Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы

Раздел Обществознание
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 20.02

Сыныбы: 10 «а»

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты
1.Білімділік: Шәкәрім өмірі мен шығармашылығын таныстыру
2.Дамытушылық: өз беттерімен жұмыстануға дағдыландыру
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Ұйымдастыру бөлімі. Шаттық шеңберінде тұрып «Ш» әріпінен басталатын тілектер айту. «1 және 2» реттік саны арқылы топқа бөліну.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Жамбыл Жабаев кім?

2.Дастандары, тақырыбы, мазмұны мен идеясы, кейіпкерлері
ІІІ. Жаңа сабақ: Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы

«Болжау» стратегиясы. Қызығушылықты ояту (3 минут)

«Қылқалам ұшындағы данышпан бейнесі» атты суреттер көрмесі Онда Шәкәрімнің фотолары әр кезеңнен беріледі. Оқушылар сол арқылы болжай отырып, Шәкәрім өз заманында кім болғаны, немен айналысқаны туралы айту керек. Қандай ойлар туындады?

Топтық жұмыстар:

  1. топ. Шәкәрім өмірі

  2. топ. Шығармашылығы (Постер арқылы қорғайды. Деректерді оқушылардың алдына тастаймын. Өздері танысып, оқып, қорғау керек.)

Топтарға тапсырма. Шәкәрім---- Мағжан-----Н.Әбішұлы байланысын айту

ВЕНН диограмасы. Абай мен Шәкәрім ұқсастығын табу

  1. топ. Абай кім? Өзіне тән ерекшелігі

  2. топ. Шәкәрім кім? Өзіне тән ерекшелігі

Бекіту жұмыстары.

Айналып шеңберге тұрамыз. Сағат тілімен қозғалады. «Қозғал - тоқта» «Шәкәрім туралы не білдім?» (6 мин.)

Өзін-өзі бағалау. Рефлексия.

""Қазақ тарихы, қазақ әдебиеті жойылмаса, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Шәкәрімдер жойылуы мүмкін емес.

Тарихымыздың төрінен орын алады олар. Сондықтан мен осы ""Сыр дәптеріме" жазып кеттім, кейінгілердің қарғысына ұшырымауды ойладым. Дүниеден өзін кеткен мен, ізің қалса болғаны, сол ізбен сырың-ды ашады кейінгілер.

Ғ.Мұстафин

Үйге тапсырма.

Деңгейлік төрт түрлі тапсырма беремін.

Оқушы өзінің қалаған екі тапсырмасын орындайды.

  • 1. Ақынның өздеріңе ұнаған бір өлеңін жаттау.

  • 2. Өзіңізге ұнаған бір дастанын оқу.

  • 3. « Шәкәрім және Абай» тақырыбына шығарма жұмысын жазу.

  • 4. Шәкәрім шығармаларының тақырыбына арнап сурет салу.

Бағалау.












ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ - ақын, ойшыл, композитор, аудармашы, тарихшы, қазақтың бес арысының бірі.
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 11-шілдеде қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында (Шыңғыстау бөктері) дүниеге келді. Оның әкесі, Құдайберді, Абайдың ағасы. Абай мен Құдайбердінің әкелері бір болғанымен, аналары бөлек. Құдайберді үлкен бәйбіше Күңкеден, ал Абай Ұлжаннан туылған. Туыстық жағына қарағанда Шәкәрім Абайдың немере інісі болады.
Абай ақынның соңынан еріп, бағыт-бағдар алған Шәкәрімнің шығармалары сан алуан тақырыптарды қамтыды. Оның "Жастық туралы" және "Кәрілік туралы" адамның өмірі мен жасына қатысты өлеңдерінде Абайдың өлең жазу стилі байқалатын.
Шәкәрімнің адам бойындағы қасиеттерге арналған мынадай өлеңдері болды: "Өмір", "Сәнқойлар", "Құмарлық", "Қалжыңбас". Ал "Жастарға", "Анық асық әулие", "Шын сырым" атты өлеңдерінде адамдарды оқу-білімге шақырып, адал сезім мен сүйіспеншілікті насихаттады. "Жастарға", "Арман", "Насихат" атты өлеңдерінде қоғамдағы таптардың арасындағы айырмашылықты сынап, сол кездегі қоғамда әлі де болса моральдық-әлеуметтік өлшемдердің қалыптастпағанын айтты.
Шәкәрім ауыз әдебиетінің суырыпсалма ақындар поэзиясының жазба әдебиетке ауысуына зор қызмет етті. Лирикалық жанр түрлерінің дамуына ,мазмұнының етене жақындасуына мол еңбек сіңірді. Көптеген өлеңдеріне ән шығарды. Абайдың кеңесі бойынша "Қалқаман - Мамыр" дастанын жазды. (1888). Мұнда кіршіксіз махаббат дәріптеліп, ел билеушілер орнатқан қатыгез тіршілікке қарсылық, оны айыптау бар. "Еңлік - Кебек" дастанында (1891) бірін-бірі сүйген екі жастың қасіретін ескілікті салт-сананың қатып қалған уағыздарымен байланыстырады. "Айсұлу - Нартайдың" поэмасы жамандықты жазаласа, "Әділ - Мария" романында шынжыр балақ, шұбар төс алпауыттардың зорлық-зомбылығына қарсылық білдіріп, революцияның жеңісін хабарлаумен аяқтайды. Шәкәрім Құдайбердиев - "Қодардың өлімі", "Крез патша" дастандарының авторы .
ІV. Cабақты меңгерту.
Эпитет метафора қайталау түрлерін табу Мәнерлеп оқу
Сөздікпен жұмыс.
Ебін- ыңғайын
Ынсап- қанағат
V. Сабақты қорытындылау
Туған жылы
Туған жері
Еңбектері
Қайтыс болған жылы
VІ.Үйге тапсырма Мазмұндау
VІІ. Бағалау



© 2010-2022