Конспект Алтын куз 5 класс

Раздел Обществознание
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Алтын күз».

Мақсаты:

1. Күз ғажайыптары туралы қосымша мәлімет беру

2. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Оқушылапрды табиғатты аялап қорғауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Плакаттар, шарлар, қағаз бас киім, киім үлгілері, күз кереметтері.

Жоспары: І - бөлім. «Мерекелі, берекелң күз келді»

ІІ - бөлім. «Алтын күз -аруы»

ІІІ - «Өнер таппай баптанба»

Барысы:

1-Бастаушы. Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ сары алтын

Қуандырып біздерді.

2-Бастаушы: Кел жемісті Алтын күз,

Кілемденсін халқымыз.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі біздің күз мерекесіне арналған мерекелік кешімізді бастауға рұхсат етіңіздер.

Ән хормен.Би билеу.

1-бастаушы: Алдық әнім-сыйыңды,

Көбейді - құт береке,

Астық толы қоймамыз,

Құтты болсын мереке.

Мереке сайысымызды бастамас бұрын, әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

1.Сайыс мәнерлеп оқу, Күз туралы оқушылар өз шығармаларын оқиды.

2-Бастаушы: Біздің балалардың өнері әл алда. Тіпті олар жұмбақта шеше біледі.

2.Сайыс жұмбақ сайысы.

1-Бастаушы: Ендігі кезекті әнге берсек. Ақыл- бастан, өнер - жастан. Қане, тұрмаңдар би билеңдер, жырлаңдар. әр сынып өз өнерлерін көрсетеді.

2- Бастауыш: келесі сайысымыз күз туралы көрініс қою. әр сынып өз көрністерін ортада қояды.

1-Бастауыш: келесі бөліміміз «Алтын күз аруы» Ендеше аруларымызды ортаға шықырсақ. (ортаға арулар шығады)

Бөлімнің бағдарламасы: 1-бөлім: «Менің құрбым» (танысу)

2-бөлім: «Өнерім бар осындай»

3-бөлім: «Сән үлгісі»

4-бөлім: «Жемісті құмыра»

Осы кезде вальстік музыка ойнап тұрады.

2-бастауыш: Бүгінгі кештің ханшасы кім болатынын анықтау үшін ханшалардың өнерлерін әділ қазылар алқасымен бірге бағаласақ.

1-Бастауыш: Біз ханшалардың өнерлерін тамашаладық. Әділ - қазылар алқасына сөз кезегін берсек. Күз аруы мен күз еркесінің кім болғанын тыңдайық!

3-Бөлім: «Өнер таппай баптанба»

1-Бастауыш: Алдын ала берілген тапсырма бойынша әр сынып арасындағы ең үздік шғармаларын оқысын. (шығармалар оқылады)

1-оқушы: Күз - қоңыржай,

Күн - қогңыржай....

Қызғылтым жапырақ,

Қоламта шоғындай...

1-Бастауыш: Күз кереметтері (әр сыныптан 2 оқушы шығып қорғайды)

1-Бастауыш: Қызды қырман ел ісі,

Қызды қырман жер үсті.

Елдің тойлап жатқаны

Еңбегінің жемісі!

2-бастауыш: Астық жеміс жиылды,

Қоймамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды,

Көбейді құт береке,

Астық толы қоймамыз,

Құтты болсын мереке!

2-бастауыш: Жел гулегім,

Солды гүл тегіс,

Көш тартып тізіліп

Қоштасты бізбен құс.

1-Бастауыш: Осымен бүгінгі кешімізде аяқталды құрметті жиналған қауым. Барлықтарыңызға алтын күзге арналған шағын мерекелік кешіміздің құрметті қонағы болғандарыңызға алғыс жариялаймыз!

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жомарт күздің жемістері »

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға күзгі табиғаттағы ерекшеліктері туралы түсінік беру. Оқушылардың күз байлықтары:

астық,көкөніс,жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңейту. Алтын күздің адамға берер пайдасын түсіндіру

және табиғатты сүйюге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаттың көрнекіліктері: Күз туралы суреттер мен даналық сөздер, күзгі ағаш, күз көкөністері,

жеміс-жидектері, жапырақтар және музыкалық аспаптар.

1. Кіріспе сөз:

Мұғалім: Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің ерекшелігі мен есте қалатыны қазан айы. Айнала сары түске боялып, сары алтындай жалтырап көздің жауын алары сөзсіз.

Не қасиет бар дейсің, осы күзде-

Деп айтқаны әркімнің есімізде.

Ет майымен тоқашын қолтықтап ап,

Байлық, ырыс әкелген осы бізге.

Талай-талай басынан таңды асыра,

Алтын дәнін тиеп ап арбасына

Қараңыз өзі бастап кеткен жоқпа,

Отанның берекелі қамбасына- деп ақын ағамыз Мұқағали Мақатаев жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымызда күз туралы, күздің кереметі туралы өнерімізді ортаға салуға ортаға салайық. Ендеше 4«а» сынып оқушылары өнер көрсетеді.

