ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен  байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет. Н.Ә.Назарбаев Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби білікті...
Раздел Обществознание
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ.ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ.ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ.ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ.ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ.ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ.ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ.

ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ.

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен

байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет.

Н.Ә.Назарбаев

Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»- деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір оқушының алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі -оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Пәнге деген қызығушылығын арттырып, ары қарай жетілдіруде, жеке тұлға қабілетін дамытуда қандай технологиялардың әдіс - тәсілдерін қолданған дұрыс деген сауал туындайды. Осы сауалға жауапты Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауынан табуға болады. ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегі міндеттерді шешу керектігін атап өтті: компьютерлік техниканы, интернет, коммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электронды оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Жаңа технологияны меңгеру оқушының интеллектуальдық, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдану адамзаттың әртүрлі сферасында, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізіп отырғаны белгілі.

Ақпараттық -коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпаратты- коммуникациялық технологиялар деп локальдық, аймақтық бүкіл әлемдік желілірде ақпарат алмасуды жүзеге асыратын қазіргі заманғы байланыс құралдарының барлық түрін, бағдарламалық жүйелер мен кешендерді, мультимедияны телекаммуникацияны, вертуальды, ақпараттар жиынтығын айтамыз. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты - қолданушы керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни іздемпаздыққа үйрету. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгеруде ақпарттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды.

Әрбір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруы;



Білім беруді ақпараттандыру





Білім алудың техникасын түбірімен өзгерту;





Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;





Электрондық білім беруді пайдалану арқылы даралап оқыту.






Ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың артықшылықтар басым


Жүйенің басқару құрылымы - оқушылар өз ойын, көз карасын, өз кезегіндегі материялдық ұсынылымын, әр түрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды

Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау; музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне клиптер, слайд шоу

Жүйенің білімді бақылау мен тез арада нәтиже алу, орындалған жаттығулардың бағалануы




Бұл технология негізінде білім сапасын арттыру жұмыстарының мысалы ретінде тек білім беру саласында басқаруды автоматтандыру болды. Жедел дамып отырған ғылыми - техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адаммен бүкіл дүние жүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуге ақпараттық - коммуникативтік технологиялар маңызды рөл атқарады. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІғасыр- ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасыда ғылыми -техникалық прогресінің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Қоғамды ақпараттандыру - экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі.

Оқу үдерісінде ақпараттық және қатынастық технология құралдарын кешенді пайдалану мүмкіндігін тәжірибе жүзінде жүзеге асыру бұрыннан таныс бағдарлама құралдары мен дүниежүзілік алғы шепке сәйкес келетін жаңа құралдар болып табылатын көп функционалды білім берудің электрондық басылымдарын жасау және қолдану арқылы да жетуге де болады.

ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ.

Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі - есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі - басқару болып табылады.

Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі - дербес компьютер жақсы таныс.

Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) -компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады.

Интерактивті тақта -бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттық кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивті тақтаны қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен студенттің қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор депте атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. CD-ROM,Web - түйін мазмұнын қарастыру, ақпарт сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б әрекеттерді жеңіл орындай алады.

Компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электронды оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайлдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Электрондық оқулық - бұл ақпаратты жүйенi ұсынушы кiтап, әдiстемелiк және бағдарламалық құрал-жабдықтарды нақты тәртiппен оқыту болып табылады. Оның құрылымы мен мазмұны оның қолдану мақсатына байланысты.

Оқу процесiн негiзгi факторлармен қарқындандыру электрондық оқулықтың көмегiмен жасалады:

  • Жоғарымақсаттықбағыттау;

  • Мотивацияныкүшейту;

  • Оқу мазмұнының ақпаратты көлемiн жоғарылату;

  • Оқу-танымдық қызметiн үйренудiң активтiлiгi;

  • Оқуқызметiнiңқарқындылығынжоғарылату;

Электрондықоқулықпенжұмысiстеутиiмдi, тек қойылатын талаптар орындалса:

  • Жылдамбайланыс;

  • Керектiанықтамалық-ақпараттыiздеужылдамжүргiзiлсе;

  • Көрiнiстiкмысалдар мен моделдер;

  • Бақылау.

Мультимедия - бұлаппараттық комплекс пен құрал-жабдықтарбағдарламасы, яғни, пайдаланушылардыңдиалогтiкрежимдеграфикпенжұмысiстеуiнемүмкiндiкбередi.

Мультимедия 4 типтiәртүрлiмәлiметтердiбiрарнағабайланыстырады:

  • Мәтiн

  • Бейнелер

  • Қозғалатынбейнелер

  • Дыбыс, әуен.

Менің ойымша, мұғалімдердің сабақтары компьютерлік технологияларды қолдану арқылы жеңілдейді, өйткені сабақты өткізу ақпараттандыру арқылы жүргізіледі.

Жалпы ақпараттық технологияны қолдану мұғалімге не береді?

  1. Білімін қысқа уақытта бағалайды;

  2. Білім сапасын арттыра алады;

  3. Білімді кезкелген уақытта қорытындылайды.

Ал ақпараттық технологияларды қолдану оқушыларға не береді?

  • Оқу материалдарын жиі қайталау шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады;

  • Оқуға деген қызығушылығын арттырады;

  • Өз білімдеріне сенушілік қалыптасып, эмоцианалдық сезімдеріне әсер етеді;

  • Өздігінен ізденіп, игерген материалдарды ұзақ есте сақтауларынан білімдерін тереңдетеді;

  • Іздену, зерттеу жұмыстарымен айналысуға үйретеді;

  • Өнерге деген эстетикалық белсенділікке баға беруге талпындырады.

Компьютерлік оқыту технологиясы -педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал.Қазіргі кезде белгілі бір білім көмегімен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушы білім алуға, оқуға, үйренуге көп мән беруі тиіс. Оқушы білім алумен қатар шешендік шеберлігімен баяндау жүйелілігі қалыптасқан, өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ болып жетіледі. Ақпараттық - коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын психологиялық жағдай жасау үшінде тигізер пайдасы аса мол.


© 2010-2022