Реттік сан есім

Балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз Реттік сан есім .      Ендеше, сыныпты екі топқа бөлеміз.     Ұран :    Бір мен екі алмаңдар ,                 Үшке алданып қалмаңдар.                  Кілең төрттік алғандар,                  Бесті ғана армандар.   І топ.         « Тұлпар» тобы         Тұлпармыз  тұяғы асыл болаттан,         Жақсылыққа әрқашан да қол артқан.         Жалғасымыз бабалардың мәңгілік,         Батыр етіп Алла өзі жаратқан.   ІІ топ.          «Сұңқар» тобы         Сұңқармыз самғаған құзар биікке,         Жеткізген тәуелсіздік пен билікке.         Талмайды қанатымыз самғаудан         Көк аспанды өз еркіне иіп те.            Топқа түсіп жарыспай         Жүйріктің бағы жанар ма?!         Білім мен өнер жарысып,         Тәрбие, білім табар ма?!         Бұл бәйге- топтың бәйгесі,         Кім жүйрік ойға-сол алда!- деп  сабағымызда ІІ   топтың жарысын тамашалаймыз.
Раздел Обществознание
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Реттік сан есім

Сабақтың мақсаты: Білімділік - Реттік сан есім туралы мағлұмат беру , жасалу жолдарын мысалдар арқылы меңгерту, ерекшеліктеріне тоқталу;

Дамытушылық - ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, , ізденімпаздық, ойлау қабілеттерін артыру;

Тәрбиелік - оқушыларды мақал-мәтел , ұлттық әдет- ғұрыпқа байланысты жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы адамгершілікке , имандылыққа, әдебиетті сүюге , ұлттық асыл қасиеттерді, тілі мен дінін сүюге тәрбиелеу.

Сабақ түрі : сайыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ- жауап, түсіндіру, талдау, ойын, тест.

Көрнекіліктер: Мақал- мәтелдер, ойын, интерактивті тақта ,ребус, кеспелер, семантикалық карта , тесттер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, математика.

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі .

а) Оқушыларды түгендеу

ә) Назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген 139-140 - жаттығуларды тексеру.

Сұрақ -жауап әдісі арқылы үй жұмысын тексеру.

Сұраймын , жауап бер.

  1. Қазақтың сөздік қорындағы « сан» деген ұғымның қандай баламаларын білесіңдер?

  2. Сан есім дегеніміз не?

  3. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді , ата ?

  4. Есептік сан есім дегеніміз не ?

  5. Абай атамыз « Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» демекші біздің күнделікті тұрмысымызда , той думандарымызда айтылып жүрген өлеңдердің де тақырыптары сан есімнен болады. Сан есімдермен аталатын қандай ақындардың өлеңдерін білесіңдер? ( Сегіз аяқ, Жиырма бес , Он алты қыз , Үш бақытым т.б )

  6. Нұрай сен нешінші сыныпта оқисың ?

  7. Нұрдәулет сен нешінші партада отырасың?

  8. Отбасында ата-анаңның нешінші перзентісің ?

  9. Абайдың қанша қара сөзі бар?

  10. Сендер Абайдың нешінші кара сөзін өттіңдер?

  11. Абай Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келді. ?

  12. Абай кай жылы дүниеден кайтты?

Балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз Реттік сан есім .

Ендеше, сыныпты екі топқа бөлеміз.

Ұран : Бір мен екі алмаңдар ,

Үшке алданып қалмаңдар.

Кілең төрттік алғандар,

Бесті ғана армандар.

І топ. « Тұлпар» тобы

Тұлпармыз тұяғы асыл болаттан,

Жақсылыққа әрқашан да қол артқан.

Жалғасымыз бабалардың мәңгілік,

Батыр етіп Алла өзі жаратқан.

ІІ топ. «Сұңқар» тобы

Сұңқармыз самғаған құзар биікке,

Жеткізген тәуелсіздік пен билікке.

