Философия пәнінен арналған тест сұрақтары

1.Философия қай елде пайда болды    1) Бір уақытта ежелгі Үнді, Қытай және Грекия жерлерінде;  2) Еуропада;  3) Ежелгі Үндістанда;  4) Ежелгі Грекияда;  5) Ежелгі Қытайда.   2.Философия дегеніміз не  1) Дүниенің бар мазмұны дамуының жалпы заңдары туралы ғылым;  2) Қоғам туралы ғылым;  3) Жоғарыдан ашылатын ақиқаттарға сенім;  4) Табиғатты тану;  5) Аспан денелері қозғалысының теориясы.   3.Философияның негізгі сұрағы:    1) Дүние мен Адамның, материя мен сананың арақатынасы;  2) Әлем қалай құрыл...
Раздел Обществознание
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БЕКІТЕМІН

Директордың оқу-әдістеме

ісі жөніндегі орынбасары

___________А.Қ.Мамбетова

«______»____________2015ж.


Философия пәнінен арналған тест сұрақтары

1.Философия қай елде пайда болды

1) Бір уақытта ежелгі Үнді, Қытай және Грекия жерлерінде;

2) Еуропада;

3) Ежелгі Үндістанда;

4) Ежелгі Грекияда;

5) Ежелгі Қытайда.

2.Философия дегеніміз не

1) Дүниенің бар мазмұны дамуының жалпы заңдары туралы ғылым;

2) Қоғам туралы ғылым;

3) Жоғарыдан ашылатын ақиқаттарға сенім;

4) Табиғатты тану;

5) Аспан денелері қозғалысының теориясы.

3.Философияның негізгі сұрағы:

1) Дүние мен Адамның, материя мен сананың арақатынасы;

2) Әлем қалай құрылған

3) Өмірдің мәнісі неде ?

4) Жерден тысқары өркениет бар ма

5) Экологиялық мәселенің себептері неде

4.Философиядағы негізгі екі бағыт:

1) Материализм мен идеализм;

2) Скептицизм мен стоицизм;

3) Апологетика мен патристика;

4) Реализм мен номинализм;

5) Позитивизм мен идеализм.

5.Көне Қытай философиясының басты ағымдарының бірі:

1) Конфуцийшылдық;

2) Буддизм;

3) Суфизм;

4) Перипатетизм;

5) Жайнизм.

6.Көне Үнділік қазір бүкіл әлемдік діннің бірі болып табылатын діни-философиялық ілім:

1) Буддизм;

2) Йога;

3) Брахманизм;

4) Жайнизм;

5) Чарвака-локоята.

7.Нирвана дегеніміз:

1) Адамның бәрі бәрінен аулақтану күйі, сананың сөнуі;

2) Алғашқы адам;

3) Демді алу өнері;

4) Тірі жандардың түрлену тізбегі;

5) Әлемдік ой.

8.Антикалық философия:

1) Ертедегі гректер мен римдықтардың философиясы;

2) Орта ғасырлар философиясы;

3) Көне Үнді философиясы;

4) Ертедегі мысырлықтардың ілімі;

5) Көне шығыстық даналық.

9.«Бәрі ағып, бәрі өзгереді, бір өзенге екі рет кіруге болмайды» - деген қағида кімдікі

1) Гераклиттікі;

2) Фалестікі;

3) Парменидтікі;

4) Зенондікі;

5) Пифагордікі.

10.Фалес іліміндегі дүниенің бастамасы қандай

1) Су;

2) Ауа;

3) От;

4) Идея;

5) Апейрон.

11.Анаксимандр іліміндегі дүниенің бастамасы қандай

1) Ауа;

2) Атом;

3) Сан;

4) Су;

5) Апейрон;

12.Анаксимен іліміндегі дүниенің бастамасы қандай

1) Ауа;

2) От;

3) Апейрон;

4) Су;

5) Идея.

13.Көне Грек ойшылдарының қайсысы бәрі де сан деп жорыған

1) Пифагор;

2) Анаксагор;

3) Гераклит;

4) Сократ;

5) Аристотель.

