Презентации по русской литературе на тему повести Н. В. Гоголя Ревизор (10 класс)

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 10 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Энергияны үнемдеу.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды электр энергиясын үнемдеп пайдалануға үйрету және электр тогымен жұмыс істеген кездегі сақтық шараларын білуге баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісі мен танымдылық қасиеттерін

дамыту. Байқау және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын, ізденімпаздылығын арттыру.

Түрі : Дөңгелек стол

Әдісі: Сұрақ - жауап

Көрнекіліктер: Плакаттар, компьютер, интерактивті тақта

Жүрісі:

І . Ұйымдастыру

Оқушыларды дөңгелетіп отырғызу.

ІІ. Негізгі бөлім

Оқушыларға сұрақтар беріледі.

1 сұрақ. Электр тогы дегеніміз не?

Жауап: 9 сынып оқушысы Әбілхайыр Нұрболат:

Электр зарядтары бар еркін бөлшектердің реттелген қозғалысы электр тогы деп аталады.

2 сұрақ. Электр тогы бар екенін қалай байқауға болады?

Жауап: 10 сынып оқушысы Қаражанова Жұлдыз:

Электр тогы бар екенін оның жылулық (өткізгіштің қызуы), химиялық (ток өтетін заттың химиялық құрамы өзгеруі ) және магниттік ( тогы бар өткізгіштің төңірегінде магнит тілшесінің ауытқуы ) құбылыстарды туғызатын әрекетінен байқауға болады.

3 сұрақ. Электр энергиясын қалай аламыз?

Жауап: 11 сынып оқушысы Қоспақова Әсем:

Электр энергиясы айнымалы токтың индукциялық генераторларынан әр түрлі электр станцияларында өндіріледі. Электр станциялары көмір мен мұнай қорларының жанында ( жылу электр станциялары) немесе өзен - сулардың бойында ( су электр станциялары ) тұрғызылады. Электр станцияларында отынның ( мысалы, көмірдің ) жылу энергиясы электр энергиясына түрленеді. Жоғары қысымда қызған бу ағыны бу турбинасының роторын айналдырады, сонда онымен бір оське орнатылған генератордың роторы да айналады. Су электр станцияларында судың механикалық энергиясы электр энергиясына түрленеді.

4 сұрақ. Электр энергиясы тұтынушыларға жетпей қалуы мүмкін бе?

Жауап: 9 сынып оқушысы Жәрдемғалиева Жанаргүл:

Егер желіге берілетін кернеу жеткілікті түрде жоғары болмаса, уақыт бірлігі ішінде сымдардағы шағын генератордың қуатынан асып кетуі мүмкін, онда энергия тұтынушыға мүлдем жетпей қалады.

5 сұрақ. Біздер күнделікті өмірде неше вольт кернеу қолданамыэ?

Жауап: 9 сынып оқушысы Қойбақова Гүлназ:

Біздер күнделікті өмірде 220 В кернеу қолданамыз.

6 сұрақ. Трансформатор дегеніміз не?

Жауап: 10 сынып оқушысы Шыманов Болатбек:

Трансформатор электр энергиясын тарататын желілерде кернеуді көтеру және төмендету үшін қолданылады.

7 сұрақ. Электрмен қоректендіру ісінің бұзылуына не себеп?

Жауап: 11 сынып оқушысы Достлеуов Ақылбек

Электрмен қоректендіру ісінің бұзылуына көптеген себептер бар, мысалы, жақын жердегі қуатты электр приборын іске қосу / өшіру немесе кенеттен атмосфералық электрлендірудің пайда болуы ( жай түсуі ), т.б. осындай құбылыстар электр желісіндегі кернеудің шамадан тыс күрт өсуінен немесе төмендеуінен, өткізгіштерде жоғары вольтті импульстардың, электрлік шуылдардың пайда болуынан туындайды.

Егер электрмен қоректендіру мәселесі үйдегі немесе жұмыстағы электр желісінің бір - ақ рет өшуінен тұратын болса, онда резервтегі үздіксіз қоректендіру блогын пайдаланумен шектелеміз.

