Ш. Құдайбердіұлы «Жолама қулар маңайға», «Адамдық борышың» өлеңдері. 6-сынып

Тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы «Жолама қулар маңайға»,«Адамдық борышың» өлеңдері.Сыныбы: 6 Мақсаты:  - Білімділік: Қазақтың қаламы жүйрік ақыны Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен  шығармашылығын терең меңгерту.- Дамытушылық: Шәкәрімнің өскен ортасы, шығармашылығы туралы терең білім беру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға баулу, әндерін үйрету.Оқушылардың Шәкәрім өлеңдерін талдау машығын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.- Тәрбиелік: Шәкәрім шығармаларының тереңдігін сезіндіру адамгершілік, эстетикалы...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы «Жолама қулар маңайға», «Адамдық борышың» өлеңдері.
Сыныбы: 6

Мақсаты:
- Білімділік: Қазақтың қаламы жүйрік ақыны Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту.
- Дамытушылық: Шәкәрімнің өскен ортасы, шығармашылығы туралы терең білім беру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға баулу, әндерін үйрету.Оқушылардың Шәкәрім өлеңдерін талдау машығын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
- Тәрбиелік: Шәкәрім шығармаларының тереңдігін сезіндіру адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру, еңбекқорлыққа, саналылыққа тәрбиелеу. Шәкәрім шығармаларының таралуын насихаттау.
Сабақтың әдісі: шығармашылық, зерттеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Пән аралық байланыс: тарих,
Сабақтың көрнекілігі: портрет, ақын жайлы ұлылардың сөздері, кітаптар, газет-журналдар, сызба - кестелер. Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі
Б) Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.

Абай Құнанабаев өлеңдерін жатқа оқу.

В) Жаңа сабақ

Шәкәрі Құдайбердіұлы «Жолама қулар маңайға» «Адамдық борышың»

Шәкәрім Құдайбердіұлы Шыңғыстау өңірінде 1858 жылы 14 шілдеде дүниеге келген.Атасы Құнанбай, әкесі Құдайберді-Абайдың ағасы, Құнанбайдың Күнке атты бәйбешісінен дүниеге келген,5 жасында оқуға беріліп, 7 жасынан бастап, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болды. Абайдың талантты шәкірті. Әкесі Құдайберді 37 жасында дүние салғаннан кейін Абай ағасының тікелей қамқорлығын көріп өсуі; Абайдың тәрбиесі арқылы талантты ақын, парасатты ой иесі ретінде қалыптасты
Азаматтық, ақындық қалыптасу ортасы.
Арнайы оқу орындарында білім алмаса да, өз бетінше іздене жүріп, Абай ағасының басшылығымен, өз заманындағы білімдар, ғұлама ойшыл, азаматтардың бірі атанды.Араб, парсы, түрік тілдерін жақсы білуі, орыс тілін жетік білуі; 1905-1906 жылдары Меккеге барды.
Шәкәрім лирикасы.
Тұңғыш өлеңін 1866 жылы 7 жасында шығарды.1912-15 жылдардағы халық мұңын жырлау, ел мұратын көздеу, адам қасиеттерін қастерлеу тақырыптары-шығармаларының алтын арқауына айнал
Шәкәрім поэзиясындағы еңбек тақырыбы.
Қоғам дамуындағы еңбектің рөлі туралы; Еңбекті адам бойындағы қасиеттердің ең тұлғалысы деп тануы; «Жолама , қулар, маңайға», «Адамдық борышың» өлеңдеріндегі еңбекті адамның қастерлі парызына балады.
Шәкәрімнің сөз өнерін бағалауы.
Ақынның сөз өнерінің құдіретін түсінуге шақырды.Абай салған соқпақты, әдеби дәстүрді, көркемдік тәсілді басшылыққа алды. Өлең әлеміндегі, сөз патшалығындағы өзіндік жолы, өз бағдарлады.Сөз өрнектерін дамытып, халық әдебиетінің бейнелі образдарын өзіндік мәндік бояумен байыттты.

Г) «Жолама қулар маңайға», «Адамдық борышың»

- Өлеңді мәнерлі оқу
- Мағынаны тану

- Нақыл сөздерді теріп жазу

* Жақсыдан қазына пұл қалар,
Солмайтын жасыл гүл қалар.
Ақылы дария Абайдан
Таусылмас қоры кен қалар.

* Шәкәрім серті:
Серт бергем еңбек етем деп,
- Барша адамзат қамы үшін.
- Алдағы атар таң үшін
- Көтерем тағдыр салғанын
- Өлгенімше ізденем
- Толтырар кемін,қалғанын.
* Шәкәрім өсиеті:Адам үшін еңбегім,
Өмірден барлық тергенім.
Қалғанын қарап ал,
Мұрам сол, жастар, бергенім!*Адамдық борышың
-Халқыңа еңбек қыл
-Ар сақта, оны біл
-Талаптан, білім мен өнер ізде
-Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,
-Жоба тап,
-Жол көрсет
-Келешек қамы үшін!
Д) Пысықтау сұрақтары:

  • Өлеңнен Абай өнегесі қалай байқалады?

  • «Ақ жолдан айнымай, ар сақта» деген өлең жолында автордың айтпақ болғаны не?

  • Ақын шын бақыт деп нені көрсеткісі келген?

Е) Үйге тапсырма.
«Адамдық борышың» жатқа оқу.

«Менің борышым» ойтолғау жазу.

З) Оқушы деңгейіне қарай бағалау.



© 2010-2022