14.Философия тарихында болмыс мәселесін алғаш қойған қай мектеп

1) Элея мектебі;

2) Милет мектебі;

3) Атомистикалық мектеп;

4) Пифагоршылар мектебі;

5) Афина мектебі.

15.Адамдар өміріндегі дүниетанымның тарихи түрлері:

1) Мифология,дін, философия;

2) Саясат,мораль,өнер;

3) Тарих;

4) Мораль, дін, право;

5) Философия

16.»Өлсе өлер табиғат,адам өлмес» деген;

1) Абай;

2) Аристотель;

3) әл-Фараби

4) Шәкәрім;

5) Ы.Алтынсарин.

17.Платонның таным теориясынын сипаттаңыз:

1) Еске түсіру теориясы;

2) Агностицизм;

3) Скептицизм;

4) Схоластика;

5) Эмпиризм.

18.Сократикалық диалогтардың авторы кім ?

1) Платон;

2) Парменид;

3) Демокрит;

4) Аристотель;

5) Плотин.

19.Антикалық философияның шыңы болып есептелетін философ:

1) Аристотель;

2) Фалес;

3) Демокрит;

4) Сократ;

5) Плотин.

20.Көне грек атомистерін атап беріңіз:

1) Левкипп, Демокрит, Эпикур;

2) Фалес, Анаксимандр, Анаксимен;

3) Парменид, Зенон, Мелисс;

4) Сократ, Платон, Аристотель;

5) Анаксагор, Протагор, Эмпедокл.

21.Апейрон дегеніміз:

1) Шексіз әлдебір затша;

2) Философиялық трактат;

3) Көне Грек философы;

4) Көне грек Құдайшасы;

5) Платонның отаны.

22.Адамның әр түрлі құрамды жақтары мен қырларын тұтас қарастыратын ғылым:

1) Философия

2) Антропология;

3) Тарих;

4) Социология;

5) Қоғам.

23. «Бақыт-әр адамның көздейтін мақсаты,үлкен игілік»

1) Әл-Фараби;

2) Аристотель;

3) Конфуций;

4) Сократ;

5) Платон.

24.Левкипп пен Демокрит ілімі қалай аталады ?

1) Атомистика;

2) Софистика;

3) Монадология;

4) Схоластика;

5) Логистика.

25.Демокриттің атомистикалық ілімінің ізбасары кім болған ?

1) Эпикур;

2) Протагор;

3) Сократ;

4) Софокл;

5) Цицерон.

26.Рим дәуірінде Демокрит ілімінің ізбасары кім болған ?

1) Лукреций Кар;

2) Макиавелли;

3) Цицерон;

4) Марк Аврелий;

5) Сенека.

27.Демокрит атомдарының бір-бірінен өзгешелігі неде ?

1) Формасында;

2) Салмағында;

3) Жылуында;

4) Түр-түсінде;

5) Қаттылығында.

28.Идеалды мемлекет туралы ілімді баяндайтын «Мемлекет» атты философиялық-саяси шығарманың авторы кім ?

1) Платон;

2) К.Маркс;

3) Сократ;

4) Эпикур;

5) Конфуций.

29.Аристотель қай мектептің түлегі ?

1) Платон академиясының;

2) Милет мектебінің;

3) Элея мектебінің;

4) Атомистикалық;

5) Пифагоршылар мектебінің.

30.Аристотель құрған мектеп қалай аталған ?

1) Ликей;

2) Академия;

3) Колледж;

4) Университет;

5) Схола.

31.Аристотельдің негізгі философиялық шығармасы қандай

1) «Метафизика»;

2) «Жан туралы»;

3) «Никомахтың этикасы»;

4) «Топика»;

5) «Физика».

32.Адамды «саяси жануар» деп анықтаған Көне Грек философын атап беріңіз:

1) Аристотель;

2) Сократ;

3) Эпикур;

4) Анаксагор;

5) Платон.

