ҮЗІЛІСТЕРМЕН ОҚУ ЖӘНЕ БЛУМ СҰРАҚТАРЫ

Дайындық жұмыстары: 1. Ұстаз оқу үшін мәтін таңдайды. Таңдау үшін критерилер: - Мәтін берілген аудиторияға мүлдем белгісіз болуы тиіс (кері жағдайда тәсілді қолданудың мағынасы мен логикасы жойылады); - Динамикалық, оқиғалы сюжет; - Күтпеген шешім, «ашық» мәселелі мәре. 2. Мәтін алдын-ала мағыналық бөліктерге бөлінеді. Мәтіннің өзінде қай жерде оқуды тоқтатып, үзіліс жасау керектігі белгіленеді: «бірінші үзіліс», «екінші үзіліс» және т.с.с. 3. Ұстаз алдын ала мәтінге оқушылардың әр түрлі ойлау...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҮЗІЛІСТЕРМЕН ОҚУ ЖӘНЕ БЛУМ СҰРАҚТАРЫ

Әр типті сұрақтарды қолдану арқылы оқуды ұйымдастыру әдістемелік тәсілінің шартты аты

Дайындық жұмыстары:

1. Ұстаз оқу үшін мәтін таңдайды. Таңдау үшін критерилер: - Мәтін берілген аудиторияға мүлдем белгісіз болуы тиіс (кері жағдайда тәсілді қолданудың мағынасы мен логикасы жойылады); - Динамикалық, оқиғалы сюжет; - Күтпеген шешім, «ашық» мәселелі мәре.

2. Мәтін алдын-ала мағыналық бөліктерге бөлінеді. Мәтіннің өзінде қай жерде оқуды тоқтатып, үзіліс жасау керектігі белгіленеді: «бірінші үзіліс», «екінші үзіліс» және т.с.с.

3. Ұстаз алдын ала мәтінге оқушылардың әр түрлі ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған сұрақтар мен тапсырмалар ойластырады.

Ұстаз нұсқаулар береді және мәтінмен жұмыстың ережелерінің сақталуын мұқият қадағалай отырып, үзіліспен оқу үрдісін ұйымдастырады. (Сипатталған стратегия өзіндік оқуда ғана емес, мәтінді естіп қабылдауында да қолданылуы мүмкін).

Сыни тұрғыдан ойлауды ынталандыратын сұрақтардың түрлері:

- «ауыстыру» және талдау (ақпаратты жаңа түрге ауыстыру және оқиғалардың, фактілердің, ойлардың, құндылықтардың арасындағы өзара байланысты анықтау);

- жады (формалды деңгей) - алынған ақпаратты тану және шақыру;

- бағалау - алынған ақпаратқа пікірлер мен ойлар құрылатындай субъективті-жеке көзқарас;

- синтез - алынған ақпаратты логикалық жалпылау, себеп-салдарлық байланыстарды бүтіндей қабылдау;

- анализ - құбылысты үзінді түрінде қарастыру, «жалпы» мәнмәтінде «жекені» ерекшелеу;

- қолдану - ақпаратты сюжеттік мәнмәтінде немесе оның сыртында мәселені шешештін құрал ретінде қолдану;

Ескерту: үзіліспен оқуды шақыру және рефлексия сатысында технологияның басқа тәсілдерімен толықтыра отырып, ұғыну сатысында қолданған орынды.

© 2010-2022