ҒарыштуралыалғашқытүсінікЖұлдыз. Планета. Галактика туралымәліметтер

Сабақтыыңтақырыбы: ҒарыштуралыалғашқытүсінікЖұлдыз. Планета. Галактика туралымәліметтер. Мақсаты:  Ғарыштуралы, жердіңғарышденесіекеніжайлытүсінік беру. Ой-өрісін, естесақтауқабілеттерінтілбайлығындамыту.Татулыққа, достыққатәрбиелеу. Сабақтипі:аралассабақ.  Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу Көрнекілігі: суреттер, «Әлемдітаны»кітабы. Барысы: І. Ұйымдастырукезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардыңзейінін, назарын  сабаққааудару .  Бір-бірімізгеқарап  хормен   бүгінгікүнге  тілектілейміз. Қуанамын мен де,                  Қуанасың сен де. Қуанайық ,достарым,             Арайлапатқанкүнге. ІІ. Мақсатынқоюкезеңі: Тақырыбын, мақсатынхабарлау. ЖаңатарауЖер-ғарышденесі. Ғарышдеген не? ІІІ. Жаңаматериалдытүсіндірукезеңі: Жұмбақтышешу: Қараңғыдажымыңдайдыжанады, Жарықтүссе, бірденсөніпқалады. Жұлдыз--жерденөтеалысорналасқанорасанзоршарл...
Раздел Обществознание
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтыың тақырыбы: Ғарыш туралы алғашқы түсінік Жұлдыз. Планета. Галактика туралы мәліметтер.

Мақсаты: Ғарыш туралы, жердің ғарыш денесі екені жайлы түсінік беру. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін тіл байлығын дамыту.Татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, «Әлемді таны»кітабы.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару . Бір-бірімізге қарап

хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жаңа тарау Жер-ғарыш денесі. Ғарыш деген не?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жұмбақты шешу:

Қараңғыда жымыңдайды жанады,

Жарық түссе, бірден сөніп қалады.

Жұлдыз --жерден өте алыс орналасқан орасан зор шарлар. Ең ірілері күннен бірнеше есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар. Жұлдыздар саны әлденеше миллиардтан асып кеткен.Жерге ең жақын жұлдыз---Күн. Оның төңірегінде аспан денелері планеталар айналып жүреді.(планета -грекше адасушы жұлдыз деген сөз)

Планеталар-өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді.Планеталардың айналасында серіктері айналып жүреді. Жер серігі-Ай. Күн және күнді айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды.Күн жүйесі -Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады..

Жерді қоршаған бүкіл дүние -ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады.

Адам ерте кезден -ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. Ол-Ю.А. Гагарин.

Оқулық бойынша қосымша материалмен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

ІV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Қазақстанда ғарышты бағындырған қандай ғарышкерлерді білесіңдер?

Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы әңгімелесу.

-Жұлдыз деген не? Планетаның жұлдыздан қандай айырмасы бар?

-Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді?

Галактика неден тұрады? Ғарыш деп нені айтады? Ғарышқа алғаш рет ұшқан кім?

Қазір ғарыш қалай зерттелуде?

VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 68-69-беттерді оқу. Дәптерге Күн жүйесін, ғарыштың анықтамасын жазып алу.

ІХ.Бағалау



© 2010-2022