Талмайды қанатымыз самғаудан

Көк аспанды өз еркіне иіп те.

Топқа түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?!

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, білім табар ма?!

Бұл бәйге- топтың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға-сол алда!- деп сабағымызда ІІ топтың жарысын тамашалаймыз.

Реттік сан есім

СҰРАҒЫ : Нешінші ?

Дауысты дыбысқа бітсе ,- ншы,-нші Дауыссыз дыбысқа бітсе

жұрнағы жалғанады. -ыншы, -інші жұрнағы жалға-

нады.

Мысалы: Алтыншы сынып Төртінші орын

САНМЕН ЖАЗУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІГІ

Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе ,-ыншы, -інші, -ншы,-нші жұрнағының орнына дефис (-) қойылады.

Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе ,жұрнақтың орнына дефис қойылмайды.

Жыл, ай , ғасыр аттарының алдынан келген сан есім араб цифрымен берілсе де, одан кейін дефис қойылмайды.

6-сынып, 1-орын , 5-қатар

ҮІ сынып , «Абай жолының» ІІ томы,

ІІІ бөлім т.б.

2012 жыл, 22 наурыз, Х ғасыр

Оқулықпен жұмыс.

І топ. 141- жаттығуды орындайды.

ІІ топ 142- жаттығуды орындайды.

І-ІІ топқа 144 - жаттығу .Сан есімнің мағыналық түрлерін атаңдар.

Сергіту сәті . Ребус шешу.

І. «Мықты болсаң, тауып көр» бөлімі.

Көп нүктенің орнына керекті сан есімді тауып қой, тұрақты тіркестердің мағынасын бір сөзбен айт..


  1. ................ көзі шарасынан шығу .

  2. Азуы .............. қарыс

  3. Жерден .......... қоян тапқандай.

  4. ................ саусақтай білу.

  5. Аузынан ........... елі тастамайды.

  6. .........аяғын ........ етікке тығу.

  7. ............ езуі ......... құлағына жету.

  8. ............ көзі ........... болды.

  9. ............ саусағындай білу.

  10. ........... пышақ болу. .

ІІ «Құпия сөздің құлпын аш» бөлімі . Жұмбақтардың жауабын табу.

1. Таңертең төрт аяқты.

Түсте екі аяқты.

Кешке үш аяқты.

2. Бір көлде он екіден қаз ойнайды.

Алсам деп бірін- бірі наз ойнайды.

Келгенде жақындасып , қожаңдасып

Бір - бірін алмасына еш қоймайды.

  1. Бес ін , бес іннің аузы бір ін.

  2. Екі достың бірі ыңғайлы,

Біреуінің ебі жоқ.

Екеуін де бірдей көрем,

Маған артық кемі жоқ.


  1. Бірінші буыным құс аты,

Ал екіншісі -бояу түсі.

Екеуін біріктіріп оқысақ,

Оңынан да , солынан да

Ұлт болып шығамын.

  1. Төрт бұрышты, бір ауызды.

  2. Оң оқыса да , теріс оқыса да бірдей мағынада айтылатын қай сан есім.

  3. Бұйырмапты бас та, ауыз да , құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та.

  1. Бір тұлпар бар су ішпейді , жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді,

Жүк емес жануарға жүз адамда,

Шылбырын сымға байлап тез жөндейді.

  1. Бір ақынның атында,

Екі түбір , төрт буын .

Төртеуі де бітеу буын.

Мұны тауып , қанекей

Айтар екен , кім бұрын.

ІІІ. «Орныңды тап» ойыны .

  1. Біл жұрттың тілін жеті,

біл түрлі жеті білім .

  1. Болғанша сомың жүз,

досың жүз болсын.

  1. Секіреді тойып біреу,

тоңып біреу секіреді.

  1. Екі жігіттің сөйлегені ер - өлгені.

  2. Ауыз сөздің тоқсан тобықтай бар түйіні

  3. Ала болса алтау кетеді ауыздағы ,

Түгел болса төртеу келеді төбедегі


  1. Жасар бала алыстан алты келсе,

Сәлем қария алпыстағы берер.

