Тахауи Ахтанов Күй аңызы

      Т.Ахтанов «Күй аңызы»әңгімесі    1-тапсырма: Топтық жұмыс жасалынады. 1-топ: Өнер сөзінің білдіретін мағынасы қандай?.Қазақ халқының қандай өнерін білесіңдер? :2-топ  Күй сөзінің білдіретін мағынасы қандай? Қазақтың қандай күйлерін білесіңдер?  3-топ  Күйші сөзін қалай түсінеміз? Қазақтың қандай күйшілерін білесіңдер? Әңгімені композициялық құрылымына талдау. 1. Оқиғаның басталуы (экспозициясы)       Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілер әңгімесі. 2. Оқиғаның дамуы       Жалғыз нардың кезігуі...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Т.Ахтанов «Күй аңызы»әңгімесі

1-тапсырма: Топтық жұмыс жасалынады.
1-топ: Өнер сөзінің білдіретін мағынасы қандай?.Қазақ халқының қандай өнерін білесіңдер?

:2-топ Күй сөзінің білдіретін мағынасы қандай? Қазақтың қандай күйлерін білесіңдер?
3-топ Күйші сөзін қалай түсінеміз? Қазақтың қандай күйшілерін білесіңдер?


Әңгімені композициялық құрылымына талдау.
1. Оқиғаның басталуы (экспозициясы)
Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілер әңгімесі.
2. Оқиғаның дамуы
Жалғыз нардың кезігуі, аруананың зары, домбыраға тіл бітуі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі.

  1. Оқиғаның шиеленісуі
    Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы.
    4. Оқиғаның шарықтау шегі
    Жаңа күйдің пайда болуы.
    5. Оқиғаның шешімі
    Күйшінің жолын жас жігітке беруі немесе нардың июі.

    2-тапсырма: Әңгімеден үзінді беру.
    І топ Қарт күйшінің Оразымбетке менің күйімді үлгі етсең де, менің өмірімді үлгі етпе деген сөзін қалай түсінеміз?
    ІІ топ Естемес күйшінің "күйге қыз берген қазақты әлі көрген жоқпын"- дегенінен не түсінуге болады?
    ІІІ топ Бозінгенді көргенде Оразымбет қорықты. Естемес жан -жарасын түсініп аруана деп атады. Боз інгенмен Естемес қарттың өмірінде қандай ұқсастық бар?

    3-тапсырма: Сөздер сөйлейді ойыны.
    І топ - Әкемнің ұлы жоқ, айып етпеңіздер. Жаңылға қандай мінездеме берер едіңіз?
    ІІ топ - Өлімнен ұят күшті . Шалға қандай мінездеме берер едіңдер?
    ІІІ топ ...Он алты-он жеті жаста болар...", "...ұзатылар уақыты да жеткен екен ғой..", - деп ойлады ішінен күйші. Қазіргі кезбен салыстырғанда не айтар едіңдер? Қалай ойлайсыңдар?
    Сенің ойыңша неге осылай болды?.
    1. Жаңыл неге екі күйші де өнерлеріңді бірдей салыңдар деп айтты?
    2. Естемес қарт неге өз өмірін өзгертуден бас тартты?
    3. "Заманым өткен екен ғой", - деп неге күрсінді?


© 2010-2022