Синонимдер

Сабақтың мақсаты:  1. Білімділік: синоним  туралы  мәлімет беру,жасалу жолдарын түсіндіру.Синонимдік қатарлардың әр түрлі сөз таптарынан жасалатынын байқату.Олардың кез келген сөздермен тіркесе бермейтінін ұғындыру. 2. Дамытушылық: өз ойын жүйелі түрде айта білуге , сөздік қорын  дамытуға, шығармашылықпен жұмыс істей білулеріне  машықтандыру; 3. Тәрбиелік: ана тілін сүюге , ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, адамгершілікке  тәрбиелеу. Сабақтың түрі:  топтық , деңгейлік тапсырмалар. Сабақтың әдісі: репродуктивті-түсіндірмелі ,сұрақ-жауап,талдау, шығармашылық тапсырмалар Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері. Сабақтың көрнекілігі:   грофопроектор, үлестірмелі қағаздар мен кесте
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ОҚО. Түлкібас ауданы

№47 М.Шаханов атындағы орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ермекбаева Айгүл Тәліпқызы

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 5

Өтілетін күні: 18.10.2013 ж

Сабақтың тақырыбы: Синонимдер

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: синоним туралы мәлімет беру,жасалу жолдарын түсіндіру.Синонимдік қатарлардың әр түрлі сөз таптарынан жасалатынын байқату.Олардың кез келген сөздермен тіркесе бермейтінін ұғындыру.

2. Дамытушылық: өз ойын жүйелі түрде айта білуге , сөздік қорын дамытуға, шығармашылықпен жұмыс істей білулеріне машықтандыру;

3. Тәрбиелік: ана тілін сүюге , ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық , деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың әдісі: репродуктивті-түсіндірмелі ,сұрақ-жауап,талдау, шығармашылық тапсырмалар

Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері.

Сабақтың көрнекілігі: грофопроектор, үлестірмелі қағаздар мен кесте

Сабақтың барысы:

Сабақтың міндеті:

-тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорларын толықтыру, омониммен салыстыру;

-сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру,белсенді ойлау,есте сақтау,ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту;

-бірін-бірі сабақ барысында тыңдауға дағдыландыру:.

Сабақтың эпиграфы:

Ашық аспан болсын!

Әр күніміз біздің

Сәттілікке толсын!

Қазақ тілі пәнінен,

Білмегенді білейік

Үйренейік ,күлейік!

Сабақты деңгейлік,топтық тапсырма арқылы жүргізу:

Жоспар:

  • І. Ұйымдастыру кезеңі

  • ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • ІІІ. Жаңа сабақ

  • ІҮ. Синоним белгілері

  • Ү. Деңгейлік тапсырма

  • ҮІ. Жаттығулармен жұмыс

  • ҮІІ. Кім тапқыр?

  • ҮІІІ. Тапсырмамен жұмыс

  • ІХ.Сабақты қорыту мен бағалау

  • Х. Үйге тапсырма

Оқушыларды үш топқа бөлу.

Бірінші топ - "Инабат"

Екінші топ - "Ізет"

Үшінші топ -"Мәдениет»

Үй тапсырмасын сұрау:

Үйге берілген 68-жаттығуды бөліп оқыту.

Үй тапсырмасын қорыту сұрақтары:

1.Омоним дегеніміз не?

2. Омоним қалай жасалады?

3.Омонимдердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы қандай?

Жаңа сабақ

Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады

Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады

1.Сөздің дыбысталуында өзгешелік болуы керек;

2.Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек;

3.Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы тиіс.

Синонимдік қатарлар

әр сөз табының құрамында кездеседі:

1.-зат есімдерден болған синонимдер:

өң, түр, түс, келбет, пішін, ажар,рең.

2.-сын есімдерден болған синонимдер:

салмақты,сабырлы,байыпты, ұстамды.

3.-етістіктерден болған синонимдер:

амандасу, сәлемдесу, есендесу.

4.-үстеулерден болған синонимдер:

тез ,жылдам,шапшаң, лезде.

Дәптерлерді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Түп-түзу боп отырып,

Көркем етіп жазайық.

Жаттығулармен жұмыс:

70-жаттығуды берілгеніне қарай орындау.

Ауызша ой дамыт.

Синонимдер Дәрігер суреті

Синонимдер Батыр суреті

Синонимдер Жайлау суреті

Тақтамен, кеспемен жұмыс жүргізу

Сергіту сәті.

  • Барлығымыз еркін отырып, көзімізді кезегімен жоғары-төмен 25 секунд, оң жаққа-сол жаққа 15 секунд қара.

  • Көзіңнің қарашығымен аты-жөніңді жаз, ұзақтығы бір затқа 20 секунд, алдыңдағы қағазға 20 секунд көзіңді тік;

  • Сағат тілі бойынша оған кері қарай көзіңмен үш бұрыш және квадрат сал.

Деңгейлік тапсырмамен жұмыс

І деңгей

  1. Берілген "сұлу" сөзінен синоним сөздер шығарып жазыңда

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  1. Берілген синоним сөздерін қатыстырып сөйлем құраңдар.

ұшты,көтерілді, зымырады, самғады

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

ІІ деңгей

  1. Берілген "құрметтеу" сөзінен синоним сөздер тауып жазыңдар

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  1. "Әдептілік деген не?" ойтолғау жазыңдар

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

ІІІ деңгей

  1. Берілген "амандасу" сөзінен синоним сөздер тауып жазыңдар

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  1. Берілген сөйлемдерден синоним сөздерін тауып, қай сөз табы болып тұрғанын айтыңдар.

Ұстаз- бала үшін биік тұлға.

Маржан таяуда Алматыдан келеді.

Астанада көрікті жерлер өте көп.

Ойын "Кім тапқыр?"

  • Төмендегі сөздерді сәйкестендіріп қойыңдар.

  • ауру-келбет

  • алыс-қант

  • шекер-шалғай

  • дымқыл-науқас

  • ажарлы-дидар

  • сулы-көрікті

Сөздердің синонимдік қатарларын толықтыр:

Әңгімелеу, ...

Аяқтау, ...

Ауру, ...

Басқару, ...

Тынығу, ...

Оқымысты ,...

Сабақты қорыту:

1.Синоним дегеніміз не?

2.Синоним белгілерін кім айтып береді?

3.Синоним қандай сөз таптарының құрамында кездеседі?

Сабақты бағалау:

Оқушы аты-жөні

Үй тапсырмасы

Суретпен жұмыс

Деңгейлік тапсырма

«кім тапқыр?»

Жаттығулармен жұмыс

Сабақты қорыту













Үйге тапсырма:

75-жаттығудағы синоним сөздерді тауып жазып келу және синоним сөздерін қатыстырып өз жолдастарыңа мінездеме беріңдер.



© 2010-2022