8 сұрақ. Электр тогын жақсы өткізетіндерге нелер жатады?

Жауап: 9 сынып оқушысы Бітан Нұрбек:

Көптеген заттар электр тогын жақсы өткізеді, сондықтан оларды өткізгіштер деп атайды. Өткізгіштерге металдар, иондалған газдар, тұз, қышқыл және сілті ерітінділері жатады.

9 сұрақ. Электр тогын мүлде өткізбейтін заттар бар ма?

Жауап: 10 сынып оқушысы Қаракеш Еламан:

Электр тогын мүлде өткізбейтін заттар бар. Оларды диэлектриктер немесе изоляторлар деп атайды.

10 сұрақ. Лабораториялық жұмыстар жасау кезінде не істеуіміз керек?

Жауап: 11 сынып оқушысы Қиялбаев Айдар:

Ұқыпты, тәртіпті, сақ болу керек! Мұғалімнің берген нұсқауларын бұлжытпай орындау керек. Жұмыс жасап отырған орындарын мұғалімнің рұқсатынсыз тастамау керек. Приборларды, материалдар мен жабдықдарды жұмыс орындарына мұғалім көрсеткен тәртіпте қою керек.

Тапсырманы орындауда қажеті болмайтын нәрселерді жұмыс орынында ұстамау керек.

11 сұрақ. Электр тізбектерін құрастырғанда ток көзін қай кезде қосу керек?

Жауап: 11 сынып оқушысы Оразаев Жанұзақ:

Электр тізбектерін құрастырып, ауыстырып, қосу тетігін жалғап болғасын ток көзін қосуға рұқсат етіледі.

12 сұрақ.Тізбек құрастырылғаннан кейін электр тетіктерін жөндеу керек болса?

Жауап: 10 сынып оқушысы Мақсотова Айзада:

Тізбек құрастырылғаннан кейін электр тетіктерін жөндеу ток көзі ағытылған соң ғана рұқсат етіледі.

13 сұрақ. Кернеу түсіп тұрған электр құралдарының бұзылған жері байқалса? Жауап: 11 сынып оқушысы Ахметов Азамат:

Кернеу түсіп тұрған электр құралдарының бұзылған жері байқалса оларды дереу ток көзінен ағытып, ол жайлы мұғалімге ескерту қажет.

13 сұрақ. Оқушы электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмекті қалай көрсетеміз?

Жауап: 11 сынып оқушысы Қадір Айдана:

• Токты өшіру

• Зақымданушыны ток әсерінен босату

• Дәрігер шақыру

• Зақымданушыны қарап шығып, оған алған жарақатына байланысты көмек көрсету керек.

14 сұрақ. Күйген жағдайда ше? Жауап: 9 сынып оқушысы Қоспақова Альбина:

• Ауырғанды сездірмейтін дәрілер беру;

• Күйген жерге арнайы май жағу;

• Зақымданған жерге суық су құю;

• Алдын - ала жараланған жерді, микробтар түспес үшін мөлдір жұқа қағазбен орау.

15 сұрақ. Есінен танып қалған жағдайда ше?

Жауап: 10 сынып оқушысы Алуарова Данагүл:

Зақымданушыны жауырынымен тегіс жерге жатқызып, басын бір жағына қаратып, қырымен орналастыру керек.

16 сұрақ. Тыныс алысы тоқтаған жағдайда ше?

Жауап: 11 сынып оқушысы Қарекешова Ботакөз:

• Ауызды ашып тілдің орналасу жағдайын тексеру керек, егер тіл күрмеліп қалған болса, оны қолмен дұрыс қалпына келтіру қажет.

• Дем алыс жағдайына келгенге дейін, қолдан дем алдыру ( ауызбен ауызға) немесе дәрігер келгенге дейін жаттығулар жасау.

