Урок Менің әкем 4 класс

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4 сынып Пәні: Қазақ тілі күні:

Сабақтың тақырыбы: Әкемнің сүйікті ісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырыптың мазмұнын ашып ,оқушыларға түсіндіру. Оқушылардың білімдерін кеңейту.

Дамытушылық:Оқушылардың жүйелі түрде жауабын алу, қисынды ойлау қабілеттерін.тілін дамыту.

Тәрбиелік:Өз ата-аналарын құрметтеуге,сыйлауға тәрбиелеу.Өз отбасынбағалауға үйрету.

Көрнекіліктері: тақырып бойынша суреттер, кесте,қимасөздер,

шығармашылық ағашы,сиқырлы сандық

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, қайталау, іздену,ойын

Пәнаралық байланысы: ана тілі,өзін-өзі тану

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық жүргізу: оқушылар бір-біріне жылы сөздер, тілектер айтады . балалар бүгін сабақта сендерге сәттілік ,жақсы оқушы болуға ,төрт пен бес бағаларын алуға тілеймін/

І. Ұйымдастыру кезеңін өткізу: / доппен өткіземін/

-бүгін аптаның қай күні?

-кеше аптаның қай күні болды?

-ертең аптаның қай күні болады?

-демалыс күндері қандай?

-қазір қандай жыл мезгілі?

-күз айларын кім атайды?

-қазір күздің қандай айы?

-бүгін қарашаның нешесі?

ІІ.Үй жұмысын тексеру:оқушылар «әже» өлеңін мәнерлеп оқиды

ІІІ Жаңа сабақ:

-Балалар, өмірдегі ең қымбатты,ардақты жаңдар Әке мен Ана.Ата-аналарды сыйлау, құрметтеу, қадірлеу әрқайсымыздың парызымыз.Қуанышымызға бірге қуанып, қайғымызға ортақ болатын, ол біздің анамыз. Ата-аналардың ақылын тыңдап, берген кеңесін бұлжытпай орындап жүрсеңдер, онда сендер жақсы, тәрбиелі, әдепті оқушылар болып шығасыңдар.

Жаңа сөздермен жұмыс:

балалар, қазір ең бірінші сабақ барысында кездесетін жаңа сөздермен танысайық:

парыз-долг

ақылды-умный

қуаныш-радость

тәрбиелі- воспитанный

сүйкімді-обаятельный

еңбекқор-трудолюбивый

ақкөңіл-добрый

2)жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

3)оқушылар жаңа сөздермен сөз тіркесін құрайды

/інім тәрбиелі,ақкөніл анам,еңбекқор әкем,қарындасым ақылды/

Суретпен жұмыс:

жаңа сөздерді пайдаланып, оқушылар сурет бойынша сөйлемдер

құрастырады.(баяу әуен ойнайды)./ суреттер беріледі/

Мысалы:-Менің әкем еңбекқор.

-Сіңлім өте ақылды.

-Сергіту сәті (қара жорға)

5)-Ал, балалар, біз ата-аналарымызды қадірлеу, сыйлау керек екенін

білеміз.Ал сендер ата-аналарыңды жақсы көресіңдер ме? сыйлайсыңдар

ма? құрметтейсіңдер ме?

-Ал барлық жылы сөздер неден шығады деп ойлайсыңдар?/жүректен/

-Ендеше, ата-аналарына жүректен шыққан қандай жақсы сөздер айта

аласыңдар? (қолдарына жүрек беріледі, оны балалар қолдан қолға беріп

ата-аналар туралы жылы сөздер айтады)./мейрімді,ақылды,сүйікті/

Тапсырмалармен жұмыс жүргізу:

оқушыларға қима қағаздарда ата-ана тақырыбына байланысты сөздер

беріледі, олар дұрыс сөйлем құрастырады.

-Менің анам дүкенде жұмыс істейді.

-Менің әкем инженер.

-Менің анам ауруханада дәрігер болып жұмыс істейді.

дәптермен жұмыс

бір оқушы тақтада «ана» сөзін жіктейді.

Менің анам

Сенің анаң

Сіздің анаңыз

Оның анасы

екінші оқушы «әке» сөзіне фонетикалық талдау жасайды.

ә/ке-екі буын,ашық

ә-дауысты дыбыс, жіңішке, ашық, езулік

к-дауыссыз, қатаң

е-дауысты дыбыс, жіңішке, ашық, езулік

оқулықпен жұмыс : /б.75 1 тапсырма/

1-ші тапсырмадағы берілген диалогті оқып шығамыз

тапсырма: кестедегі отбасы мүшелерін тап.

Қарындас,ана,әке,әже,ата,сіңлі,іні,аға,әпке,қыз,ұл,тәте

Ә-әже,әтеш

К- күз,көз

Е -есек,есік

«Сиқырлы сандық» ойынын жүргізу.

-Балалар, тақтада нені көріп тұрсыңдар?

-Сандықты

-Бұл жай сандық емес, сиқырлы сандық, оның ішінде ғажайып сұрақтар

бар, егер сендер бұл сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, менен сыйлық

аласыңдар.

1ден-10-ға дейін сана

Бір жылда неше ай бар?/12/

Көптік жалғауларды ата,мысалы келтір/лар,лер,дар,дер,тар,тер/

Аптада неше күн бар, атап шық?/7/

Бір жылда неше мезгілі бар?/4/

Неше буын бар?/3/

Неше тән әріптерді білесін?/9/

Класстерді құрастыру арқылы сабақты бекіту:

Әке

Рефлексия: шығармашылық ағашта балалар гүлдер, жемістер арқылы

өздерінің көңіл-күйлерін білдіреді.

Жемістер- балаларға сабақ өте ұнады көнілді болды

Жасыл жапырақ- балаларға сабақ ұнады, бірақ бір нәрсе түсінбеген сияқты

Сары жапырақ- түк түсінген жоқпын,ештене ұнамады

VI.Үйге тапсырма беру:б. 74 3 тапсырма,б.76 5 тапсырма

VII.Бағалау.



© 2010-2022