Өзін-өзі тану - өмірді тану

Раздел Обществознание
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Өзін-өзі тану - өмірді тану»

Мақсаты: Оқушылардың «өзін-өзі тану», «өмір» құндылықтары туралы түсініктерін қеңейту.

Міндеттері:

  • 4-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру;

  • Адамгершілік құндылықтарын білуге, өзін және өмірді тануға қызығушылықтарын арттыру;

  • Сыйластыққа, кішіпейілділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнеслайдтар, жүрекше.

Шаттық шеңбері:

Сәлемдесу:

Барлығы бірге «Шұғылалы әлем» өлеңін оқу.

Осындай әлем бар,

Қызықты,

Шуақты.

Әлемде әр ел бар,

Бақытты,

Қуатты.

Ондағы балалар

Жайдары,

Көңілді.

Бәрі де керемет!

Әңгімелесу:

  1. Өзін-өзі тану дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Адамгершілік құндылықтарды ата:

Назар аударыңдар!

Өзін-өзі тану - өмірді тану

Өзіммен-өзім: «Табиғатқа саяхат»

Баланың өз ішкі дүниесін қалыптастыру

Мұғалім сөзі: «Өзін-өзі тану» еліне саяхат сабағымызды бастаймыз. Бұл елде «тіл табысу», «білім», «табиғат пен денсаулық», «адамгершілік» атты өлкелер тұрады.

І бөлім: «Тіл табысу» өлкесі

Тапсырма:

Өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді айтамыз.

ІІ бөлім: «Табиғат пен денсаулық» өлкесі

Табиғатта сезім де, құлақ та бар,

Ренжітсең күрсініп жылып та алар.

Аяласаң жаныңа шуақ тамар,

Қажығанда бойыңа қуат болар.

1-тапсырма: Жұмбақ шешу

Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

Бірі түкті кілем, бірі түксіз кілем.

2-тапсырма: «Табиғатқа пайдалы іс жасау»

Өзін-өзі тану - өмірді тануӨзін-өзі тану - өмірді тануӨзін-өзі тану - өмірді тану


Өзін-өзі тану - өмірді тануӨзін-өзі тану - өмірді тану

3-тапсырма: «Жұмбақ шешу»

Оны күткен адамдар,

Ұзақ өмір сүреді,

Қадірін білген жарандар,

Байлық осы деседі.

Жағдаяттарды шешу

Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Апасы бұл ісіне кейіп, «денсаулығыңды құртасың ғой, отырып дұрыс тамақтансаң қайтер еді» деп кейіді. Самат анасына «тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша» деп жүре тыңдады. Сендерше бұл дұрыс па?

ІІІ бөлім: «Білім» өлкесі

1-тапсырма: Жұмбақ шешу

Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады.

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса атитама.

2-тапсырма: Мақал-мәтелдердің жалғасын тап:

Оқусыз білім жоқ,

. . .

Күш білімде, білім . . .

Білекті бірді жығар,

. . .

Кітап білім бұлағы,

. . .

Білімдіге дүние жарық,

. . .

Өнер ағып жатқан бұлақ

. . .

ІҮ бөлім: «Адамгершілік» өлкесі

Адами құндылықтарды ата:

Қорытынды:

Ойын «Көршіңнің жақсы қасиеттерін ата»

Жүректен-жүрекке «Ризашылық» әні

Ризамыз бүгінгі, Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге, Ризамыз қазірге!

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!

Риазмын, ризамын, ризамын қазірге!





Өзін-өзі тану - өмірді тану

Тренинг-сабақ





Сыныбы: 4 «Б» гимназия-сынып

Пәні: өзін-өзі тану

Пән мұғалімі: Б.Жумагулова


Төретам кенті

№80 мектеп-гимназия

© 2010-2022