Міне,сары алтындай күзіміздің қуанышты бір күні.Күз айы ерекше берекелі,мерекелі ай.Әрбір үйдің дастарханын дәмге,еліміздің қоймасын дәнге толтыратын Алтын да,жомарт күзімізді жеміс-жидектерімен ортамызға шақырайық. (Оқушылар қолдарына вазаға салынған жемістерін ұстап ортаға келед)і.

Бәрі « Жомарт күздің жемісі» дәмді болсын,

Көңіліміз жайнасын,әнге толсын

Ән «Күз келгенде»

Әннен соң,қолдарындағы жемістерін дастарханға қояды.

1-оқушы:

Қосып білім нұрға-нұр,

Біздер бүгін жарқынбыз.

Басы оқу жылының,

Берекелі Алтын күз.

2-оқушы:

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

3-оқушы:

Күзім-ау,күзім-ау,

Мінезің қызық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

Күз:-Мен байлық пен молшылыққа толы мезгілмін.Өйткені:

Егінді ел жинайды,

Қырманға дән сыймайды

. Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.

Ән: «Ақ бидай»

Мұғалім:

Осындай дәулеті тасқан еліміздің алқабы астыққа толы болса нан да,ән де болары сөзсіз. Олай болса,Алтын күзіміздің кереметтеріне куә болайық (Ортаға жемістер шығып тақпақтарын оқиды.)

Жүзім:

Жұлып едім жүзімді,

Жүзі бірден үзілді.

Жүзінде жеп қойыппын,

Өзім әбден тойыппын.

Алма:

Бір тістеп өзін алғамды

Дәмі аузымда қалғанды.

Домалантып жеймін мен,

Күнде қызыл алмамды .

Қауын:

Жинап жатыр ауылым,

Сап-сары ала қауынын.

Алмақ едім үлкенін,

Ауырын-ай, ауырын.

Қияр:

Қызықтың ба қиярға,

Алда жей бер ұял ма.

Көтергенше берейін,

Қапшығыңа сияр ма?

Өрік:

Уылжыған өрікпін,

Мен бау-баққа көрікпін.

Бал татыған дәмім бар.

Көктемде ерте гүлдеймін.

Піспей тұрған кезімде,

Менен аулақ жүр деймін.

Асқабақ:

Асқабақтың дәмі,

Таңдайымда әлі.

Кептірілген дәмі,

Таптырмайтын дәрі.

Қызанақ:

Қып-қызыл боп қалғанда,

Ауызыңа салғанда.

Не жетеді шіркін-ай,

Қызанаққа жалғанда.

Қарбыз:

Күннің нұрлы шуағы,

Шұғыла боп шылады.

Шөлің әбден қанады,

Көзің шамдай жанады.

Тамылжыған шырыны,

Таңдайымда қалады.

Ән «Қауын-қарбыз»

Мұғалім:

Алтын күз сіздің себетіңізде жапырақтарыңыз бар секілді,олар тапсырмалар болар бәлкім?

Алтын күз:-Әрине,(Жапырақтарын көрсетеді) Күз жұмбақтардың шешуін ортаға шығарып тұрады.

1-Жапырақ тапсырмасы ( Жұмбақтар)

1)Жерге қазық қақтым,

Басына айдар тақтым. (Сәбіз)

2)Жеп көріп ем өзін мен,

Жас шығарды көзімнен. (Жуа)

3)Бүрі,бүрі,бүрі бар,

Күн келбетті түрі бар. (Күнбағыс)

4)Піспеген де сырты қара,өзі қатты,

Ал,піскенде ерекше дәмі тәтті.(Картоп)

Мұғалім:

Алтын күз бұларды ортаға неге шығардыңыз?

Алтын күз:Олар айтысқа шығады.1

К ө р і н і с

Бағбан:(Тырма мен жер жыртып жүреді)

Мұқалмаған жігері,

Атай әлі күшінде.

Қашан көрсең жүреді,

Бау-бақшаның ішінде.

Қолы неткен епті еді,

Бәрін өзі істейді.

Ертелі кеш кетпені,

Иығынан кетпейді..(Кетеді)

Бағбан:(Күнбағысқа келеді)

Күнбағыс-ау,Күнбағыс,

Күнді сүйген сен нағыз.

Күн ауғанда сен ауып,

Төбеңнен күн өтпей ме?

Таңдайың кеуіп кетпей ме?

(Жуа,Сәбіз,Картоп ұйықтап жатады)

Күнбағыс кенет басын жерден жұлып алады.

Күнбағыс:-Күнді,күнді қараңдар!

Шуағын шашып,нұр төгіп тұр.

Қәне,тұрыңдар.Күнді көріңдер.

(Әрқайсысын жұлқылап оятады)

Жуа:Не болды?

Сәбіз:Бұл не айқай?

Картоп:Ұйқымды бұздың ғой.(Есінейді)

Күнбағыс:Әй,сендер-ақ мүлги бересіңдер.Мен сияқты күнді көрмейсіңдер ме?Сендер ешкімге керек емессіңдер.

Жуа:Біздің адамдарға пайдалымыз.Менде С,В көп. Жөтелге,тұмауға,күйген жерге,басқада ауруларға еммін.

