Сабақ жоспары. Қысқы киімдер 5-сынып

Қазақ тілі. 5-сынып Сабақтың тақырыбы: Қысқы киімдер. Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. 2.Дамытушылық:Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.Сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту. 3.Тәрбиелік: Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Дүкеннің макеті, түрлі киімдердің суреттері, қуыршақ, сандық. Сабақтың  барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу б)оқушыларды түгендеу в)психо...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі. 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қысқы киімдер.

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.Сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту.

3.Тәрбиелік: Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Дүкеннің макеті, түрлі киімдердің суреттері, қуыршақ, сандық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) амандасу

б)оқушыларды түгендеу

в)психологиялық дайындық

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: жазған жазба жұмыстарын дәптерлерін жинап тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ:

1.Кіріспе бөлім: Балалар жылулық шеңберіне тұрып, бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Сұрақтарға жауап алу:

- Қазір жылдың қай мезгілі? Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады? Қыс мезгілінде қалай киінеміз? (Балалар толық жауап береді).

- Біздің сабаққа қонаққа қуыршақ Айнұр келіп отыр. Ол жай келген жоқ. Сандығы толы киімдермен келіпті.

Сендер мұқият қараңдаршы, Айнұр үстіне қандай киімдер киіпті?

- Қалың киім киген.

- Киімді қай мезгілге сай киген?

- Қыс мезгіліне сай киіпті.

- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - қысқы киімдер.

2.Негізгі бөлім.

а) - Балалар, Айнұр сендерге бірнеше киімдер ала келіпті. Соны таратып беремін. Ал сендер киімдерге сипаттама бересіңдер. Мысалы, малақай - құлағы бар жылы бас киім, құлақшын. (Сурет алған балалар осылайша сөйлем құрап айтады).

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Пима - жүннен басылған қысқы аяқкиім.

Тон - иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім.

Ішік - іш жағы аңның терісінен тігіліп, сыртын матамен тыстаған жылы сырт киім.

Байпақ - етіктің ішінен киетін, жұқалау етіп басылған қонышты киіз шұлық.

б) Сергіту сәті: Тоңса біздің қолымыз,

Қолғапты киіп аламыз.

Сарт - сарт - сарт,

Шапалақты соғамыз.

Тоңса біздің аяғымыз,

Етікті киіп аламыз.

Топ - топ - топ,

Топылдатып билейміз.

в) «Дүкенде» сюжетті - рөлді ойыны. Ойынның шарты: дүкен сөрелерінде қысқы киімдер: тон, пима, қолғап, күрте, тұр. Қысқы киім іздеген бала дүкенге келіп, сатушымен әдепті түрде амандасып, сөрелерден өзіне қажетті киімді таңдайды. Ол таңдаған киімін алып, сол киімге байланысты сөйлем құрау керек. Дүкеншінің осы тапсырмасын орындаған кезде ғана киімді ала алады. Мысалы: Қыста қалың тон киеміз.

тон, пима, қолғап, күрте, телпек

г) «Балаларға арналған киім дүкені» тақырыбында мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.

ІІІ. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.

а) Сұрақтарға жауап алу.

ә) «Не артық?» дидактикалық ойыны.

- Бір қатарда тұрған киімдердің ішіндегі қайсысы артық?

- Туфли артық. Өйткені туфлиді күз, көктем, мезгілдерінде ғана киеміз.

б) - Бүгінгі сабақта қысқы киімдер туралы әңгімеледік. Оларды басқа киімдерден ажырата білетін болдық. Киімді әр жерге лақтырмай, кір қылмай таза ұстау өздеріңе байланысты. Киімді күтіп таза ұстап жүрейік!

ІV.Қорытынды. Бағалау



© 2010-2022