Сыныпқа ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Кез-келген жұмысты бастамас бұрын жағымды көңіл күй мен атмосфера қалыптастыру керек.Бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен ғана шектеліп қана қомайды. Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуіне жағдай жасаудан тұрады. Төменде көрсетілген көрсеткіштермен танысып, олардың сіздің сыныпқа сәйкес келетіндігін анықтаңыз.Сыныптан осы сөздердің негізінде сауалнама алдым. Жас ерекшелігіне орайластыра отырып құрдым.Осы сауалнаманы беру а...
Раздел Обществознание
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныпқа ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруСыныпқа ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруСыныпқа ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруСыныпқа ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруСыныпқа ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мұғалімнің жазбалары

Кез-келген жұмысты бастамас бұрын жағымды көңіл күй мен атмосфера қалыптастыру керек.Бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен ғана шектеліп қана қомайды. Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуіне жағдай жасаудан тұрады. Төменде көрсетілген көрсеткіштермен танысып, олардың сіздің сыныпқа сәйкес келетіндігін анықтаңыз.Сыныптан осы сөздердің негізінде сауалнама алдым. Жас ерекшелігіне орайластыра отырып құрдым.

Сауалнаманың сұрақтары

Иә

Жоқ

Қатысқан оқушы саны: 23

Оқушы саны

Оқушы саны

Сіз өзіңіз жасап жатқан жұмысты неге жасағаныңды білесің бе?

9

14

Сіздерге барлық мұғалімдер әр түрлі сабақ өткізіп көргенін қалайсыздар ма?

16


7

Біз өзімізге және басқа оқушыларға назар салып қараймыз ба?

12

11

Сіздер сабақтарда сұрақты еркін қоя отырып қарсы шыға аласың ба?

8

15

Мектепте ереже бар ма және сіздерге шектеу қояды ма?

23

0

Ереже құрғанда сіздерге таңдау мүмкіндігін береді ме?

10

13

Сіз әлі көп затты білмейтініңді мойындайсың ба?

21

2

Сіз жарыста немесе барғанда айналада болып жатқан әңгімелер

дің барлығын түсінесің бе? Солармен дос болып кете аласың ба?

9

14

Балабақшадан, мектептен жоғарығы оқу орындарынан білім алуға, яғни оқуға құқығым бар деп ойлайсың ба

17

6

Осы сауалнаманы беру арқылы оқушыларымның нені білетінін, нені білмейтінін білдім.Мектептегі тәжірибенің үшінші күні сынып сағатында социаграмма алдым:Нәтижесінде социагррамма арқылы жақын досатарын, кіммен дос болғысы келетінін, түскі аста кіммен ойнайтынын, сыныптың танымал оқушысын білдім.

Ең ақылды оқушы Жангелді деп ойласам оқушылар Манас пен Гауһар деп жауап бергеніне таң қалдым.



Топ жұмыла жұмыс жасауда





Көңілді сәттер

Социаграммадан кейін оқушылараға «Сағат бойынша досатар» деген сағат тіліне сыныптағы оқушылардың атын жазып толтырып болған соң жауабын интербелсенді тақтадан шығардым.



Оқушының жасаған жұмыстары

Оқушылар ерекше көңіл-күймен орындады.Оқушылардың арасында тағы мынадай ойын жүргіздім; «Мен сізді...... таныстырғым келеді» деген ойынды бердім.Оқушылардың атын жазып алып, жеребе арқылы бір қағаздан (бір оқушыдан) алды. Әркім өзіне түскен оқушыны таныстырыңдар дедім. Қалай таныстырғыларың келеді?Жақсы қырларын айтып таныстыруға болатынын да ескеріп кеттім.Нәтижесінде: Нұрдаулет Жаннаны таныстырды. Біздің сыныптың бастығы, өзі ұрысқақ, бірақ ол бәріне ұнайды.Осы жерде Нұрдаулеттің танымдық қабілетінің бар екенін білдім. Жанна ренжімесін деп жақсы жағын айта отырып, ұнамсыз мінезін ескерткендей болды. Құдайберген Әйгерімді таныстырды: Сыныбымызда ешқандай баламен ұрыспайды, апай үнемі мақтайды, сол қыздай болыңдар деп бірақ оның жалқаулығы бар деп жұмбақтап таныстырды. Бәрі шуласып « Әйгерім» деді. Құдайберген сабақта үнсіз отыратын оқушы, сабақтан тыс уақытта барлығын күлдіретіндігін, сөзге шебер екенін білдім. Бұл ойынның берері көп екен жақсы жағы мен жаман жақтары айтылғанда кейбір оқушылар «Енді олай жасамаймын» деп бір-біріне уәде берісті. Алғашқы сабағымда сыныптағы ынтымақтастық атмосферасының жоқтығы кедергі болған еді. Атап өтсем:

-Топқа бөлінуде бірінің қасына отырғысы келмеу.

-Күнделікті өзімен жүрген достарының қасынан шықпау. Топқа бөлінгенде бір-бірімен келісіп, «Сен қызылды ал, мен де соны аламын» деген сөздер жиі болды.Сурет бойынша бөлінгендер оның қасына отырмаймын деп жылады. Екінші сабағымда топқа бөлінуде бірінші сабақтағыдай келеңсіздіктер орын аламады. Ынтымақтастық болған жерде барлығы сәтті өтеді. Сабақ тиімді өту үшін жұмыстану керек екен. Ынтымақтастықтың пайдасы бірлесіп жұмыс жасағанда, постер тапсырмасын қорғағанда сергіту сәттерінде, қосымша тапсырмаларда көмегін тигізеді. Ынтымақтастықпен қырық бес минут бойы жақсы көңіл күйде жүресің. Оқушыларымның шуылдап, жылағандарын көргеннен кейін менің сабақ өтуге деген талпынысым жойылып кеткендей болды. Болашақта сыныбымда ынтымақтастық жұмыстарды жүргізіп тұрамын. Оқушылар ынтымақта өмір сүруді білуге тиіс. Осы бастан қалыптастыру біздің міндетіміз. Ағашты отырғызғанда қисық отырғызылса, ол түзелмейді, дейді ағартушы педагог - Ыбырай Алтынсарин.



© 2010-2022