Тақырып. Халықаралық бағалы қағаздар нарығы

Раздел Обществознание
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дәріс 15

Тақырып 15. Халықаралық бағалы қағаздар нарығы

Сұрақтар:

  1. Халықаралық бағалы қағаздар нарығының сипаттамасы.

  2. Еурооблигациялар.

  3. Еурокоммерциялық қағаздар.

1.Халықаралық бағалы қағаздар нарығы бұл евровалютада көрінің тапқан бағалы қағазды шығару және эмитентпен ұлттық реттеуден тыс жерде шығаруды жүзеге асыру.

Неғұрлым кең ұғымда халықаралық бағалы қағаз нарығы бұл шет елдік эмитенттердің бағалы қағазды басқа елдердің ұлттық нарығына эмиссиялауы.

Қазіргі кезде халықаралық қарыздық бағалы қағаздар нарығында әр түрлі қаржылық инструменттер айналыста жүр. Халықралақы облигациялар эмиссиясы 60-жылдардың ортасынан басталды және құндық көлемі бойынша халықаралық акциялар эмиссиясынан 9-10 есе артық.

Егер халықаралық бағалы қағаздар нарығының ірі державаларда дамуын қарастыратын болсақ, АҚШ әлемде ең ірі нарықты иемденеді. Бұл акциялардың ерекшеліктері бар: қарапайым акциялардың номиналдық құны жоқ, және олардың ұстаушыларына қосымша эмиссияны алу құқы берілмейді. Ашық нарыққа шығу үшін эмитенттен қатаң талаптарды орындау талап етіледі.

Одан кейінгі ірі шет елдік облигациялар орталық болып ФРГ табылады. Олардың ең алғашқы эмиссиясы 1959-жылы батыс Германия маркасының айырбасталу қасиетімен басталды.

Ұлыбританияның бағалы қағаздар нарығы көптеген жылдар бойына неғұрлым дамыған және ірі нарық болып табылады, бұл Британия империясының әлемдік экономикадағы өзіндік орнымен түсіндіріледі.. Лондонда ең алғашқы мамандандырылған қор биржасы 1773-жылы пайда болды.

2.Шет елдік облигациялар эмиссиясының басты әлемдік орталығы бұл Швейцария. Оның үлесіне жалпы эмиссия сомасының жартысынан астамы келеді. Швейцария арқылы халықаралық капиталдың үлкен массасы айналысқа түседі.

Швейцариялық франктағы шет елдік облигациялар эмиссиясы банктік концорциум көмегімен жарияланады. Шет елдік облигациялар нарығында қарыз алушылар болып халықаралық институттар, шет елдік мемлекеттер мен ірі корпорациядар табылады.

1963-жылдан бастап евробондтар нарығы пайда бодды. Ол көптеген елдердің корпорацияларымен қаржылық ресурстарды тартудың негізгі көзі болып табылды. Еурооблигациялар ұлттық эмитентпен белгілі бір шетелдік валютамен эмиссияланып, және бірнеше елде орналастырылады. Бұндай эмиссияны глобалды деп атайды және эмитенке инвесторлар базасын диверсификациялауға мүмкіндік береді.

Әлемдік тәжірибеде эмитентке байланысты еурооблигациялардың түрлері мынадай: мемлекеттік немесе егеменді; муниципалдық немесе аумақтық; корпоративтік.

Корпоративтік эмитенттер ретінде коммерциялық банктер табылады. Мемлекеттік еурооблигациялар үшін рейтинг деңгейі эмитент елдің әлемдік нарықтағы рейтинг деңгейіне тең болады. Ал корпоративтік еурооблигациялар үшін кем дегенде екі әлемдік агентствоның рейтингін алу қажет.

3.Қазіргі кезде неғұрлым кең тараған қаржылық инструментке еурокоммерциялық қағаздар табылады. Еурооблигациялар мен еуробондтармен салыстырғанда олар ақшалай нарықтың инструменті болып табылады. Оның мерзімі бір жылдан аспайды. Еурокоммерциялық қағаздар мүлікпен қамтамасыз етілмейді, бірақ оларды жоғары несиелік рейтингті ірі және атақты компаниялар эмиссиялайды. Сонымен қатар, еурокоммерциялық қағаздарды бірінші классты емес эмитенттер де шығара алады, бірақ олар бір жылыдық мерзімге дейін аккредитив ашқан сенімді банктің кепілдемесін алуы керек.

Биржада жеке компаниялардың, мемлекеттік органдардың немесе шет елдердің бағалы қағаздары айналымға түседі. Айналымдағы шет елдік қағаздардың құрылымы мемлекеттер бойынша ажыратылады. Мысалы қай мемлекттен қанша бағалы қағаз айналымға түсетіні алдын ала анықталады. Францияға қарағанда АҚШ-тың, Германияның және Жапонияның биржалық операцияларында мемлекеттік бағалы қағаздар мөлшері өте көп емес. Биржа комитетінің шешімі бойынша биржа айналымына ірі компанияларды бағалы қағаздары түседі. Мысалы АҚШ та егер корпорацияның биржадан түсетін таза пайдасының төменгі тұсы 1 млн.доллардан кем болмаса ол корпорацияның бағалы қағаздарыбиржаға жіберіледі. Ол үшін алдын ала биржа басқармасы кеңесінен келісім алып, оны бағалы қағаздар операциясына комиссиясында тіркеуден өткізу керек.

Биржа операциялары кассалық және мерзімдік болып екі ірі топқа бөлінеді. Біріншісі бойынша келісімге келген бойда есеп жүргізіледі, яғни сатып алушы қағаз үшін ақша төлеп, орнына сатушыдан бағалы қағазды алады. Екіншісінде есеп мәміледі көрсетілген мезгілде жүргізіледі. Ол айдың ортасы немесе аяғыболуы болмаса үш, алты айда болуы мүмкін.

Мерзімді мәміле бойынша есеп айырысу белгілі бір келісілген уақытта өтеді. Бірақ есеп мәмілесі асалған күнгі бағалы қағаз курсымен жүргізледі.

Биржадағы акция курсының динамикасы акционерлік қоғамның қаржы жағдайын жақсартатын немесе нашарлататын маңызды фактор. Экономикасы дамыған елдерде әр акционерлік қоғамның акция курсының қозғалысы баспасөз бетінде жарияланып тұрады. Мұндай мағлұматтар акционерлердің өз қолындағы акциялардың бағасын олардың қазіргі таңдағы курсымен салыстырып және акцияның жаңа бумасын сатып алу немесе бұрынғы бумасын сату туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.


© 2010-2022