33.Аристотельдің ізбасарларын қалай атайды

1) Перипатетиктер;

2) Скептиктер;

3) Схоластар;

4) Реалистер;

5) Номиналистер.

34.Александр Македонский патшаның ұстазы болған көне грек ойшылы кім?

1) Аристотель;

2) Демокрит;

3) Сократ;

4) Платон;

5) Ксенофан.

35.«Мен ештеңені де білмейтінімді білемін», - деп айтқан Көне Грек философы кім

1) Сократ;

2) Анаксагор;

3) Эмпедокл;

4) Парменид;

5) Демокрит.

36.Дәстүрлі формальдық логиканының негізін қалаған кім ?

1) Аристотель;

2) Бэкон;

3) Әл-Фараби;

4) Эпикур;

5) Лейбниц.

37.Философия «Құдай сөзінің қызметшісі» ғана. Міне осы сипаттама философия тарихының қай кезеңіне қатынасты ?

1) Ортағасырларға;

2) Антикалық кезеңге;

3) Қайта өрлеу кезеңіне;

4) Жаңа уақытқа;

5) Ағартушылық дәуірінде.

40.Схоластика

1) Орта ғасырлық философияның бір бағыты;

2) Дүние туралы дінге қарсы түсінік;

3) Көне шығыстық философияның бір бағыты;

4) Метод туралы ілім;

5) Дүниені танып-білуді терістеу.

41.Араб-мұсылман философтарының қайсысын адамзаттың екінші ұстазы деп атайды

1) Әл-Фарабиді;

2) Әл-Ғазалиді;

3) Ибн-Синаны;

4) Ибн-Рошты;

5) Әл-Киндиді.

42.Орта ғасырлық философияның айшықты белгісі:

1) Теоцентризм;

2) Космоцентризм;

3) Наукоцентризм;

4) Пантеизм;

5) Антропоцентризм.

43.Диалектиканың қай заңы даму процестерінің ішкі қайнар көзін ашады:

1) Сан мен сапа өзгерістер заңы;

2) Терістеуді терістеу заңы;

3) Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі;

4) Категориялары;

5) Сапа .

44.«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» деп аталатын трактаттың авторы кім ?

1) Әл-Фараби;

2) Әл-Кинди;

3) Ибн-Сина;

4) Әл-Бируни;

5) Ибн-Рошт.

45.Араб-мұсылман орта ғасырларының көрнекті философы әрі дәрігері, «Дәрігерлік ғылым тағылымының» авторы:

1) Ибн-Сина;

2) Әл-Бируни;

3) Ибн-Рошт;

4) Ибн-Туфайл;

5) Ибн-Баджжы.

46.Тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым:

1) Болмыс;

2) Материя;

3) Табиғат;

4) Қоғам;

5).Дұрыс жауабы жоқ

47.Батыс Еуропалық схоластиканың гүлдену кезеңі:

1) XIII ғ.;

2) IX ғасырға дейін;

3) IX-XII ғғ.;

4) XIY ғ.;

5) XY ғ.

48.Таным процесінің бастапқы пункті және оның негізгі болып табылады:

1) Практика «тәжірибе);

2) Рационалды таным;

3) Сезімдік таным;

4) Ақиқат;

5) А мен С дұрыс.

49.Қайта Өрлеу заманы философиясының атақты бір өкілі:

1) Николай Кузанский;

2) Аристотель;

3) Фома Аквинский;

4) Авиценна;

5) Бердяев.

50.Қайта Өрлеу заманы философиясының өкілдері:

1) Н. Кузанский, Дж. Бруно, Н. Коперник;

2) Ф. Бэкон, Р. Декарт, Дж. Локк;

3) Гераклит, Демокрит, Зенон;

4) Вольтер, Руссо, Дидро;

5) Ф. Аквинский, П. Абеляр, Д. Скот.

