Баяндама: Білімді жетілдіру - кәсіби кемелдену

Раздел Обществознание
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.

Білімін тұрақты көтеріп отыру - мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.

Мұғалімнің кәсіби шығармашылығы -оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның білім беру аясы да соғұрлым кең болмақ.

Жаңашыл мұғалім - өзін-дамытып отыратын тұлға. Ал өз білімін жетілдіру дегеніміз - өздігінен білім алу, өз бетімен оқу, іздену болып табылады.

Білімін жетілдірудің негізгі мақсаты - оқу және тәрбие әдістерін жетілдіру, кеңейту. Педагогикалық және психологиялық білімдерінің аясын кеңейту. Өз пәнін терең түсіну. Озық педагогикалық тәжірибелерді меңгеру. Мұғалімнің жалпы білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Мұғалім өз білімін жетілдіру барысында ақпаратты әртүрлі білім алу көздерінен алады және алған ақпаратын сабақта немесе өмірде пайдаланады. Ал мұндай ақпарат көздері мыналар:

  • Семинарлар мен конференциялар

  • Он-лайн сабақтар, тренингтер

  • Шебер сыныптар

  • Іс- тәжірибе алмасу бойынша іс - шаралар

  • Біліктілікті арттыру курстары

  • Ашық сабақтарға қатысу

  • Бұқаралық ақпарат көздері

  • Әдістемелік, ғылыми - көркем әдебиеттер

  • Ғаламтор желісі

Аталған ақпарат көздері арқылы әрбір мұғалім өз білімін көтеру жоспарын құра алады.

Мұғалімнің кәсіби даму шеберлігі алған дипломынан кейін тоқтап қалмауы керек.

Мұғалім бес жылда бір өткізілетін курстар мен аттестация арқылы одан әрі өсіп отыруы тиіс. Әрбір күніміздің өзі өзгеріске толы қазіргі жауапты кезеңде заман көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйреніп-меңгеру, оны оқушыларға үйрету - ұстаздықты кәсіп еткен әрбір маман иесінің қасиетті борышы, парызы.

Қазіргі кез жаңа ізденістер мен мүмкіндіктердің кезі. Осындай жаңалықтар мен мүмкіндіктерді тиімді пайдалану ол сіз бен біздің кәсіби шеберлігімізге келіп тіреледі. Сондай -ақ жаңа технологиялардың саны да күннен-күнге артып келеді. Бірақ осындай мүмкіндіктерді өз сабақтарына қолданып, жетілдіріп жатқан мұғалімдер саны өте аз.

Алайда, өз білімдерін біліктілік курстарында арттырып, нәтижесін көрсетіп жатқан мұғалімдер де бар.

Мектебімізден 2015-2016 оқу жылының наурыз айына дейін жалпы 19 мұғалімдер мемлекеттік, ақылы, қысқа мерзімді курстарда білімідерін жетілдіріп келді. Оның ішінде өз білімін көтере отырып нәтижелі көрсеткіштер, жетістіктерге жеткен мұғалімдер де бар. Атап айтар болсам, ең алдымен оқу жылының басында информатика пәні мұғалімі, жас маман Оразчаева Марал мемлекеттік курста білім алып, қазіргі инновациялық бағдарламаны үйреніп келді. Нәтижесінде меңгерген бағдарламасын оқушысына үйрете отырып, аудандық сайыста бірінші орын, облыстық сайыста екінші орынды иеленді. География пәні мұғалімі Гайыпова Айнұр да қазан айында курсқа барып, жаңа тың деректер мен идеялардың алып келді. Соның нәтижесінде білім ордамызға оқушылар үшін облыстық мұражайды шақыртып, оқушылардың танымдық көзқарастарын кеңейте білді. Осы атқарылған жұмыстары туралы аудандық, облыстық газет беттеріне мақаласы жарияланды. Жоғары санатты дене шынықтыру пәні мұғалімі Тайланов Сакен қаңтар айында ақылы біліктілік арттыру курсында білімін көтерді. Осының негізінде облыстық конференцияда «Дене тәрбиесі сабағын жүргізу әдістері» тақырыбында өз баяндамасын жоғары деңгейде қорғап келді. Білімді де ізденімпаз ағылшын тілі пән мұғалімі Басбаева Айнұр да қаңтар айында өз білімін жетілдіріп келді, соның аясында аудандық «Тілшілер олимпиадасында» өзінің шеберлігімен, білімімен үшінші орынды иеленді. Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Таңбаева Гүлшат та осы айда ақылы курсқа барып білімін жетілдірді. Курс барысында ғылыми жобаның қазіргі таңдағы жаңалығын меңгеріп, нәтижесінде оқушысы аудандық, облыстық сайыста бірінші орынға ие болып, республикаға жолдама алды. Сонымен қатар кешегі Кіші Ғылым Академиясында да оқушысы бірінші орын алып, тағы да республикаға жолдама алды.

Мұғалім өз білімін үздіксіз жетілдіру арқылы ғана биік белестерді бағындыра алатынына көзіміз жетіп отыр. Сондықтан мұғалім өзін үздіксіз өз білімін көтеріп, нәтижеге қол жеткізуі, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде дайындауы керек. Тек біліктілік арттыру курстарымен шектелмей, семинар, конференцияларға, онлайн конференцияларға, түрлі тренингтер мен ашық сабақтарға және тағы да басқа шараларға қатысу арқылы да өз білімін көтеріп, кәсіби кемелдене алады. Білім ошағымызда түрлі аудандық іс- шаралар, семинарлар өтілуде. Семинардың мұғалімге берер азығы мол. Себебі, семинарда мұғалім тәжірибе алмасады, түрлі әдіс-тәсілдерді үйренеді, жаңа идеялар пайда болады, жалпы мұғалімнің бойында бір түрткі пайда болады деп ойлаймын. Биылғы оқу жылында мектеп қабырғасында аудандық бес семинар өтілді. Барлық семинар жақсы деңгейде өтілді. Аудандық, облыстық семинар, конференцияға мұғалімдеріміз қалмай қатысып келеді. Мектеп мұғалімдерінің ішінен семинарда өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, сабақтарын, шеберлік сынып, коучинг, баяндама көрсетіп жүрген мұғалімдер қатары биылғы оқу жылында көбейді. Атап айтар болсам, Абдықадырова Күмісай, Құрманбаева Болған, Құрақбаева Тамара, Абиева Алтынай, Серикбаева Гүлнұр, Сариева Камшат секілді білімді мамандарымыз аудандық семинарларда өз тәжірибелерін ортаға салды. Барлығы да жақсы деңгейде көрсете алды.

Осындай биік нәтижеге қол жеткізуде ғана біз нағыз маман ретінде қалыптасып, озық ойлы оқушыларды қанаттандырып шығара аламыз және мектебіміздің мәртебесін биіктерге көтере аламыз деп сенемін.










«№10 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі




БАЯНДАМА

Тақырыбы:

«Білімді жетілдіру - кәсіби кемелдену»



Орындаған: Таңбаева Г.Ж.
























2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022