Ашық сабақтың әзірлемесі Сөздің құрамы қосымша. Қазақстанның кіндік қаласы-Астана

Мақсаты: 1. Қазақстан астаналарымен таныстыра отырып, білімдерін арттыру. 2.Студенттердің ойлау,сауатты жазу, есте сақтау қабілеттрін дамыту. 3.Адамгершілікке, инабаттылыққа, әдептілікке, тілін, дінін құрметтеуге, өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі:жаңа сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру,әңгімелесу,сұрақ-жауап. Көрнекіліктер: Қазақстан картасы, презентация «көрікті қала-Астана». Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: « Астана » туралы ән ойнап тұрады. Жаңа сабақ: Оқытушы: Мына суреттерге назар аударайық. Тарихи мәні бар құрылыстар мен ескерткіштердің атауларын айтып, ой шақырайық. Ендеше, біз бүгін сабақта жас қала, еліміздің жүрегі- Астана туралы оқып, үйренеміз.( Картадан Астананы табамыз) Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді. 1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.   1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Сөздің құрамы қосымша. Қазақстанның кіндік қаласы-Астана

Мақсаты: 1. Қазақстан астаналарымен таныстыра отырып, білімдерін арттыру. 2.Студенттердің ойлау,сауатты жазу, есте сақтау қабілеттрін дамыту.

3.Адамгершілікке, инабаттылыққа, әдептілікке, тілін, дінін құрметтеуге, өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,әңгімелесу,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Қазақстан картасы, презентация «көрікті қала-Астана».

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: « Астана » туралы ән ойнап тұрады.

Жаңа сабақ:

Оқытушы:

  • Мына суреттерге назар аударайық. Тарихи мәні бар құрылыстар мен ескерткіштердің атауларын айтып, ой шақырайық.

  • Ендеше, біз бүгін сабақта жас қала, еліміздің жүрегі- Астана туралы оқып, үйренеміз.( Картадан Астананы табамыз)

Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.

1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.

1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.

1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.

1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.

1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы - Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды. оңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, Мемлекеттік филармония, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді.

Халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткен кезеңде жаңа спорт кешендері ашылды және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне (БЖСМ) күрделі жөндеу жүргізілді. Халыққа қызмет көрсетуге 25 спорт-сауықтыру кешендері іске қосылды

2. Сөз құрамы: түбір мен қосымшадан тұрады

1) Түбір дегеніміз - сөздің бөлшектеуге келмейтін ең түпкі мағыналы бөлігі. Ал, қосымша дегеніміз түбірге жалғанатын бөлшектер. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген деген сөздердің түбірлері - жол, сау, мектеп, көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді. Осы түбірлерге жалғанған -дас, - тық, - ын, - шы, - тер, дің - бөлшектері қосымша деп аталады. Қосымша жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды . Қосымша жұрнақ және жалғау болып екіге бөлінеді. Жұрнақ сөз тудырушы және сөз түрлендіруші болып екіге бөлінеді. Еш қосымшасыз түбір күйіндегі сөз негізгі түбір, жұрнақ арқылы жасалған сөз туынды түбір деп аталады. Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, оған жаңа мағына беретін жұрнақты сөз тудырушы жұрнақ дейді. Мысалы: Жол - із немесе сапар мағынасын білдірсе, оған - дас қосымшасы қосылса, серік мәніндегі адам, ал - тық қосылса, адамдар арасында болатын қарым - қатынасты білдіреді. Осындай жұрнақтар арқылы жасалған сөздер туынды түбір немесе туынды сөз деп аталады. Сөйтіп, жол, сау деген негізгі түбірлер де, жолдас, жолдастық, сауын, сауыншы деген сөздер туынды түбірлер болып табылады. Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады.Мысалы: өнім, өндіріс, өніс, өнгіш деген сөзде негізгі түбір - өн.

Жалғау - сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша. Жалғаудың төрт түрі бар. Олар: көптік жалғауы, тәуелдік жалғауы, септік жалғауы және жіктік жалғауы.

Дәптермен жұмыс

306-жаттығу Студенттерге оқытып, түсіндіру, (дефис) сызықша туралы айтып кету.

Аяз

Сурет-ші ме, мүсін-ші ме- әлде кім?

Бояп кетті терезе-нің әйнегін.

Түс кезінде ғайып болды әлгісі,

Бақсам оным - қысқы аяз-дың белгісі.

Жаттығуды қорытындылау мақсатында балалардан сұрап кету.

307-жаттығу сәйкес тестендіру тестін пайдалану

Сый -гіш

Жұмыс -лі

Біл -шы

өнер -қыш

ұш -лық

Әр сәйкес келген сөзге сұрақ қойғызып, ережені қайталап отыру.

308-жаттығу Оқушыларға оқытып, ойларын тыңдау. Ассоциация арқылы тоқымашының немен жұмыс атқаратынын сұрап, әр затқа сұрақ қойып, оған қосымша жалғап, сұрақ қойғызу. Белгілерін атап кету.

І деңгей

1.49- жаттығу. Берілген сөздерден жұрнақ арқылы туынды сөздер жасап,дәптерлеріңе жазыңдар

Үлгі:Сый-лы

І топқа:Күз, қыс, көктем;

ІІ топқа:Сауық, от, темір;

ІІІ топқа:Тәрбие, бақыт, ағайын,жақ

ІІ деңгей

1.50-жаттығу. Оқып шығып,сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдаңдар.

1.Қосымшалардың түрін ( жұрнақ па, жалғау ма?)

Үлгі:Ата-анадан: ата-ана қос сөз,-дан шығыс септігінің жалғауы.

І топқа:Есті, білгені;

ІІ топқа:Көргені, жақсыда;

ІІІ топқа:Білімді,адамға;

ІІІ деңгей

1.51-жаттығу. Берілген сөздерге қосымшалар жалғап,сөйлем құрап жазыңдар.

Үлгі:Өнерлі жігіт өрге озар.

І топқа:Ақыл, дала, бала;

ІІ топқа:Тату, үлгі, тәртіп;

ІІІ топқа:Таза,оқу;

ІV деңгей

.53- жаттығу. «Түбір мен қосымша» тақырыбында шағын ертегі жазып,өз достарыңа оқып беріңдер.

Бекіту: 1 Оңтүстікте орналасқан қала
2. «Отлично» қазақша баламасы
3. Батыс Қазақстанда орналасқан қала
4. «Жаңа» сөзінің антонимі
5. «Успеваемость» қазақша баламасы
6. «Столица» қазақша баламасы
7. «Гора» қазақша баламасы
8. «Дұшпан» сөзінің синонимі
Үй тапсырмасын тексеру: Мәтінді оқып, ережені жаттап келу

Бағалау:Белсенді қатысқан оқушыларды бағлаймын.


© 2010-2022