Открытый урок по казахскому языку на тему Путешествие в Астану (6 класс)

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок по казахскому языку на тему Путешествие в Астану (6 класс)Открытый урок по казахскому языку на тему Путешествие в Астану (6 класс)Открытый урок по казахскому языку на тему Путешествие в Астану (6 класс)Открытый урок по казахскому языку на тему Путешествие в Астану (6 класс)Открытый урок по казахскому языку на тему Путешествие в Астану (6 класс)Сабақтың тақырыбы:Қазақстанның елордасы-Астана

Сабақтың мақсаты:

1Білімдік: Елордасы-Астана туралы жан-жақты білімдерін кеңейту, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру. Мәтінді мәнерлеп оқуға, тіл ұстарту.

2Дамутышылық:Сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушылардың тапқырлық, ізденымпаздық қасиеттерін қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге үйрету.

3Тәрбиелік.Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Отансүйгіш ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:саяхат сабағы

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, карта, суреттер

Сабақтың әдіс-тәсілдері: интерактивтік оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, сөйлемдер құрастыру, мәнерлеп оқу

Сабақтың барысы:

1Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіңдерме балалар?

- Қазір қандай сабақ?

- Қазақ тілі нешінші сабақ?

- Балалар қазір қай жыл мезгілі?

- Күз айларын атаңдар?

- Қазір қай ай?

- Қарашаның нешесі?

- Аптаның қай күні?

Мотивация кезеңі.

Басымызды сипаймыз-жақсы ойлау үшін, құлағымызды сипаймыз-жақсы есту үшін, көзімізді сипаймыз-жақсы көру үшін, алақанымызды сипаймыз-жақсы баға алу үшін. Ал балалар сендерге бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.

-Тақтаға назар аударамыз, сөз жұмбақты шешіп, сабақ тақырыбын анықтаймыз.

флипчарт

1 памятник

2 площадь

3 гостиница

4 музей

5 торговля

6 парк

Ортасында қандай сөз шықты? Елорда

-Бүгінгі сабағымыз ерекше, ол-саяхат сабағы. Елордамыз -Астана қаласына саяхатқа шығамыз.

Саяхатқа шығар алдында үй тапсырмасын тексереміз. Астана туралы тақпақ, сурет дайындап әкелу керексіңдер.Өздерінің шығармашылық жұмыстарыңды көрсетесіңдер.

-Кім дайын?

(оқушылардың шығармашылық жұмыстары).

-Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда карта болуы керек.

-Ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.


Саяхат картасы

3.Пирамида

2. Бәйтерек 4.Ақ Орда

1. Вокзал 5. «Думан»

6. «Хан шатыры»

1-аялдама Вокзал. Сөздікпен танысу .

ғимарат- здание биік ғимарат

аялдама-остановка автобус аялдамасы

көрікті-красивый көрікті көшелер

танымастай-неузнаваемо танымастай өзгерді

орталық-центр қала орталығы

болашақ-будущее болашағы үлкен

Сөз тізбегі Сөз тіркесі тізбегі Сөйлем тізбегі

2-аялдама. «Бәйтерек» Енді екінші аялдамамыз Астана -Бәйтерек монументі

слайд

(Арлан тақпақ оқып береді)

Бәйтерек-Астананың төріндегі,

Өресі биіктіктің өмірдегі.

Аялы алақаны Елбасының,

Секілді өшпейтұғын сенім мөрі.

Самсаған қара орманым -байтақ елім,

Сынға сап сан жақсыны байқап едің.

Еңсесін елдігіңнің биіктеткен,

Ортаңда бойлап өскен Бәйтерегің.

1. Мәлімет беру.

Бәйтерек -бас қаламыздың символы.Монументінің биіктігі 97метр.

Бәйтерек-Елсілдің сол жағындағы бой көтерген алғашқы сәулет туындысы.

Мұндай әсем ескерткіш Туркия астанасы Анкарада және Австралияның Сидней қаласында бой көтерген. «Астана-Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы- Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаев.

2. Тапсырма-Балалар, Бәйтерекке міну үшін мынадай тапсырма орындауымыз керек.

1-қатарға «Бәйтерек», 2-қатарға «Ғимарат», 3-қатарға «Болашақ» сөздеріне фонетикалық талдау жасау.

-Міне , балалар, Бәйтерекке мініп, көріп саяхатымызды жалғастырамыз.

3-аялдама «Пирамида» Келесі аялдамамыз Пирамида немесе Бейбітшілік пен келісім сарайы деп аталады.

Мәлімет беру: Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1,5 мың орынға арналған опера залы,жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.

Оған жету үшін мына тапсырманы орындауымыз керек.

тапсырма

1-қатарға «Мұражай», 2-қатарға «Көрнекті», 3-қатарға «Пирамида» сөздерін септеу.

Келесі аялдамамыз Ақ Орда - Елбасы резиденциясы

4-аялдама «Ақ Орда»

«Ақ Орда» Қ.Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш.м құрайды.Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты,ҚР министрліктер үйі орналасқан.

Тапсырма

Ал, қазір Отан туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер, соны айтып беріңдер.

Сергіту сәті ретінде «Аудармашы» ойынын өткізу

5- аялдама «Думан»

«Думан»ойын- сауық орталығына келіп қалдық.

Мәлімет беру: «Думан» ойын-сауық орталығы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д кинотеатры, «Джунгли» аттракционы,боулинг, көпфункционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» ересектердің де,балалардың да сүйікті демалыс орны.

Тапсырма

Мәтінді оқу, аудару

Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы - Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.

Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, «Интерконтинеталь» қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Қаланың ортасында 5 жұлдызды «Алатау» қонақ үйі салынды.

Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының саны 518 мың адам.

Астана - болашағы үлкен қала.

6-аялдама «Хан шатыры»

Мәлімет: Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын-сауық орталығы. 200 дей мертлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кино театрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындар өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.

Тапсырма

«Қазақстандықтар» сөзінен сөздер құрау

Қазақ, астана, сандық, ақ, қаз, қыз, ат, ар, ас, дана, ана, ата,

Бекіту:

Балалар, бүгін біз үлкен тақырыпты өттік. Астана қаласына саяхат жасадық.

Енді Астана туралы бейнефильм тамашалайық(3минут)

Бүгінгі сабағымыз аяқталды , рақмет.



© 2010-2022