Сабақтың тақырыбы: Тікентерілілер типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Сабақтың тақырыбы:  § 48. Тікентерілілер типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері. Сабақтың мақсаты: Білімділік­- Тікентерілілер типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы жалпы түсінік беру. Тәрбиелік- оқушыларды табиғатты, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Дамытушылық-жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы білімдерін толықтырып, дамыту. Сабақтың әдісі: түсіндірмелі – көрнекілік. Сабақтың типі: аралас сабақ.                        Көрнекі құралдар: кесте, сла...
Раздел Обществознание
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: § 48. Тікентерілілер типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік­- Тікентерілілер типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы жалпы түсінік беру.

Тәрбиелік- оқушыларды табиғатты, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Дамытушылық-жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы білімдерін толықтырып, дамыту.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі - көрнекілік.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Көрнекі құралдар: кесте, слайд, электронды оқулық.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)

2. Үй тапсырмасын тексеру. (15 мин)

3. Жаңа сабақ. (20 мин)

4. Жаңа сабақты бекіту (4 мин)

5. Үй тапсырмасы. (2 мин)

6. Білімді бағалау. (1 мин)

Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындықты тексеріп, сабақты бастау.

Үй тапсырмасын тексеру Сұрақ - жауап.

  1. Бунақденелілер неліктен буынаяқтылар типіне жатқызылған?

  2. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым қалай аталады?

  3. Бунақденелілер қалай көбейеді?

  4. Көкқасқа шегіртке неге өте қауіпті зиянкес болып саналады?

  5. Бунақденелілердің табиғатта ролі қандай?

Жаңа сабақ: Тікентерілілер- соңғы ауызды, көпжасушалы, екіжақты симметриялы теңіз жәндіктері. Ондай қасиет еркін жүзетін дернәсілдерінде сақталған. Ересек тікентерілілер сәулелі симметриялы болып келеді. Әктен түзілген ішкі үшкір ұштары денеден шығып тұратындықтан, тікентерілілер деп аталады. Мұндай өскіндер тікентерілілердің кейбір түрлерінде байқалмайды. Бұлар су түбінде тіршілік етеді. Олар баяу жылжып қозғалады. Кейбір түрлері су түбіндегі төсеміктерге бекініп, отырықшы қалыпта тіршілік етеді. Тікентерілілердің соңғы қуысы желілілерге ұқсас пайда болған. Мезодермалық қалталар ішектен бөлініп шығады. Соңғы ауыздың пайда болуы да желілілерге ұқсас. Даму барысында тікентерілілердің қарын тесігі бітеліп, аналь тесігіне айналады. Ал дернәсілде қайтадан ауыз пайда болады. Бұл тікентерілілер арғы тегінің төменгі сатыдағы желілілермен байланысты екенін болжауға негіз болып табылады.

Ғаламшарымызда 6000 түрі мәлім тікентерілілердің дене пішіні әр түрлі. Теңіз жұлдыздары, жыланқұйрықтар, теңіз рухгүлдерінің денесі бес тармақты. Теңіз кірпілерінің денесі шар тәрізді болады. Ал теңіз қияры күбі пішіндес созылыңқы болып келеді.

Тікентерілілер- соңғы ауызды жәндіктер. Олардың аузы дененің алдыңғы жағында орналасқан. Басқа да соңғы ауызды жәндіктер тәрізді ауыз эктодерманың жымырылуынан екінші рет пайда болады. Сондықтан екінші реттілер деп те аталады.

Тікентерілілердің жабыны екі қабаттан: сыртқы қабаты- эпителийден, ал ішкі қабаты талшықты дәнекер ұлпадан түзіледі. Әктенген тері қаңқасы ішкі өабатта дамиды. Ал теңіз қиярының әктенген ұсақ, пішіндері әр түрлі денешіктері теріде шашырап жатады.

Терідегі қаңқаның қимылдағыштық қасиетіне және жәндіктің тіршілік сипатына байланысты бұлшықеттер әр түрлі дәрежеде дамиды. Бұлшықеттер жеке бұлшықет пен бұлшықет талшықтарынан құралады.

