ЖҚТБ – ның алдын алу іс-шараларының жылдық жазбаша есебі

Рәміздер күні» аптанаң бірінші күні белгіленіп, жалпы мектебіміздегі 923 оқушы түгел қатысып, алғашқы сабақ мемлекеттік ән ұран мен басталады. Сондай- ақ мектептегі өткізілетін әрбір салтанатты жиын ҚР мемлекеттік әнұранмен басталып, мемлекеттік ту көтеріледі. Мектебіміздің кіре берісінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері тақырыбында стент ілініп, мемлекеттік ту, елтаңба, ән ұранның шығу тарихы жазылған. Жыл бойы мектеп кітапханасында бұрыш ұйымдастырылып қойылды. «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері» тақырыбында бейнелеу пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен сурет байқауы өткізіліп, жеңімпаз оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. 5- сынып жетекшісі Ж.Балова «Әнұраным - айбыным» тақырыбында тәрбие сағатын өткізіп оған 20 оқушы, 12 мұғалім қатысты. «Көк байрағым желбірей бер!» тақырыбында тәлімгер А.Лепесова оқушылар жиынында баяндама оқып барлық оқушылар мен сынып жетекшілер қатысты. Аудандық ішкі саясат бөлімінің 17.02.2012 жылғы №33 шығыс хатын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 20 жыл толуына орай мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған іс – шаралар жоспары жасақталып жұмыстар жүргізілді. 21- 29.02.2012 жыл 1 – 11 сыныптар арасында Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихына аралган тәрбие сағаттыры өткізілді. Қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастырумен 8-10 сыныптар арасында «Ел... 5-9 сынып оқушылары арасында «Елтаңбам елдігімнің белгісі» тақырыбында ақындар мүшайрасы өткізіліп, оған 12 оқушы қатысып жеңімпаз оқушылар марапатталды. «Геральдика» бойынша мектебіміздегі ҚР рәміздері талапқа сай орналасқан
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«26» ақпан 2014ж.

Коучинг сабағының жоспары.

Коучинг сабағының тақырыбы:

«Дарынды және талантты балаларды оқыту»

Жалпы мақсаты:

  • Талантты және дарынды балаларды қалай анықтауға болатынына көмектесу.

  • Талантты және дарынды балаларға қандай жағдай жасауға болатынын бірлесе шешу.

  • Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға үйрету.

  • Дарынды балалар топта қалай жұмыс істейтінін үйрету.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:

Талантты және дарынды балаларды анықтай алу. Мұндай балалардың қабілеттерін әрі қарай дамытуға көмектесу.

Негізгі (түйінді) идеялар:

Талантты және дарынды оқушылардың әлеуетін дамыту

Барысы:

І.Әріптестерді қарсы алу

ІІ. Тәттілер арқылы топқа бөлу

ІІІ. 1-тапсырма: Миға шабуыл

"Дарын","Дарындылық" «Қабілет», «Талант» деген ұғымдарға қандай түсінік бере аласыз?

1 - топқа: «Дарын», 2 - топқа: «Қабілет», 3 - топка «Талант»

Топтық жұмыс. (Мұғалімдер өз ойын білдіреді)

2-тапсырма: Олимпиада жеңімпаздары, олимпиадаға қатысушы, зерттеу, ғылыми жоба жұмыстарымен айналысатын оқушыларыңыз бар. Сол оқушыларыңызды естеріңізге түсіріп қағазға жазуларыңыз сұралады. Неліктен сіз осы оқушыларды таңдап отырсыз? Қандай қасиеттеріне қарап таңдап отырсыз? (Жеке жұмыс. )

3-тапсырма:Дарындылық туралы екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Сіздің ойыңыз...

1.Балалардың барлығы да дарынды болады...

2.Дарынды балалар сирек кездеседі...

(Топтық жұмыс. Өз ойларын флипчартқа түсіру.)

IV. Бейнефильмдер топтамасы

1.Жaнсaя Aбдумaликовa

2.Еркеш Хaсен

3.Жaмбыл Дүйсенов

4-тапсырма:Сұрaқ: осы көрген бейнежaзбaлaрдaн не aйырмaшылық, не ұқсaстық көріп тұрсыздaр?

Мұғалімдер жауабы.

5. Сергіту кезеңі.

5-тапсырма: Сұрақ- Бейнефильмдегі балалар Дж.Ренцуллидің қай дарындылық моделіне жатады?

Өз оқушыларыңызды Дж.Ренцуллидің қай дарындылық моделіне жатқызар едіңіз?

6- тапсырма: Сіздің ойыңызша Дарынды балалардың бойында қандай ерекшеліктер болу керек? Топпен жұмыс

Бейнеслайд - Дарынды баланың мінез-құлқындағы ерекшеліктер

Ой толғау.

«Менің қиялымдағы дарынды оқушы». Эссе жазу (4-5 сөйлем)

Қорытынды.

Рефлексия

Дереккөздер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық, 50-58 беттер

2.45minut.kz

3. Үлестірмелі материалдар

Құрал - жабдықтар:

АКТ, суреттер, стикер, ватман, түрлі түсті маркерлер

Дайындаған: Үстірт орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі К.Ж.Мақсымбай
















































© 2010-2022