Қазір өміріміздің электр тогын қажет етпейтін саласы кемде - кем. Адамзаттың өмір сүруін жеңілдетуге негізделген дүниелердің барлығы электр энергиясының көмегімен жұмыс істейді. Осыған байланысты алдағы уақытта да электр энергиясымен бетпе - бет келетін сәттеріміз жиілей түсуі мүмкін. Сондықтан шәкірттердің электр тогына деген қызығушылығын ояту, электр құралдарымен жұмыс істеуге үйрету, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және іскерлікке баулу - дәрістің тәрбиелік міндеті етіп белгіленді. Сабақты оқытудағы міндет - электр құбылыстары туралы білімдерін жетілдіру, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Сонда ғана білімді, аман - сау боламыз.

Электр үнемдеу 1. Энергияны сақтау шамдарын пайдаланыңыз. Энергияны сақтау шамдары дəстүрлі қыздырғыш шамдарға қарағанда қуатты шамамен 80 пайызға кем тұтынады, 8 - 10 есеге ұзағырақ қызмет етеді: • шамның пайдалануы əрқашан нақты қажеттілікке сай келуі керек; • бірнеше нашар қуатты шамнан гөрі бір қуатты шамды пайдаланған жақсы; • шағылысқан жарық көзінен қашыңыз; • əрдайым күндізгі жарыққа бейімделіп жəне оны қолданып,оған сай жұмыс орнын жабдықтаңыз; • шам-шырақты функциясына сай орналасу орнын таңданыз (шамды шын мəнінде оқитын жерге қою жəне т.б). Қыздырғыш шамдарды қазіргі заманғы шамдарға ауыстыруы орташа санағанда, пəтердегі электр қуатын тұтынуды недəуір азайту мүмкіншілігі бар. Қазіргі заманғы электр үнемді шамдары шамамен он мың сағатқа дейін қызмет етеді, ал қыздырғыш шамдар болса орташа санағанда 1,5 мың сағат жұмыс істеп, 6-7 есе аз қызмет етеді. Бірақ бұған қарамастан құны шамамен 2-3 есе қымбат. 11 Вт қуатты люминисценттік шамдар 60 Вт қуатты қыздырғыш шамдармен ауыстыруға болады. Шығындарыңыз бір жыл ішінде ақталады, ал ол 3-4 жыл қызмет етеді. Табиғи жарықты ескермеуге болмайды. Ашық түсті перделер, түсқағаздар жəне төбе, таза терезелер, терезе алдындағы гүлдердін аса көп болмауы пəтердің, кеңсенің жарықталғандығын үлкейтіп, шырақтарды қолдануды қысқартады. Тозаңды (шаң) терезелер табиғи жарықталғандықты 30 пайызға азайтатындығын ескеру керек. 2. Ең үнемді тұрмыстық құралдарды пайдаланыңыз. Қазіргі тұрмыстық құралдар оның негізін салушыларға қарағанда аз мөлшерде қуатты қолдануды қажет етеді. Жабдықты «stand by» (күту режимі) режимінде қалдырмаңыз - «қосу/сөндіру» батырмаларын қолданып немесе тоқтан өшіріңіз. Мысалы: пайдаланылмайтын құралдарды желіден өшіру (теледидар, видеомагнитофон, музыкалық орталық) жылына орташа 300 кВТ/с дейін электр қуатын тұтынуды азайтуға мүмкіндік береді. 20-21 дюйм диагональді - орташа экранды теледидар - күту режимінде 75 мА (миллиАмпер) тұтынады, желі кернеуі 220В, демек тұтыну қуаты Р=I*U (вольт қуаты, ампер тоғы жəне вольт кернеуі), біздің ұйықтайтын теледидарымыз: Р = 0,075 х 220 = 16,5 Вт тең. Егер сіз күніне алты сағат теледидар қарасаңыз, яғни күту режимінде электр тұтыну тəулігіне 297 Вт/с, айына 8910, ол дегеніміз 9 квт/с. Музыкалық орталыққа да ұқсас есеп беруге болады: айына шашамен 