Ш. Құдайбердіұлы. Адамдық борышың 6 -сынып

Білімділік: Жаңа сөздермен таныса отыра, Шәкәрімнің өлеңін мәнерлеп оқу, мағынасын ашу. Дамытушылық: Тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылыардың дүние танымын ойлау қабілеттерін, жазба, ауызша тіл байлықтарын шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Жастарды рухани өсуге, ғылым-білім,өнерге,өнегеге баулу. Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, интерактивті тақта, домбыра, күн шапағы Сабақтың түрі: аралас, дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі: ой шақыру стратегиясы, өлең құрылысына талдау, түсінді...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиеті 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы. Адамдық борышың

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жаңа сөздермен таныса отыра, Шәкәрімнің өлеңін мәнерлеп оқу, мағынасын ашу.

Дамытушылық: Тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылыардың дүние танымын ойлау қабілеттерін, жазба, ауызша тіл байлықтарын шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Жастарды рухани өсуге, ғылым-білім,өнерге,өнегеге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, интерактивті тақта, домбыра, күн шапағы

Сабақтың түрі: аралас, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: ой шақыру стратегиясы, өлең құрылысына талдау, түсіндіру, пікірталас.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Түгендеу.

Назарларын сабаққа аудару.

Жаңа сабақ

Бұл ән

бұрынғы әннен өзгерек

Бұған

айтатын жаңа сөз керек

Өзіңе орайлы....

-Балалар, бұл кімнің әні?

-Бұл Ш.Құдайбердіұлының әні.

Оқушылардың ойын жинақтау мақсатында алдымен Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы не білесіңдер? деген сұраққа жауап алынады.

Тірек сызбаны толтыру.

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:

Ш.Құдайбердіұлының Адамдық борышың өлеңі.

Үнтаспадан «Адамдық борышың» өлеңін тыңдаймыз. Осы кезде слайдпен Шәкәрімнің суреттері, кітаптары шығады. Өлеңді оқушылар мәнерлеп оқып шығады. Бүгінгі кездесетін жаңа сөздермен танысамыз.

Ақ жол-таза, адал жол

Тұл- бос, бекер

Мансап-қызмет, шен

Қауым-халық,ел

Ғибрат-үлгі, өнеге

Өлеңді оқушылармен бірге мағынасын ашып талдау.

Халқыңа адал еңбек етіп, тура жолдан айнымай, арыңды сақтап, білім мен өнерге талпынсаң - адамдық борышың осы.

«Қызметім өсті»,- екен деп мақтанып, өз басыңды ғана ойлаудан аулақ бол!

Өле-өлгенше өміріңде жол көрсетер,жөн білетін адам болуға тырыс.

Адам бұл өмірге қонақ сондықтан да өз білгеніңді өмірден үйренгеніңді басқалармен бөліс, болашақ өміріміз үшін көрген-білгеніңді үйрет, аянба.

Өзіңнен кейін үлгі-өнеге болар сөзің қалса, шын бақыттың өзі осы.

Өлең талданып болғаннан кейін, бейнетаспадан

БІЛІМДІ БОЛУ ЕҢБЕК ЕТУ ӨНЕРЛІ БОЛУ сияқты адамдық борыштарды бейнелейтін іс-әрекеттерді

интерактивті тақтадан қарап, өлең жолдарынан іздеп табу.Оқушылардың көмегімен өлеңнің мазмұнын ашамыз.

Тақтада сөздер берілген. Білімді, мақтаншақ, арлы, білімсіз, еңбекқор, мансапқор, айлакер, жалқау, өсекші, шыншыл, өнерлі, өтірікші, жомарт, сараң, қайырымсыз, ата-ананы сыйлайды.Балалар, адамға тән жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді бөліп жазайықшы.

Адамның жақсы қасиеттері / Адамның жаман қасиеттері

Білімді мақтаншақ

арлы білімсіз

еңбекқор мансапқор

шыншыл айлакер

өнерлі жалқау

жомарт өсекші

ата ананы сыйлайды өтірікші

сараң

Ой толғау

Мына тақырыптар бойынша оқушылар өз ойларын жазады.

1.Халыққа еңбек ету.

2.Білім, өнер үйрену.

3. Өзімшіл болмау.

4. Өміріңді босқа өткізбе!

5. Өміріңді мәнді мағыналы өткіз.

6. Артыңа жақсы із қалдыр.

Балалар өздерінің ойын жазады. Тақырыптарды слайдпен шығарып, баяу музыка қосып қою керек.

Сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылауға күн мен күн шапағын пайдаланамыз. Өлең жолдарында айтылған жақсы қасиеттермен күн шапағын қойып шығады.

Бағалау: Қатысу белсенділіктеріне қарап бағалау.

Үйге тапсырма: «Мен Шәкәрім ұрпағымын» тақырыбына ой толғау немесе өлең жолдарын жазып келу.







© 2010-2022