығу. Мәтіннен көсемше тұлғалы етістіктерді теріп жазып, қай шақта тұрғанын анықтап көрсетіңдер.

204-жаттығу. Мәтіннен көсемше тұлғалы етістіктерді тауып көрсетіп, талдап, қандай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын көрсетіңдер.

Тапсырма. Көшіріп жазып көсемшенің жасалу жолын және қай жақта жіктелгенін ажыратып айтыңдар.

Шығармашылық тапсырма. «Мен бір ойды төгейін толқындатып» деп бастап, өлең жолдарын тізіп көріңдер.

Жеке оқушылармен жұмыс: Берілген көсемшелерді жекеше, көпше түрде жіктеңдер.

Көріп, оқып, біле, сұрай, айта

Қорытынды:

Топтастыру.

Көсемшенің түрленуі


Ақпарат көздері, құралдар мен жабдықтар:

Қағаз, қалам, суреттер, ватман, түрлі түсті маркерлер, желім,үлестірмелі парақтар.


Сабақта қолданылатын модульдер


☼Сыни тұрғысынан ойлау модуль № 2

☼ Диалогтік оқыту модуль № 2

☼ Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау модуль № 3

☼ Білім беру және білім алудағы жаңа әдістер № 1

☼Таланты және дарынды балаларды оқыту модуль № 5

Жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру модуль № 6


Үй тапсырмасы


Сөйлемдерді талдау.

Сабақты талдау: Рефлексия парақтарын толтыру

● Қандай жаңа мәлімет алдыңдар Бәрінен де не ұнады?

● Сіздерге не оңай болды?

● Сіздерге не қиын болды?


Сабақты бағалау


Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау




Сабақтың аты

Абай Құнанбаев « Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ »

Сілтеме

Суреттегі ой бейнесі

Сөзмаржан

Презентация

Жалпы мақсаты

Ақынның өз халқының,жалпы адам баласының өнер-ой байлығы-

нан алған үш үлкен саласы,өлеңдегі ер жігіттің сенімді серігі-бәйге атының сыны мен бағасын түсіну

Оқыту нәтижесі

Ақын шығармаларының өмірлік құндылықтарынтану, жүйрік баптау,оны бәйгеге қосу қазақ баласы үшін үлкен өнер болғанын білу.Өлеңде бейнеленген аттың мүсіндік портреті

Негізгі идеялар

Абай суреттеуіндегі аттың сыны -сөз өнері.Ақынның жылқы малына ұлттық психология тұрғысынан көзқарасы

Дереккөз

Ғаламтор

Оқулық.Оқыту әдістемесі

Ғылыми-педагогикалық әдістемелік журнал

Тапсырмалар

1.Оқулықпен жұмыс

2.Жұппен жұмыс

3.Топтық жұмыс

4.Постер қорғау

Кейінгі тапсырмалар

1.Өлеңді нақышына келтіре оқу

2.Эпитет,теңеуді табу

3.Мазмұнын қара сөзбен жазу

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

-Ұйымдастыру бөлімі.Амандасу.Топқа бөлу

-Үй тапсырмасын тексеру: 1.Ұнаған шумақтарын жатқа айту

2.Сенің ойыңша жақсы қасиеттер?

( Формативті бағалап отыру)

-Бағалау критерийлері: « 5» - 1 - 4 толық қамтылса;

« 4 » - 1 - 3 толық қамтылса;

« 3 » -1- 2 толық қамтылса ;

-Сабақтың мақсаты мен нәтижесін көрсету

-Топтық бағалауға парақша тарату

-Ой қозғау сұрақтары

1.Абай туралы не білеміз?

2.Қандай өлеңін жатқа білесің?

3.Сұлу сәйгүлік туралы қандай шығармалармен таныстыңдар

-Оқулықпен жұмыс: Абай туралы берілген мәтінді оқып,түсіндіріп шығу

( Формативті бағалау)

-Жұппен жұмыс:

1.Сызба бойынша бір-біріне «Абай туралы не білдім ? »тақырыбына сұхбаттасу

2.Мәтінмен жұмыс:а) өлеңді оқу

ә)Қиын сөздермен жұмыс:

Сағақ-жылқы тамағының астыңғы жағы

Жерсоғар-ат тұяғының арт жағындағы қатты жері,өкшелігі

Ашамайлы- ашамай салынған деген сөз

Ашамай-атқа мініпжүре алмайтын жас балалар үшін жасалған арнаулы ер

Шідерлік-аттың сирағының шідер салатын жері

Шідер- аттың алдыңғы екі аяғы мен артқы бір аяғына қосып салатын тұсау

б) Ақын суреттеуінен алған әсерлерің?(түр-тұлғасы,жүріс-тұрысы,шабыс-желісі)

-Топтарға ресурс беріледі:Тапсырма

Өлеңде айтылған дене мүшелерін рет-ретімен санамалап көрсету

-Мұғалімнің түсіндірмесі

-Өлеңде кездесетін сөздердің мағынасын ашу -

-Оқушыларға С.Жүнісовтің « Ақан сері» романынан үзінді оқып беру

-Абайдың аттың сынына шығарған өлеңі мен ұсынылған әңгімені салыстырып,өз ойларыңды білдіріңдер

-Талантты,дарынды балаларды қатыстыру(қосымша ғаламтор материалдарынан)

-Бекіту сұрақтары

1.Ақын ат суретін қандай ретпен суреттейді?

2.Аттың дене құрылысын бұндай ретпен суреттеудегі ақынның мақсаты не?

3.Сұлу, жүйрік аттың дене мүшелерінің белгілері, қасиеттері қандай ?

4.Абай суреттеуіндегі тұлпардың мінезі қандай?

5. Атқа қандай қарым-қатынасын білдіреді

-Бағалау: Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау

Үйге тапсырма:1.Бәйге атының сынын қара сөзбен жазу

2.Эпитет, теңеуді табу

-Рефлекция кезеңі

-Сабақты тренингпен аяқтау

2 минут

5 минут

3 минут

2 минут

8 минут

5 минут

5 минут

5 минут

3 минут












© 2010-2022