Гражданское право (ответственность сторон) текстовый материал для девятого класса на казахском

Раздел Обществознание
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік дегеніміз - шартта немесе заңда көрсетілген ретте жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру немесе мүліктік салмақ салу нысанында болып келетін жауап кершіліктің түрі.

Азаматтық-құқықтық катынастың көпшілік бөлігі міндеттеменің бұзылуынан пайда болады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мүліктік қатынастармен байланыста болғандықтан ол төмендегідей қасиеттерімен ерекшеленеді:

а) борышқордың міндеттемені бұзуынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге өндіріп беру;

ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын кадағалау;

б) борышқорды міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;

в) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу;

г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше дәлелдеу болып табылады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мынадай негізгі қызметтерді атқарады: жазалау, қалпына келтіру, тәрбиелік.

Жазалау қызметі- міндеттемені бұзған немесе шығын келтірген түлғаның мүлкінің азаюы.

Тәрбиелік қызметі- құқық бұзушы болашақта мұндай әрекеттер жасауға жол бергізбейді.

Қалпына келтіру қызметі- шығын келген тұлғаныц мүліктік жағдайын қалпына келтіру.

Азаматтық құқық бұзушылықтың элементтеріне жататындар: белгілі бір тұлғаның құқыққа қайшы келетін әрекеті; келтірілген (шеккен) зиянның немесе залалдың болуы; құкыққа қайшы әрекет пен келтірілген зиянның салдары арасындағы себепті байланыс; құқық бұзушының кінәсі. Борышқорды міндеттемені бұзғаны үшін жауапқа тарту несие берушінің талабымен жүзеге асырылады.

• Зиян - заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды.

• Залал - зардап шегушінің мүліктен айырылуы немесе оған зардап келуі (реалды шығын), сонымен қатар егер оның құқығы бұзылмаған жағдайда алуы тиіс болған пайдалар (жіберілген пайдалар).

Залалды анықтау барысында міндеттемеге орындалуы тиіс болған орындағы бағалар ескеріледі.

Борышқор міндеттемені орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кінәлі болғанда ғана жауапты. Егер борышқор ол міндеттемені тиісті деңгейде орындауға бар мүмкіншілігін қолданғанын дәлелдей алса кінәсіз деп танылады.

• Моральдық зиян - жеке және заңды тұлғаның жеке мүліктік емес игіліктерінің бұзылуы, сонымен қатар оған құқыққа қайшы әрекет нәтижесінде жәбірленушіге келтірілген жан мен дене күйзелісін де жатқызамыз (масқаралау, ұятқа қалу, дене күйзелісі, қорқу және т.б.).

Моральдық зиян мүліктік залалдың нысанына қарамастан ақшалай нысанда төленеді.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің ерекшеліктері

14 жасқа дейінгілер біреудің мүлкіне зиян келтіретін болса, егер келтірген зиян өздерінің кінәсінен болмағандығы дәлелдемесе, (өздерінің кінәлі еместігін дәлелдей алмаса, онда келтірген зиян үшін ата-анасы, асырап алушыллр немесе қамқоршылары жауап береді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ата-аналар мен т. б, адамдардың кінәсі ретінде баланы тиісті дәрежеде, тәрбиелемеу жәнө бақыламау карастырылған.

11 жасар бала аулада доп ойнап жүр делік, ал оның әкі сол аулада өзінің танысымен шахмат ойнап отыр. Жаңағы дол жүрген бала ойын барысында көршілердің біреуінің терезесін сындырып алды. Осы жағдайда кім жауап береді? Әрине оның ата-анасы, себебі бала доп ойнап жүргенде оны тиісті дәрежеде қадағалап отыруы керек еді. Оны шахмат ойынына берілген әкесі ұмытып кетті немесе көңіл бөлмеді.

