Қазақстан Республикасының президентынің халыққа жолдауы

Раздел Обществознание
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: «Қазақстан халқына Қазақстан Республикасының президентінің жолдауы»

Мақсаты:

Әдістері: Қазақстан президентінің жолдауын талдау,жаңа берілген бағытқа сай журу.Қазақ қоғамының жиырмасыншы ғасыр тарихындағы Конституцияларының ерекшеліктерін аңғарту, жетістіктеріне тоқталу.
Қосымша материалдардан мысалдар келтіре отырып,өз ойларын айтқызу.
Өз елінің, жерінің жетістіктеріне сүйсіне білуге, Конституцияны іске асыра білуге талпындырып, өз құқығын қорғай білуге баулу.
Әдістері:Ой қозғау, ауызша журнал.
Көрнекіліктері:Слайд, сызба, жазулар.


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауын жариялады.

«Менің тапсырмама сәйкес Үкімет дамудың ауқымды жаңа бағдарламасын әзірлеуді аяқтады. Бүгінде біздердің алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жария етемін. Дәл осыған мен 2015 жылға арналған халыққа Жолдауымды арнаймын», - Н.Назарбаев.

Елбасының атап өтуінше, жаңа саясат еліміздің құрылымдық реформаларын одан әрі жүзеге асыруға бағытталатын болады.

"Мен өзімнің үлкен тәжірибеме қарап, алдағы жылдары әлемде және біз үшін де жаһандық сынақтар болатынын күні бұрын сеземін. Әлемнің архитектурасы өзгеретін болады. Бұл күрделі кезеңнен мемлекеттердің бәрі бірдей лайықты түрде өте алмайды, бұл шептен тек мықты, біріккен халықтар мен елдер ғана өте алады", - деп мәлімдеді Президент.

Мемлекет басшысы Жолауды не себепті күні бұрын арнап отырғанын түсіндірді. "Құрметті отандастар! 2007 жылы әлемдік дағдарыс басталды, сын-қатерлер әлі күнге дейін бар және бұл дағдарыс жалғасып келе жатыр. Ресей мен Батыс арасында санкциялық саясат бар. Таяу Шығыста болып жатқан оқиғалар да Қазақстанға белгілі бір дәрежеде ықпал етеді. Біз халықтың сенімін ақтау үшін шараларды қолға алып, одан басымыз бүтін күйде шығуымыз керек. Таяу жылдары еліміз үшін аса оңай болмайын деп тұр, сол себепті өз Жолдауымды, жаңа жылдан бастап нені қолға алу керектігін күні бұрын арнауды жөн көрдім. Соған уақыт беру үшін мен жылдың соңында Жолдауымды арнап отырмын", - деді ол.

Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан әлемдік экономиканың бір бөлігі - геосаяси шиеленіс эпицентріне жақын орналасқан ел ретінде әлемдегі процестердің жағымсыз әсерін бастан өткеріп отыр. "Біз не болып жатқанын көріп отырмыз. әлемдік нарықтарда баға құлдырап жатыр, тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулап қалды. Халықаралық валюта қорының әлемдік экономика дамуының 2014 жылға және содан кейінгі екі жылға арналған болжамдарын төмендеуге қарай қайта қарағаны белгілі. Бұл да бізге әсер ететін болады. Сондықтан кейбір ұстанымдарды жедел қайта қарау керек және алдағы кезеңге арналған жоспарларға түзету енгізген жөн. Бізде арқаны кеңге салуға уақыт жоқ. Біз айтып отырған шараларды 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асыру керек, біз келеңсіз үрдістердің алдын алу үшін барлық шараны қолға алып, бізге мұның зияны тимейді деп есептейтін халықтың үмітін ақтауымыз қажет. Бізде мұндай тәжірибе бар", - деді Елбасы.

Елбасының Жолдауы «Қазақстан-2050» саяси бағыты» жаңа саяси бағыт қазақстандықтардың өмірінің барлық саласын қамтиды.
Елбасының бұл жылғы Жолдауы Еліміздің алдағы жылдарға жоспарланған стратегиялық мақсаттармен міндеттерін айқындалған бүкіл халыққа, жалпы ортақ еңбек қоғамына үндеген аса маңызды құжат болып табылады. Елбасының биылғы Жолдауы - еліміздің өркендеуінің алғышарты. Әр жыл сайынғы Президент жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруына, өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдармен ерекшеленеді. Өйткені Перзидент Жолдауы еліміз үшін жыл сайынғы басты құжат. Елбасы: « Мәңгілік ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - мәңгілік ел! Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алдым. » деп ұрпаққа сенім артады.
Осыған орай бұл Жолдау бүкіл халықтың көңілінен шықты, қазір ол мемлекетіміздің барлық аумақтарында, басқару, оқу-өндірістік салаларда, мемлекеттік емес ұйымдарда кең қолдау тауып отыр.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған.Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жүйесі. Орта мектеп- білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады.
Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы - ұстаз қолында.»-деп атап көрсеткен болатын.
Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану - аса маңызды міндеттердің бірі. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді.
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Технология - белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса, жаңашылдыққа жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса - оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден 50-ден астам оқыту технологиялары қолданысқа енгізілгені белгілі болып отыр.



© 2010-2022