Конспект урока по казахскому языку на тему: Тіл мәдениеті (7 класс)

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

04.09.2015ж.

Сынып: 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Тіл мәдениеті»

Сабақтың мақсаты: Тіл мәдениеті туралы әдеби тілдің нормасы мен оның дамуы мен ауызекі сөйлеу арқылы қарым-қатынастарын нығайта отырып, оқушыларды ауызекі тілде сұхбаттасу арқылы таза сөйлеуге, ойлауға, жазуға дағдыландыру. Өз Отаннын, жерін қадірлеп, өз елінің мәдениетті азаматы болуға баулу.

Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Ақын жазушыларымыздың қанатты сөздері:

«Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады» Ғ.Мүсірепов

«Ана тілін білмейтін адам - бір қолы жоқ шолақ адам сияқты» Ғ.Мұстафин

Сабақ жоспары:

1) Психологиялық дайындық.
2) Үй тапсырмасын тексеру.
3) Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын сұрау.
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, менде бірге өшемін!

3. Жаңа сабаққа көшу.


І. Қызығушылығын ояту

Мұғалімнің сөзі: Тіл - қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам - туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз бар. Ал, бұлардың бәрі - адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Сондықтан біз мәдениетті ойланып, сөйлеп үйренуіміз керек.

ІІ. Мағынаны тану

«Тіл мәдениеті» мәтінін оқып оқушылардың пікірін алмастыру

Сөздікпен жұмыс.
Күлдіру - смешить
Күйдіру - огорчать
Сүйсіндіру - влюблять
Сүріндіру - спотыкаться
Бүлдіру - испортить
Жұбату - утешать

ІІІ. Ой толғаныс. Тілші ойыны арқылы


Сұрақтарға жауап беру: Мәтін бойынша тіл мәдениетіне қатысты өз ойларын сұрақ бойынша толықтыру.

  • Тілді қадірлеу неден басталады?
    Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады

  • Адам мәдениетінің алғышарты не болып табылады?
    Адам мәдениетінің алғышарты - дұрыс сөйлей білу болып табылады

  • Тілін білмеген нені білмейді?
    Тілін білмеген - түбін білмейді.

  • Қазақта дұрыс сөйлей білу мәдениеті деп нені атаған?
    «Аталы сөз - баталы сөз» деген екен.

  • «Тілін білмеген - түбін білмейді» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сөз мәдениетін дұрыс сөйлей, ойлай алмайтын адамды айтады.
Қазақта ойланып барып сөйле деген нақыл сөзде бар.

Топпен жұмыс:

І топ: Кітап бойынша мәтіндегі тұйық етістіктерді теріп жазып септу
ІІ топ: Берілген сөйлемді толықтырып жазу
ІІІ топ: Тұрақты тіркестерді сөздіктен құрап, мағынасын ашу.
Тұрақты тіркестерді қолданып, сөйлемдер құрау

Тілге келмеу - қарсыласып, ұрысып сөйлемеу
Тілді байлау - сөз бермеген адамды айтады
тілі қышыды - айтқысы келген адамды айтады
тілсіз қалу - сөйлемей қалған адам


ІV. Өзіндік жұмыс


Рөлім - оқушы

Аудитория - сынып

Формасы - мәдениетті сөйлеу

Тақырып - Тіл мәдениеті

Мен мәдениетті сөйлеймін.

Менің мәдениетті сөйлейтінімді бәрі біледі.

Мен қызықты кітап оқимын.

Менің көркем тілмен сөйлейтінімді біледі.

Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабағымызда нені үйрендік? Сабақ ұнады ма?

Үйге тапсырма: Деңгейлік тапсырмаларды орындау. Бағалау.



© 2010-2022