Картоп:Әй,әй!Жуажан,қалай ұялмайсың!Сен адамдарды жылатасың ғой.Адамға пайдалы деп мені айт.Менде глюхоза,крахмал,сахароза деген заттар бар.

Сәбіз:(Бетін шымшып):Ұят-ай!

Картоп дегенің мақтаншақ екен ғой.Мақтансам мен мақтанайын. Адамдар мені дірі-дәрмек үшін өсіреді.Содан соң тамақ ретінде өсіред.іМені қан азайғанда,демікпе болғанда,асқазан ауырғанда және де қатерлі ісіктерге де пайдаланады.Мен пайдалымын!

Күнбағыс:Уа,Адам! Біз таң атпай дауласып жатырмыз.Қайсымыз адамға пайдалымыз.Айтып беріңізші!

Адам:Маған бәрің де керексіңдер.Бәрің де пайдалысыңдар.Күнбағыстан алған майға жуаны,картопты,сәбізді қуырып тамақ пісіремін. Сендер жақсы өссін деп кетпенімізді қолымыздан тастамаймыз.Енді дауды қойыңдар.Дәрілік қасиет бәріңде де бар.Күннің нұрын,ауаның тазасын жұтып өсе беріңдер! (Кетеді)

Би

2-жапырақ тапсырмасы

«Көкөністердің адамға пайдасы».

(Балалар ортаға шығып орындайды.)

1-бала.Құлпынай(Суретін көрсетіп)көздің көргіштігін жақсартады.Кітапты көп оқыса көз талады.Сондықтан құлпынай жеген адамның көру қабілеті жоғарлайды.

2- бала.Қауын құрамында қант көп.Ол бүйрек,асқазан ауруларына ем.Беттегі безеуді,секпілдерді кетіруге көмектеседі.Ет қайнап жатқанда қауынның қабығын салса жұмсақ болады .

3-бала.Өрікті Шығыстың ұлы дәрігері Әбу Әли Ибн Сина оның құрамында иод көп болғандықтан қан қысымы,жемсау ауруларын емдеуге қайнатпасын пайдаланған.

4-бала.Бананның С,В,В,В,РР дәрумендері көп. Тістің түбін бекітеді.Сүйектің қисаюына мүмкіндік бермейді.

5-бала.Пияз тамаққа ерекше дәм береді.Жұқпалы аурулардың микробын өлтіреді.Сарымсақ пен жуа өкпеге салқын тигенде,жөтелгенде емге қолданылады.

6-бала.Аскөк өт жолын,бүйректі тазалайды.Ағзадағы зат алмасуға көмектеседі.

7-бала.Қарбыз құрамында Ғе көп.Қан көбейтеді. Бүйрек,бауырдың жұмысына көмектеседі.Дәндерінен май алынады.Ішек құртын емдеп,қан тоқтатады.

Мұғалім:Алтын күзіміздің жапырақтары арқылы жемістердің емдік қасиеттері мен де таныстық. Осы көкөністеріміз бенжемістерімізге байланысты ойын ойнап сергіп алайық.

Ойын

Шарты:Ағашта өсетін жемістерді атағанда қол шапалақтайды (Алма,банан т.с.с).

Жерде өсетін көкөністерді атағанда аяқ топылдатады.(Картоп,жуа т.с.с)

3-жапырақ тапсырмасы

( Пайдалы кеңестер)

1-бала.Көкөністер неғұрлым ірі туралса,соғұрлым қоректік заттары жақсы сақталады.

2-бала.Жас картопты асқанда суды алдымен қайнатып алады.

3-бала.Сәбіз,картоп,пиязды аршығанда,қол сарғайып кетеді.Сондықтан жұмысқа кіріспес бұрын қолды асханалық сірке суына батырылған шүберекпен сүрту екрек.

4-бала.Қабығымен асқан картопты тез аршу үшін 1-2 минут салқын суға салып алған дұрыс.

5-бала.Қызылша,сәбіз,картопты бір ыдыста қайнатылса, олардың түсі де,түрі де бұзылады.

6-бала.Қауын немесе қарбыз жегеннен кейін суық су ішпеңіз.

7-бала.Кепкен жемістерді, алма мен алмұртты -40 минут,өрікті -20минут,мейізді-5 минут қайнату керек.

Мұғалім:

Алтын күзіміздің тапсырмаларын орындадық.

Күзіміздің қоштасатын уақыты да жақын екен.

Алтын күз:

Байлығымды жинадым,

Барымды мен сыйладым.

Алға бастар жолым бар,

Аман -есен болыңдар.

Себеттегі суреттерге жазылған салат рецептілерін таратады.

Мұғалім:Алтын күз бізбен қоштасарда өзіңнің өнеріңді тамашаласақ дейміз.

Ән«Кеш жарық»

Мұғалім Күзге рахмет айтып,қонақтарға пайдалы кеңестер үлестіреді.





Тәрбие сағаты



Конспект Алтын куз 5 класс




Сыныбы: 6 «Г»

Сынып жетекшісі: Байкубекова Г









Төретам кенті

№80 мектеп-гимназиясы

© 2010-2022