Апта күндері атты тақырыпта қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары (6-сынып)

Айы, күні, жылы. 15.11.12.Сыныбы. 6аСабақтың тақырыбы. Апта күндеріСабақтың мақсаты: І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән дыбыстарының айтылуы мен жазылуын қадағалау. Апта күндерімен таныстыру. Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру. ІІ Дамытушылық Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын молайту, ой- өрістерін дамыту. ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.Сабақтың түрі: Жаңа сабақСабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу....
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Айы, күні, жылы. 15.11.12.

Сыныбы. 6а

Сабақтың тақырыбы. Апта күндері

Сабақтың мақсаты:

І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән

дыбыстарының айтылуы мен жазылуын

қадағалау. Апта күндерімен таныстыру.

Оқушылардың білім-білік дағдыларын

қалыптастыру.

ІІ Дамытушылық Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын

молайту, ой- өрістерін дамыту.

ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оларды сабаққа бейімдеу.

ІІ Үй тапсырмасы

Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.

ІІІ Жаңа сабақ

Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.

ІV Жаңа сөздер.


Сөздік

апта күндері - дни недели бүгін- сегодня

ертең - завтра уақыт - время

кеше - вчера тәулік- сутки

бүрсігүні - послезавтра сағат- часы

апта -неделя

V Дәптермен жұмыс

2-тапсырма. Үлгідегідей сөйлем құрап жаыңдар.

  1. 13:20 Сағат бірден жйырма кеткенде сабаққа барамын. 16:00 Сағат төрт болғанда дүкенге барамын.

18: 20 - бесінші сабақ аяқталу.

4- тапсырма. Келесі аптада атқаратын іс - шараларыңды үлгідегідей толтырыңдар.

Дүйсенбі

9.00 Ұйқыдан тұрамын.

10.00 Спорт орталығына барамын.

12.00 Оқу залына барып, сабаққа дайындаламын.

13.30 Мектепке барамын

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

Жексенбі


  1. тапсырма.Сөздерді тәуелдеңдер.

демалыс, жұмыс уақыты, қызығушылық, күн тәртібі.


  1. тапсырма. Жұмбақты шешіңдер.

Күндіз де жүреді,

Түнде де жүреді,

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Не жүрген жолы жоқ.

Ол не, кім біледі?


VІ Тақтамен жұмыс

Берілген сөздерді септеу, фонетикалық талдау жасау.


VІІ Оқулықпен жұмыс


1- тапсырма. Диалогты толықтырыңдар.

  • Аптада неше күн бар?

  • Бүгін қай күн?

  • Бүгін аптаның нешінші күні?

  • Сәрсенбі аптаның нешінші күні?

  • Сізге аптаның қай күні ұнайды?

  • ...

  • ...

  1. тапсырма. Мәтінді оқып, аптаның бір күні туралы жазыңдар.

Апта күндері

Бүгін- дүйсенбі, аптаның бірінші күні. Бұл күні 2:00- де дүйсенбілік жиын басталады. Сап түзеп тұрған мектеп оқушылары Әнұран орындайды. Өткен аптада кезекші болған сынып оқушылары апталық есебін береді. Тәртібі нашар оқушылардың аты - жөндері аталып, тәртіпке шақырылады. Мектеп өмірінде болған жаңалықтар, өткізілген шаралардың қорытындысы тыңдалады. Оқушылар алдағы апта жоспарымен танысады. Жиыннан кейін әр сынып оқушылары өз сынып бөлмелеріне барып елімізде, әлемде болып жатқан жаңалықтарды тыңдайды. Жаңалықты жауапты оқушылар дайындайды. 2: 30- сабақ басталады.

VIII Шығармашылық жұмыс


IX Қорытынды

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеремін.

X Бағалау

Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.

XI Үй тапсырмасы

Сұхбаттасу.


© 2010-2022