  1. Бота тату аяқтыда төрт,

Аяқтыда екі тату бажа.

.

ІҮ. «Ойлы болсаң , озып көр»

Оқушыларға кеспе қағаздар таратылып . сұрақтар бойынша жауап алынады.

  1. Қай жырдан үзінді, сан есімді тап.

Тоқсан мың екен қарасы,

Мұрындық ноқта тимеген.


  1. Қай жырдан үзінді , сан есімді құрамына қарай талда.

Біз байлаған Бурылда ,

Қырық үш күн кемдік бар.


  1. Қай жырдан үзінді ? Сан есімді мағыналық түріне қарай ажырат.

Бір жылда бес айқастық,

Тоғу кентте шайқастық .

Бозын мініп ер батыр,

Алдаспанын сілтеді,

Алты жауын түйреді,

Жетіншісін сүйреді.


  1. Қай шығармадан үзінді, сан есімді мағыналық түріне қарай ажырат.

Артельге ұйымдасқан 63 үй, қоныстары төрт бөлек : бір ауыл мен екінші ауылының арасы 8-10 шақырым.

Ү. «Кім тапқыр?» бөлімі . Сұрақтарға жылдам жауап бер.


  1. «Тіл туралы» Заң қашан толықтырылып қайта шықты ? ( 1997 ж, 11 шілде)

  2. Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды? (1992 ж. 4 маусымда)

  3. Астана Қазақстанның нешінші астанасы ? (4-ші , Орынбор, Ақмешіт,Алматы, Ақмола)

  4. Казақстанның тұңғыш президентін бүкілхалықтық сайлау қашан өткізілді ? ( 1991 ж. 1 желтоқсанда.)

  5. 17 желтоқсан қандай күн болып жарияланды?

  6. Нешінші желтоқсан Президент күні болып жарияланды ? (1 желтоқсан)

  7. Қай жылы, қай айда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялады. ( 1991 жылы 16 желтоқсанда)

  8. Қай жылы ,қай айда Қазақстан Республикасының негізгі заңы- Конституциясы қабылданды.

Ойланайық,ойлайық!

Ет алушылар неше адам?

Біреу жылқы соятынын көрші -колаңына хабарлайды. Белгіленген күні ол бордақысын сояды.Әр жерден ет алушылар келеді .Сойылған малды төңіректеп тұрғандарды көзімен санап шығып , ол сәл ойланып қалады: «Бұлардың әрқайсысына бір жіліктен берсем,онда үш жілік ет артылып қалады.Екі жіліктен сатсам,үш адамға жетпейді» Енді қандай амалын табайын.

Жаңа сабақты бекіту

СЕМАНТИКАЛЫҚ КАРТА

Сан есім

дара

күрделі

есептік

реттік

бес


жиырма


тоғызыншы


қырық


мың


жүзінші


Бір мың тоғыз жүз төртінші


Он жетінші



Жаңа сабақты қорытындылау.

Тест сұрақтары

Дұрыс жазылған сан есімдерді тап.

І. а) 2004-жыл ә) 2004 жыл б) 2004-ші жыл

2. а) 7 сынып ә) 7-сынып б) 7-ші сынып

3. а) V том ә) V- том б) V-ші том


  1. Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар.

Абайдың нешінші қара сөзі?

а) 19 ә) 17 б) 31

5. Адам ата-анадан туғанда есті болмайды...

Абайдың нешінші қара сөзі ?

А) 31 ә) 19 б) 17

6 . Реттік сан есімнің сұрағын тап.

а) неше ә) нешінші б) нешеу

7. Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді.

А) 2 ә) 3 б) 6

8. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді.

А) 5 ә) 4 б) 6

Үйге тапсырма : 143-145 -жаттығулар. Ертегі жазу, ребус құрау.

Бағалау.

. --

© 2010-2022