Тест на казахском языке Өзіңді бағалай білесің бе?

Раздел Обществознание
Класс 12 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзіңді бағалай білесің бе?

Мақсаты: Оқушылардың мінезін, көңіл - күйін анықтауға арналған. Бұл тест мінезді тез арада анықтауға мүмкіндік береді.Егер мінездің кемшіл тұстары анықталып жатса, оны сыпайылап жеткізген дұрыс. Оқушылар сұрақтарға ия жоқ деп жауап береді.

Сұрақтар

1. Сізге күшті дәмдеуіштер қосылған тамақтар ұнай ма?

2.Сіз өзіңізді ортада жақсы сезінесіз бе?

3. Сіз кейде қуаныштан төбеңіз көкке жеткендей бола ма?

4. Сіз дастархан басында қонақтарды қызықтыра аласыз ба?

5. Сіздің басыңыз жиі ауыра ма?

6.Сіз кейде тіс жууды ұмытып кетесіз ба?

7. Сіз әр қашан бір шаш үлгісімен жүресіз ба?

8. Сөз жұмбақ шешкенді ұнатасыз ба?

9. Спортпен айналысасыз ба?

10. Сізде меланхолик көңіл - күй жиі бола ма?

11. Тыныштықта жұмыс істегенді ұнатасыз ба?

Сұрақтар саны

сандар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Ия

3

2

4

3

1

4

3

1

3

1

4

Жоқ

2

1

2

2

2

1

4

4

1

4

1

Талдау:

20 ұпайдан төмен - сіз тыныштықты , табиғатта серуендегенді ұнатасыз. Шулы кафеден гөрі үй жағдайындағы достар мен қарым - қатынасты қалайсыз. Осы себептен сізді кейбір достарыңыз іш пыстырады деп ойлайсыз.

21 - 24 ұпай - сіз жеткілікті деңгейде жеңілтексіз .Адамдармен тез тіл табысасыз, бірақ көңіл күй ауыспалылығы жиі болады - бірде жабырқау, бірде тым көңілді.

25 ұпайдан жоғары - ортадағы сіздің орныңыз ерекше .Сіз әзілқойсыз, басқа адамдардың көңіл - күйінің көтеріңкі болуына себепші боласыз.Қызықты әңгіме айтып, үзіліссіз күлдіре аласыз.



© 2010-2022