Ұстаз мектептің жүрегі (3-сынып)

Тақырыбы: «Ұстаз-мектептің жүрегі» Сабақтың мақсаты: Ұстаздар күнінде оқушыларға ұстаздықтың қиын да қажырлы еңбек екенін білдіріп, ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, еңбектерін бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: Сахна мерекелік кешке арнап безендіріледі.Мақал-мәтел,нақыл сөздер жазылған плакаттар ілінеді. Кіріспе: Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім (ұстаз). Ұстаз әр қашанда қадірлі, қасиетті ұғымды білдірген. Ұстаз деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, о...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ұстаз-мектептің жүрегі» Сабақтың мақсаты: Ұстаздар күнінде оқушыларға ұстаздықтың қиын да қажырлы еңбек екенін білдіріп, ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, еңбектерін бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: Сахна мерекелік кешке арнап безендіріледі.Мақал-мәтел,нақыл сөздер жазылған плакаттар ілінеді. Кіріспе: Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім (ұстаз). Ұстаз әр қашанда қадірлі, қасиетті ұғымды білдірген. Ұстаз деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол мұғалімнің еңбегі. Ол әр баланы жатсынбай жастайынан баурап, сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін, білім кемесіне отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын адам. Ұстаз еңбегі -ұлы еңбек. 1 - жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар! Бүгін - Мұғалімдер күні. Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын! «Ұстаз- мектептің жүрегі» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз! 2 - жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар! Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді. 1 - оқушы: Ұстаз деген ұлағаттың шайыры, Қадірінің тиетұғын қайыры. Ұстаз деген -шуағы мол шапағат Шаршамайтын шалдықпайтын тәйірі. 2- оқушы Ұстаз деген-ұстаз болып туғандар, Ұлылықты ұлықтаған имандар Ұрпағының ертеңіне жол ашып Өмірінің әр шақтарын құрғандар. 3-оқушы: Ұстаз деген -жарық күні ғаламның Ұстаз деген - анасы ол адамның Бүкіл әлем мойындайтын еңбегін Сен де одан білім нәрімен сусындадың. Ән: «Ұстазыма» 4-оқушы: Завотта болсаң, күнбе-күн Көрінер еді табысың Дәрігер болсаң түрлі емің- Сиқалы жанның бағы шын . Ал сенің еңбек жемісің Өзгеше тіпті басқадан : Ол өзін арнап ел үшін - Осынау жүрген жақсы адам 5-оқушы: Жақсы адам -елдің тірегі , Байлығы туған халықтың Шапағын шашар үнемі Көгінде тұрған жарық күн. Сан жастың қамын шертесің, Тағдырын ойлап толғанып, Әр үйдің бір-бір еркесін Үйреттің өзің қолға алып. 6-оқушы: Ұстазсыз жанда сөнбек күн Шәкіртсіз өмір -сусыз жер Көрінбес ғажап еңбектің Бейнетін кешіп жүрсіздер. Жүректе тұрар жалқы үнің, Жанымнан жалын, жігер күт . Ұстазым, сенің әр күнің, Әр сәтің тұрған бір ерлік! Ән: «Ұстазым менің» 1-жүргізуші: Бірі - сенің туған анаң болса егер, Екінші анаң - ұстаз деген данаң бар. 2-жүргізуші: Ұстаз ана - болашақтың анасы, Ұстаз ана - ақыл - білім анасы, Жүзіндегі пәк мейрімді көргенде Әр шәкірттің оянады санасы, Ұстаздарым тәлім алған талайлар Құттықтаймыз мерекеңмен апайлар, 7 - оқушы: Ұлы өмірге жетелеп, Ашқан білім есігін, Құрметтейік, мәпелеп, Ұстаздардың есімін 8-оқушы: Ұстазды құрметте бәрің, Ұстаз ақылшың, панаң, Ұстаздан табасың бәрін, Бермеген нәрсені анаң Ән Ұстазыма 1-Жүргізуші :Ұстаз -ана талай жасты өсірген, Мақтан етіп қуанышын, қателігін кешірген, Кетсең-дағы арман қуып қияға, Ұстаз мектеп кетпес мәңгі есіңнен. Ұстаз туралы ұлағатты сөздер : «Жақсы мұғалім бәрінен де Артық, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі» «Мұғалім зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті» «Мектеп -білімнің қазынасы, мұғалім-өмірдің арнасы»- 2-Жүргізуші:Ұстаз болу -жүректің, батырлығы, Ұстаз болу -сезімнің ақындығы, Ұстаз болу-мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы -дегендей Ән «Ұстазым» 1-Жүргізуші:Шәкірттерің құттықтаса мейраммен, Нұр шуағың сейілмейді маңдайдан, Әр шәкіртің қуанышын баса алмай, Шарықтайды шартарапқа самғайды ән. Ән «Ұстазыма» Қортынды: Құрметті ұстаздар сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс тілейміз. Еңбектерің еленіп, сіздер тәрбиелеп жатқан жас ұрпақтың еңсесі биік болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын. Осымен «Ұстаз-мектептің жүрегі »атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



© 2010-2022