Русский язык

Тақырыбы: Адам мінезімен танылады Мақсаты: а) оқушылардың мінез - құлық туралы түсініктерін кеңейту. б) мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. в) жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу Әдісі: сұрақ - жауап, ізденушілік жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Барысы: 1. «Есімдер аллитерациясы» Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіздің мінезіңіз туралы айтып кету керек. Мысалы: Мен ақылды – Ай...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Адам мінезімен танылады
Мақсаты: а) оқушылардың мінез - құлық туралы түсініктерін кеңейту.
б) мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
в) жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Әдісі: сұрақ - жауап, ізденушілік жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Барысы:
1. «Есімдер аллитерациясы»
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіздің мінезіңіз туралы айтып кету керек.
Мысалы: Мен ақылды - Айгүлмін. Ақкөңілмін, тез ашуланам.
Мен сымбатты - Сабирамын.
2. Топқа бөлу
4 түсті жүрекшелерден бір - бірден таңдап, бірдей түстілер бір топ болады.
3.«Мағынаны тану»
• Неліктен «Мінез - адам көрсеткіші» болады деп ойлайсың?
• Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?
• Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
• Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсың?
. Абайдың өлең жолдарын еске түсіре отырып, талдату.
Абай айтқан адам бойындағы міндердің бүгінгі күндегі көріністері қандай?
4.«Жақсы адам», « жаман адам» қасиеттер жиынтығы ( постер қорғау)
5. Шегенің ізі видеоролик
Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: «Маңайындағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір - бір шегеден қағып отыр», - деп табыстапты.
Алғашқы күні - ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді сол достарыңмен жеке - жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», - дейді.
Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: «Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Достарыңмен төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір - бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңіліне кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтыра.
Иә, реніш артынан риясыз кешірілсе жақсы, әйтпесе, көп жағдайда жан сыздатар, еске түскен сайын көңілді қаралап, жанды жаралайтын із тастап кететіні, ащы да болса ақиқат.
«Алдыңа келсе, атаңның айыбын кеш» деген бабаларымыз әрқашан кешірімді негіз етіп ұстаған. «Бір ашуыңды маған бер», «Тентегімді жөнге салуды өзіме қалдыр», «Бір білместік өтті», егер бала болса « ісінің шалалығы» деп, жас болса « жастық шақта кімнің басынан не өтпейді» деп, үлкен кісі болса « жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ бола ма» деген секілді сөздермен әйтеуір екі жақты өз рәуішінде бітістіруге, араларын татуластыруға, артын тым ушықтырмауға тырысқан.
6.«Іскерлік ойын - «Өзімді бағалаймын» таратылған парақтарды толтыру
Жағымды қасиеттерім, Жағымсыз қасиеттерім
Сіздерге таратылып берілген параққа оң жағына «жақсы» «жаман» қасиеттеріңізді тізіп жазыңыз. Ол үшін алдымен өзіңіздің бойыңызды қандай қасиеттер бар соны ойланып алып, екі бағанға бөліп жазыңыздар. (3минут уақыт беріледі)
1. Қандай қасиеттеріңізді көп жаздыңыздар?
2. Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?
3. Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе?
4. Бұдан былай жиі есіңізге түсіріп отырасыз ба?
Бұл жаттығуды жүргізудегі негізгі мақсатымыз біріншіден өзімізді, екіншіден басқа адамдарды танып білу үшін болса, үшіншіден бойымыздағы жаман қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерімізді асыру болады.
7. Есіңе сақта
Ұлағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсіндір.
Жақсы мінез - құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез - құлыққа байланысты.
Әл - Фараби
8. Шығармашылық жұмыс
«Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында эссе
9«Сұлулықтың» қандай түрі бар (ассоциация)
Мінез сұлулығы (байсалдылық, жайдары мінез, көпшіл көңіл)
Түр сұлулығы ( бота көз, әдемі жүз)
Дене бітімінің сұлулығы (ұзын бой, түзу аяқ, шымыр дене)
Жан сұлулығы(көп білу, шешен тіл, шыншылдық, қыз балаға нәзіктік, жігітке қайсарлық )
Мінез сұлулығы. Жанның да өз әсемдігі бар, оның кербездігі - істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлейді. Оның алғашқы белгісі жаратпайтын адамы туралы жақсы пікір айту.
10. Қорытынды
Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез - құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі - өнегесімен, ата - әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.
Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.
Рефлексия
- Өзіңе пайдалы мәлімет ала алдың ба?
- Қандай әсер алдың?
- Тілегіңмен ұсынысың бар ма?

© 2010-2022