Урок по обществознаний. Шұбартауық

ТАҚЫРЫБЫ: ШҰБАР ТАУЫҚ Білімділік: Балалардың тақырып бойынша білімін қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып,оның әсемдігін сезінуге, құстардың ерекшеліктерін есте сақтауға баулу. Үй құстатының тіршілігі пайдасы туралы білім беру. Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін,логикалық шығармашылық қабілетін,белсенділігін, қызығыушылығын, қиялын дамыту. Сөздік қорын дамыта отырып, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Тәрбиелік: Құстарды қорғауға,қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Ертегіні тыны...
Раздел Обществознание
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ТАҚЫРЫБЫ: ШҰБАР ТАУЫҚ

Білімділік: Балалардың тақырып бойынша білімін қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып,оның әсемдігін сезінуге, құстардың ерекшеліктерін есте сақтауға баулу. Үй құстатының тіршілігі пайдасы туралы білім беру.

Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін,логикалық шығармашылық қабілетін,белсенділігін, қызығыушылығын, қиялын дамыту. Сөздік қорын дамыта отырып, байланыстыра сөйлеуге үйрету.

Тәрбиелік: Құстарды қорғауға,қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Ертегіні тыныш отырып,зейін қойып тыңдай білуге,ертегіні сұраққа жауап беру арқылы жеткізе білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: сұраққа жауап, көрсету,түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: Әлеуметтік орта, қатынас, шығармашылық.

Қажетті құралдар: жұмыртқа екі түрлі, шұбар тауық,тышқан,ата, әже, үй құстары.

Сабақтың барысы:

Жылулық шеңберіне тұрғызып,жылы сөздерін атқызу: Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз
Ренжуді білмейміз.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде,

Қуанайық бәріміз,

Арайлап атқан күнге.

Балалар енді орнымызға отырайық : Қазір жылдың қай мезгілі? Бүгін ауа-райы қандай? Бұл күздің нешінші айы? Балалар бүгін қонаққа көп апайлар келіп отыр,сондықтан сабақта дұрыс отырып мұқият болайық.

Міне балалар тақтада көп суреттер тұр, қазір бұлардың ненің суреті оның қандай пайдасы бар ,ол қандай заттармен қоректенеді, соған тоқталамыз. -Мынау ненің суреті? (қаздың). Ал мынау ше? (үйректің). Мынау ше? (тауықтың). Бұлар үй құстарына жатады. Мына тауықтың түсі қандай?(ақ). Ал мынаның түсі ше? (шұбар). Олар қалай дыбыстайды? Немен қоректенеді? Қаздар,үйректер не істегенді ұнатады? (суға түскенді). Үй құстарының қандай пайдасы бар? (етін жұмыртқасын жейміз, жүнінен көпшік жасайды).

Жұмбақтар шешеміз: 1. Қық-қық етеді,

Кезіп жүріп көшені.

Жата қалса орнына,
Ақ доп тастап кетеді .( Тауық).

2.Айдалада ақ отау,

Аузы мұрны жоқ отау.(жұмыртқа).

Балалар енді мен сендерге тауық пен жұмыртқа туралы Шұбар тауық деген ертегі айтып беремін. Бәріміз тыныш отырып мұқият тыңдаймыз. Ертегінің мазмұны: -Ерте,ерте,ертеде,ата мен әже болыпты.Олардың шұбар тауығы болыпты.Бір күні әлгі шұбар тауық бір жұмыртқа тауыпты,ол жұмыртқа қарапайым емес алтын жұмыртқа екен. Ата мен әже қуанып оны жемек болады. Жұмыртқа қалай ұрса да жарылмайды. Осы кезде стол үстінде тұрған жұмыртқаны тышқан құйрығымен қағып домалатып жібереді. Жұмыртқа столдан жерге домалап түсіп жарылып қалады, бұған ата мен әже қатты ренжиді. Сол кезде шұбар тауық ата мен әжеге " Ата әже сіздер ренжімеңіздер мен сіздерге тағы да жұмыртқа туып беремін,бірақ ол алтын емес,қарапайым!"-дейдІ".Сөйтіп шұбар тауық күнде ата мен әжеге қарапайым жұмыртқа тауып береді.

Содан ата мен әже бақытты ғұмыр кешіпті. (Сұрақ-жауап арқылы ертегінің мазмұнын тиянақтап сөздік жұмыс жүргізу).

Сергіту сәті: Оң қанатты бір қағып,

Сол қанатты бір қағып.

Мен қанатты жазамын.

Жерден дәнді шоқып -ап .

Ұшып -ұшып аламын.

Ал енді балалар ермексаздан көп жұмыртқа жасап ата мен әжеге берейік. Сонымен балалар біздер бүгін қандай ертегі тыңдады? Ертегі сіздерге ұнады ма? Ата мен әжеге не жасап бердік? Жарайсыңдар балалар бүгін барлығың да мені мұқият тыңдадың- дар,жұмыртқаны да әдемі жасадыңдар сіздерге рахмет. Қонақтармен қоштасайық : Сау болыңыздар!







© 2010-2022