8 квт/с, видеомагнитофон айына шамамен 4 квт/с. Қорыта келе, тек үш құралды қолданғаннан - айына шамамен 21 квт/с жұмсаймыз. Шаңсорғышты пайдаланғанда жиын үшін қаптың үшінші бөлігі толы болғаны, шаң соруды 40 % нашарлатады, сəйкесінше бұнда электроэнергияны жұмсауы 40% ұлғаяды. Жүйелі түрде шаңсорғыш қапың жəне жүк сауытың электр энергияны айтарлықтай тұтынуды қысқартады. Кір жуғыш машиналарды қолданудағы басты шарт, іш киімді барынша жүктеп нормаға сай асырмай кір жуғыш машинаның толық емес жүктелуін де болдырмаған жөн, бұл жағдайда электрқуатты 10-15 % дейін артық шығындайсыз. Егер киімді үтіктегенде аз болса да энергияны үнемдегіңіз келсе, оны кеуіп қалған қалпында үтіктемеген жөн. Электр пешті де қолданар алдында оған сəйкес ыдысты да таңдау қажет, дұрыс таңдалмаған ыдыспен 5-10 % энергияны шығындайсыз. Түбі қисық ыдыспен қолданғанда электрқуатты 40-60 % артық шығындайсыз. Электр шəйнектен татын да уақытылы алып тастау керек. Ол шəйнекті көп қыздырғаннан жəне суды қайнатқаннан пайда болып, ұзақ қызып, қайнағанға дейін көп уақытты қажет етеді. Тоңазытқышты да ас бөлменің ең салқын бөлігіне қою қажет, мүмкіндігінше сыртқы жардың жаныңда тұрғаны жөн. Егер сіз тоңазытқышты 30оС температуралы бөлмеге қойсаңыз, электрқуатты тұтыну екі есе өседі. Суықтың сыртқа кетпеуі үшін тоңазытқышты мүмкіндігінше қажетсіз ашпаған жөн. Тоңазытқышқа жылы асты салар алдында, оны бөлме температурасына дейін суытып алу қажет. Тоңазытқышта мұздың қалыптасуында міндетті түрде оны жібіту керек. Көп қабатты мұздың қалыптасуы азық- түліктің суықтауын төмендетеді жəне электрқуатты артық тұтынуға əкеледі. Ұялы телефонның электрқуатымен тотығу құралын тоққа қосып қойғанда да ол қызып кетеді. Бұндай жағдай құралдың тоққа қосылып тұрғанынан болады, сонда 95 % электрқуаты қажетсіз шығындалады. 3. Тамақты əзірлегенде электроқуатты үнемдеу жөніндегі кеңестерге құлақ асыңыз. - жылуды дұрыс пайдалану үшін табақ пен конфорканың түбінің диаметрі бірдей болу керек; - тегіс, жуан түбі бар табақ жəне қатты жабылатын қақпақтардың көмегімен электро энергияны артық шығындауды тоқтатыңыз; - астың пісуіне 10 минут қалғанда электр пешті сөндіріңіз; - асты пісіргенде аз мөлшерде суды жəне жабық қақпақпен пісіріңіз, өйткені судың бітуі асты пісіру уақытын 20-30% көбейтіп, энергияны, суды, уақытты үнемдеп, ол дəмді жəне пайдалы. Астың қайнаған кезіңде төмен температуралы режимге көшу қажет. - көп уақытты қажет ететін асты даярлауда тез пісіргіш құралды пайдаланған жөн; - уақытылы ең жоғарғы режимнен қайнауға дейін жеткізетін режимге ауыстырған жөн. Егер сізде газды пеш болса, жалынның қарқындауын кішірейтіңіз; - алдын ала пешті жылытып алудан бас тартыңыз, тағамдардың көбісі бұны қажет етпейді; - пеште ауаны мəжбүрлі айналым режимін қолданыңыз,өйткені бұл бір мезгілде əр түрлі деңгейде пісіруге мүмкіндік беріп, сонымен қатар жылу жақсы үлестіріледі. Мұның арқасында төмен температураны қолданып толық мəзірді де əзірлеуге болады.

Қорытындылау.

© 2010-2022