Тағы да мынадай жағдайды алайық, бұзақылықпен айналысып жүрген (оған дейін де бұзақы екендігі белгілі) 12 жасар бала дүкеннің терезесін сындырып ішінен бір кассета ұрлап алады. Бұл жерде баланың ата-анасының кінәсі бар ма? Әрине бұл жағдайда да баланың ата-анасы кінелі болады. Өйткені олар балаға тиісті дәрежеде тәрбие бермеген, яғни баланы дұрыс тәрбиелеуге қатысты міндетін тиісінше атқармаған.

slideshare.net/nyunuks/ss-35825398


  1. Балық қонсерві зауыты мен сауда үйі арасында балық консервілерін тасымалдау туралы шарт жасасқан болатын. Алайда, зауыт күздің екі айы ішінде консервілерді жеткізбейді, сондықтан сауда үйі оны тұрақсыздық құнын өтеуге міндеттейді. Сотта консервілерді мерзімінде жеткізбеу созылмалы су тасқынына байланысты болғаны анықталады, сол себептен балықаулаушы кемелер теңізге балық аулауға шыға алмаған.

Талапкер жауапкердің дәлеледерін, олар тек зауыт пен балықаулаушы шаруашылықтар арасында мәнге ие деп, танымады. Сіздің ойыңызша, зауыт консервілерді жеткізбегені үшін сауда үйінің алдындағы жауапкершіліктен босатыла ма?



  1. Мектеп - интернатта кеш мезгілінде балалар төбелес ұйымдастырады. Нәтижесінде тоғыз жасар Дамир Бекшеновтың аяғы сынады. Ол өзін осы халге жеткізген деп он жасар Талғат Тұртұловты айыптайды. Жәбірленушілердің ата-аналары заң факультетінің студенті Олжас Сарсеевтің кеңесін басшылыққа алып, Т. Тұртұловтың ата-аналарына, оларға және олардың ұлына келтірілген моральдық залалды әрі емдеуге келтірілген шығындарды өтету мақсатымен талап-арыз жасады.

Болашақ заңгердің кеңесі орынды ма?

-//-

Төменде келтірілген жағдайлардың қатысушылары азаматтық - құқықтық жауапкершілікке тартыла ма? Егер тартылса, кім, қандай нысанда және неге?

- Семей қаласынан Павлодар қаласына су кемесімен теледидар партиясын түсіру кезінде, қатты су тасқыны болып, теледидардың үштен бір бөлігінің кинескоптары сынып қалады.

- Жол бойымен келе жатқан хирург Клюев, жол жиегінде соғылған автокөлігінің жанында отырған, оған бейтаныс 23 жасар Нефедоваға автокөлігінен шығып, оның өміріне қауіп - қатер жоқ деп есептеп, ауруханаға жеткізбей қояды. Бірнеше сағаттан кейін ол автокөлік апатында алынған жарақаты нәтижесінде іш құрылысына қан құйылуынан қайтыс болады.

- «Ақ Бота» лагерінде демалыста болған 40 бала, тәрбиешілері Д. Сүйімбаев ұйымдастырған суға шолмылудың нәтижесінде қатты суық тигеннен ауырып қалады.

- Қарағанды қаласының тұрғындарына арналған, қораптарға бөлшектеп салынған құрғақ шай бар қапқа, ұшақпен жеткізу кезінде кептірілген балық салынған қағаз қораптардың жанына қойылуы нәтижесінде балықтың иісі жұққан.

- Е. Рогов, автокөлік сатып алғанының екінші күнінде асырауында екі кішкентай баласы мен зайыбы бар, мас күйдегі жаяу жол жүруші, А. Некрасовты соғып кетеді. А. Некрасов алынған жарақаттарынан, сезіміне келмей қайтыс болады.

- Ет сақталатын вагон - рефрижераторда суыту құрылғысы сынып қалады. Бұл жағдай Ақсу қаласынан Шымкент қаласына беттеген пойызда орын алған. Ауа - райы өте ыстық болғандықтан ет бұзылып кетеді.



© 2010-2022