«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін. .. . »

Тақырыбы: «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін....»Мақсаты: ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзияға деген қызығуды арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру, қазақ халқына, тілге, Отанға сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.Көрнекілігі: ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлері, техникалық құрал жабдықтар - мультимедиялық поректор, аудио аппаратура.Түрі: әдеби-сазды кеш.Барысы:Жанды дауыс - ақын...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін....»

Мақсаты: ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзияға деген қызығуды арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру, қазақ халқына, тілге, Отанға сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Көрнекілігі: ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлері, техникалық құрал жабдықтар - мультимедиялық поректор, аудио аппаратура.

Түрі: әдеби-сазды кеш.

Барысы:

Жанды дауыс - ақын дауысы. Бұл естігендеріңіз ақынның өзінің үні, өзінің бояуы.

(Музыка ойналады)

«Бүгін менің туған күнім ой пәлі - ай!»

Оқитын 8-сынып оқушысы Нұрлыбаева Гүлімай

1 - жүргізуші. Қайырлы кеш, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!

Бүгін біз ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!...» атты әдеби-сазды кешіне жиналып отырмыз.

2- жүргізуші: Иә, Мұқағали - ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Хан тәңірдің биік шоқтығындай болған Мұқағали аға! Жатқан жеріңнен, туған топырағыңнан тұрып, бір сәт болса да орал, арамызда бол!

Оқушы: «Арыз жазып кетейін»

1-жүргізуші: Қуат алып Абайдың тіл‐күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден. Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық -шынымен бақытты халық.

7-сынып Амантаев Қасымхан

2 - жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, өлең - жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы сан қырлы. Оны біріміз білсек те, біріміз білмейміз, енді бір сәт оның өмірінен деректерге жүгінсек.

Мұқағалидың анасы - Нағиманның бір сөзінде: Батталова Румия

«Мұқағалиым 1931 жылдың наурыз айының сегізінде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан екі апта кейін «Наурыз тойы болады» деп күтіп отырғанбыз. Ал құжатта қалайша ақпанның тоғызы деп жазылғанын білмеймін. Мұқаңның атын нағашысы Бизақ қойды. Мұхаммед пайғамбар мен пайғамбардың төрт шадиярының бірі - Әли сияқты қасиетті қос есімнен құралған атты иеленген бала тегін азамат болмас,-деген ырыммен қойылды. Кейін жеңгелері «айтуға оңай болсын деп» «Мұқағали» атап кеткен екен.

«Анама» оқитын: Боранов Дамир

Мұқағалидың әйелі - Лашынның айтуынша: Базарбаева Нұрғайша

Ақынның әкесі Сүлеймен 1941 жылы 29 желтоқсанда қан майданға аттанып кете барады. Үш айдан кейін хабар-ошар біржола тоқтайды. Бала Мұқағали өзі де қиын кезеңдегі жетімдікті бастан кешіреді. Әжесі Тиын мен анасы Нағиманның тәрбиесінде жетіліп жатқан оның алғашқы өлеңдерінің тууына да өз әкесіне деген балалық сағынышы себеп болады. Қазір ескі Қарасазда орны ғана қалған, мұражайда сызба жобасы тұрған шағын лашық үйде Мұқағалидың балалық шағы өтеді.

Әкесі Сүлеймен өз қолымен салған сол там туралы:

Мен өскен лашық - бір бөлме,

Бір бөлме - маған мың бөлме.

Хан тағы қараң қалатын,

Босағаңды аттап кіргенде, - деп туған үйдің құдіретін жырға қосқан да болатын. Алғашқы өлеңдерінің куәсі де сол бір өзен жиегіндегі «көзінің қарасындай қымбат» қоржын там да қазақ поэзиясының тарихына еніп кеткенін сезер ме екен ақын жүрегі.

Мұқағали Мақатаев - ешқашан ортаймайтын, ешқашан сөнбейтін мол қазына қалдырған ақын.

«Лашынға» оқитын: Дауақ Нұрсұлтан

1-жүргізуші.

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім,

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Ән: «Сенің көзің » орындайтын 8-сынып оқушылары

2-жүргізуші:

Мұқағали‐біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.Өйткені ол шынында да алауыртқан таулардан түйсік алатын, бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын. Ол асқар Алатауға кең Сарыарқаны қоса құшақтауға құлаш ашқан еді.

«Жазылар естеліктер мен туралы» оқитын:

1 - жүргізуші: Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. кей кейде ол өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез келген адам ақын жанын түсіне бермейді, ақынды ақын жұбатады.

Ақынды ақын оятпаса, ол қайғы,

Ақынды ақын таяқтаса, ол қайғы,

Ақынды ақын күйелесе, ол қайғы.

2 - жүргізуші: Қиналғанда нағыз ақын өзінің тілін ұғатын ақын іздейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты. Енді біз де Мұқағали болып Фаризаға мұң шағайықшы.

Ән: «Фаризаға» орындайтын Мектеп мұғалімі: Назипа Нұртайқызы

1 - жүргізуші:

-Мұқағали мұрасы - біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы (З. Серікқалиев)

2-жүргізуші:

-Біз тірілер, ол туралы білгенімізді айта береміз. Бірде асырып, бірде жасырып, бірде жеткізбей, бірде жеткізіп айтамыз. (Т. Молдағалиев)

1-жүргізуші:

Әр ақынның өлең - өнер болмысында бір қасиет өзгелерінен басымырақ болады. Мысалы: Абайда - ой, Мағжанда - махаббат, Қасымда - от, Мұқағалида - Отан, тазалық, қасиет, табиғат деген ұғым басымырақ.

«Пай- пай, өмір» оқитын: Тасқалиева Мадина 7-сынып

2-жүргізуші: Түпсіз терең махаббат, тұңғиықтан жаралады. Соны да өз көздерімен көре білген ақын шынымен де ғажайып жан. Ешкім білмейтін орындалмаған бар арманның кілтін де махаббаттан іздеген ақын, кіршіксіз сезімді ешбір жалған сөзсіз зерлеген ол жалғыз-ақ - Мұқағали.

Ән: «Мен деп ойла» орындайтын:

1-жүргізуші: Аққулар,

Аққу мойын сүмбе қанат.

Алаңсыз тарану да күнге қарап.

Айдынның еркелері білмей тұрмын,

Етермін таңдырыңды кімге аманат. Қандай ғажайып жыр, киелі құс, адал да таза, пәк құстың тыныштығын бұзған қай жан? Қай адам? Мүлгіген тыныштықтан кім оларды оятқан? Оны тек көзбен ғана көріп, мұңая аламыз. Сахналық көрініс: «Аққулар ұйықтағанда».

Махабатты өлеңге, өнерге сыйғыза білген ақын - талантты ақын.

«Ғашықпын» оқитын 8-сынып оқушысы Бейісова Назерке

2-жүргізуші: Барлығымыз балалық шаққа, бал тәтті кезге оралайықшы. Өткен кезімізді, асыр салған күнімізді, еске түсірейікші.

Ән: «Бақыт деген...» орындайтын:

2-жүргізуші: Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым маған, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей ұрпақтан - ұрпаққа жалғаса береді.

1-жүргізуші: Бүгінгі М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!...» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды. Зер салып тыңдағандарыңызға көп рахмет.





© 2010-2022