Урок на тему: Ыбрай Алтынсарин-выдающийся просветитель казахского народа

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ы.АЛТЫНСАРИН- ӘДЕБИЕТШІ.

Ысмағұл Жәния

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы

Қазалы аграрлы - техникалық колледжі

Сабақтың мақсаты:

Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері мен шығармашылығының маңыздылығына көз жеткізу .
а) Білімділігі: Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және жазушылық тіл шеберлігін ұғындыру.Қазақ әдебиетіне қосқан үлесін пайымдау.
ә) Дамытушылық: студенттерді шығармашылық жұмыста шапшаңдық танытуға, өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, таным белсенділіктерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.
б) Тәрбиелік: өнерді құрметтей білуге, адамгершілікке, патриоттыққа, еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері: Зейін қойып тыңдау, мәнерлеп оқу, мазмұндама беру, өнегелі білім алу.

Сабақтың типі: дәстүрлі

Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндірілмелі-иллюстративтік әдіс, сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, шығармашылық іздену , ойын элементтері, кластер

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті, қазақ тілі, дін тану

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентациялық слайд, видео материал, бүктеме, кітаптар көрмесі.

Пайдаланған әдебиеттер: «Таза бұлақ» 1988 ж, «Ы.Алтынсарин» 3 томдық шығармалар жинағы, 1975 ж

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1 - 2 мин

Психологиялық дайындық

Сәлемдесу, кезекші көмегі арқылы топ санын түгелдеу.

Студенттерді 3 топқа бөлу . «Білімділер» , «Ғибрат», «Ізбасарлар»

ІІ.Үй тапсырмасы: 10 - 12 мин

1.Ой - қозғау .

Урок на тему: Ыбрай Алтынсарин-выдающийся просветитель казахского народа

2. «Кім білгір?» ойыны

«Білімділер» тобы

  • Ыбырай Алтынсарин қай жылы, қай жерде дүниеге келді? (1841жылы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы)

  • Қай жылы, қандай мектепке қабылданады? (1850 жылы, Орынбор )

  • Ыбырай еңбектерінің жетістіктері неде? ( тұңғыш оқулық авторы, тұңғыш қыздар мектебін, қолөнер мектебін ашқан)

«Ғибрат» тобы

  • 1859 жылы Орынборда кейін досы болған ғалым, профессормен танысады? Ол кім? (В.В.Григорьев)

  • Қай жылы , қай өңір мектептеріне инспектор болып тағайындалды? (1879ж, Торғай облысы)

  • Қандай оқулықтардың авторы? («Қазақ хрестоматиясы)

«Ізбасар » тобы

  • Ыбырайдың орыс достарын атаңыздар? (Н.И.Ильминский, В.В.Григорьев, Я.П.Яковлев)

  • «Қазақ хрестоматиясы» қай жылы, қай жерде басылып шықты? (1879 жылы Орынборда)

  • 1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияда қандай қызмет атқарады? ( тілмаш)

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау. 2 - 3 мин

«Сәйкестендіру» тапсырмасы

Ыбырайдың ықпалымен ашылған мектептерді жылдарына сәйкес табу

IV. Жаңа сабақ. 18 -20 мин

Ыбырай Алтынсарин өлеңдері: өнер-білім, ғылым жайлы

  • Кел, балалар, оқылық

  • Өнер - білім бар жұрттар

Тәрбиелік мазмұнда

  • Әй, достарым

  • Әй, жігіттер

  • Өсиет өлеңдер

  • Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен

  • Ананың сүюі

Әлеуметтік теңсіздікті,ел билеуші әкімдердің келеңсіз қылықтарын сынау

  • Залым төреге

  • Азған елдің хандары

  • Азған елдің билері

  • Азған елдің байлары

  • Әділдік көрмегені үшін төреге айтылған сөз

Табиғат лирикалары: «Жаз », «Өзен»

Ы.Алтынсарин - аударма жанрының көшбасшысы.

  • «Книга для чтения и практических упаржений в русском языке» И.Б.Паульсон

  • «Детский мир» ,«Родное слово» К.Д.Ушинский

  • "Егіннің бастары ","Қарға мен түлкі" И.Крылов

  • Л.Н. Толстой

Халық ауыз әдебиеті

"Жиренше шешен"

"Қара батыр"

"Алтын айдар"

"Қобыланды батыр"

"Жәнібек батыр"

"Бір ақынның әділ төреге айтқаны"

"Нұржан бидің сөзі

"Абылхайыр хан мен Каналы турасында "

Орынбай батырдың Ерденге айтқан әні

""Шектібайдың Карағұл дегенді мақтауы"

"Жанақ пен Баланың айтысқаны"

"Шалгездің Жәнібек ханға айтқан сөзі"

«Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастапқы құралы»

  • Зат есім. Имя существительное

  • Сын есім. Имя прилагательное

  • Сан есім. Имя числительное

  • Местоимение деген сөздің бөлімі. Есімдік.

  • Үстеу, жалғаулық. Наречие и союз

  • Предлог деген сөздің бөлімі.

  • Глагол деген сөздің бөлімі. Етістік

Видео материал көрсету

«Шығармашылық шарт » тапсырмасы

Ыбырай Алтынсарин шығармашылығына арналған өлең н/е эссе, н/е көрініс

V. Білімді бекіту. 8 - 10 мин

«Поэзия минуты » өлеңдерін мәнерлеп оқыту, талдау

VI.Бағалау: 1 - 2 мин

VII.Үйге тапсырма: 1 - 2 мин:

Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына тест тапсырмасына дайындалу

«Дала қоңырауы» тақырыбында реферат дайындау

Қазақ әдебиеті 10 сынып, 83 - 95 бет


© 2010-2022