Сутүтікшелі жүйе- тікентерілілерге ғана тән жүйе. Ол тікентерілілердің қозғалып жүруіне, сондай-ақ тыныс алуын, қажетсіз заттарды бөліп, түйсінуін реттейді. Бұл жүйе соңғы қуыс- целомның бастамасынан дамиды. Ол ауыз маңындағы шеңберленген және сәулелі өзекшелерден құралады. Бұл- өте күрделі жүйе. Теңіз жұлдыздары мен теңіз кірпілерінде сутүтікшелі аяқтар болады. Ондай аяқтарда сорғыш табан бар. Тікентерілілер сутүтікшелі аяқтарымен баяу жылжып, теңіз түбімен жүре алады. Сабақты рухгүлдер төсемікке сабағымен жабысып, отырықшы өмір сүреді.

Қантарату жүйесі шеңберленген екі түтіктерден тұрады. Шеңберлі түтіктің біреуі ауыздың айналасын, екіншісі аналь тесігін қоршап жатады. Бұлардан түтіктер сәулеленіп, жәндіктің сәулелі денесіне таралады. Бұл түтікшелер қанайналымынан гөрі лимфа айналымына көбірек ұқсайды.

Тікентерілілердің арнаулы зәр шығару мүшесі жоқ. Қажетсіз заттар сутүтікшелі жүйе арқылы сыртқа шығады.

Тікентерілілер дара жынысты. Қосжынысты тікентерілілер де бар.Олар жыныс өнімдерін суға төгіп, суда ұрықтанады. Өте күрделі жолмен дамиды.

Теңіз жұлдызының бір тармағын кесіп алса, одан бүтін теңіз жұлдызы дами алады. Демек ол регенерациялануға өте бейім.

Тікентерілілер типі негізгі 3 класқа жіктеледі. Олар: теңіз жұлдыздары, теңіз кірпілері және теңіз қияры (голотурии)

Теңізжұлдыздар класы. Теңізжұлдыздардың денесі бес тармақты болып келеді. Кейде көп тармақтылары да болады. Қазіргі кезде 8 отрядта 1500-ден астам түр топтастырылған. Кейбір теңізжұлдыздардың әктенген қаңқасының ұшы тікенек тәрізденіп дененің сыртына шығып тұрады. Олар сутүтікшелі жүйе және сәулелері арқылы қозғалып жүреді. Аузы дененің соңғы бөлігінде орналасқан. Ішкі құрлысы онша күрделі емес.

Теңізкірпілер класы. Теңізкірпілердің денесін әктенген тікенектер қаптаған, шар тәрізді немесе екі жағы қысыңқы табақша тәрізді болып келеді. Қазіргі кезде 800-ге тарта түрлері бар. Теңізкірпінің аузы дененің астыңғы жағында орналасады.Қорек қалдығы аналь тесігі арқылы сыртқа шығады. Аузында бес тісті жақсүйекті ерекше мүше болады.

Теңізкірпілер баяу қимылдап теңіз түбінде өмір сүреді. Жануартекті және өсімдіктекті қорекпен қоректенеді.Олардың уылдырығын адамдар тамаққа пайдаланады.

Теңізқиярлар класы. Теңізқиярлардың денесі қиярға ұқсас созылыңқы, сондықтан теңізқияр деп аталады. Аузы денесінің алдыңғы ұшында орналасады, ауыз төңірегін қармалауыштар қоршайды. Қазіргі кезде 5 отрядқа топтастырылған 1 100 түрі теңіздер мен мұхитта өмір сүреді. Су түбінде жылжып, кейде суда жүзіп жүреді. Негізгі қорегі- су түбіндегі ұсақ жәндіктер, балдырлар, қалдық шірінділері.

Бекіту:

  1. Тип неліктен тікентерілілер деп аталған?

  2. Тікентерілілер қайда, қалай тіршілік етеді?

  3. Соңғы ауыз қалай пайда болады?

  4. Сутүтікшелі жүйе деген не?

  5. Оның жәндік үшін маңызы қандай?

Үйге тапсырма: § 48. Тікентерілілер типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері. Кесте толтыру.

Типке жататын кластар атауы

Класс өкілдері

Класс өкілдерінің дене пішіндері

Тікентерілілер типінің табиғаттағы және іс жүзіндегі рөлі

1.

2.

3.


Бағалау: Білім деңгейлеріне сай оқушыларды бағалау.

© 2010-2022