51.Дүниенің гелиоцентрлік жүйесінің негізін қалаушы, Қайта Өрлеу заманы философиясының өкілі:

1) Н. Коперник;

2) Птолемей;

3) Архимед;

4) Лаплас;

5) Галилей.

52.Шіркеу тарапынан еркін ойлары үшін «еретик» аталып, өртеліп жіберілген Қайта Өрлеу заманының көрнекті өкілі:

1) Дж. Бруно;

2) Л. Да Винчи;

3) Н. Кузанский;

4) Л. Валла;

5) Т. Кампанелла.

53.Қайта Өрлеу дәуірі философиясының басты ерекшелігі:

1) Антропоцентризм;

2) Космоцентризм;

3) Теоцентризм;

4) Сциентизм;

5) Технократизм.

54.Жаңа уақыт /XYII ғ./ философиясының ерекше тән белгісі:

1) Ғылыми центризм;

2) Пантеизм;

3) Космоцентризм;

4) Теоцентризм;

5) Гуманизм.

55.Эмпиризмнің негізгі қағидасы:

1) Адамның барлық білімі тәжірибеге негізделеді;

2) Дүниені танып - білуге болмайды;

3) Зерде дүинені танып - білудің негізгі қайнар көзі болып табылады;

4) Танымның ең жоғарғы түрі - интуиция;

5) Құдай ашылу танымның қайнар көзі болып табылады.

56.Рационализмнің негізгі қағидасы:

1) Адамның танымдық іс-әрекетінде алдыңғы рөл зердеге жатады;

2) Ғылымда басты рөлді тәжірибе, эксперимент атқарады;

3) Таным Құдай ашылу арқылы ғана мүмкін болады;

4) Дүниені принципті түрде танып-білуге болмайды;

5) Дүниені танып-білу екі талай, күдік туғызады.

57.Ойлаудың индуктивтік методының негізін қалаушы кім

1) Ф. Бэкон;

2) Р. Декарт;

3) Дж. Локк;

4) Б. Спиноза;

5) Т. Гоббс.

58.«Білім - күш» деген афоризмнің авторы кім

1) Ф. Бэкон;

2) Г. Лейбинц;

3) Дж. Беркли;

4) Дж. Локк;

5) Д. Юм.

59.Төменде келтірілген философтардың қайсысы дуализмнің өкілі болып табылады

1) Р. Декарт;

2) П. Гольбах;

3) Д. Юм;

4) Т. Гоббс;

5) Г. Лейбниц.

60.Р. Декарт ойлаудың қай методына сүйенген

1) Дедуктивтік методқа;

2) Схоластикалық;

3) Софистикалық;

4) Индуктивтік;

5) Аксиоматикалық.

61.«Мен ойлаймын, демек өмір сүремін» дейтін қанатты сөздердің авторы кім

1) Р. Декарт;

2) Ф. Бэкон;

3) Т. Гоббс;

4) И. Кант;

5) Б. Спиноза.

62. «Бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар өндірген заттардың, процестердің,жай-күйлердің тұтас дүниесі:

1) Бірінші табиғат

2) Материя;

3) Екінші табиғат;

4) Биосфера;

5) Сана.

63.Төменде аты аталған философтардың қайсысы француз ағартушылығының өкілі болып табылады?

1) Руссо;

2) И. Кант;

3) Дж. Локк;

4) Д. Юм;

5) Гердер.

64.Ғылыми таным методы проблемасын шешуде эмпиризмнің негізін қалаушы:

1) Ф. Бэкон;

2) Г. Лейбниц;

3) Ф. Аквинский;

4) И. Кант;

5) Д. Юм.

65.Қоғамдық сананың түрлері:

А) Саяси, моральдық,құқықтық, діни,эстетикалық, философиялық;

В) Теориялық және қарапайым сана;

С) Идиология, психология;

Д) Қоғамдық сана

Г) Атеистік сана.

66.Барлық бар нәрселердің тұп негізінде денесіз «қарапайым субстанциялар», «табиғаттың шынайы атомдары», ?

1) Монада;

2) Субстанция;

3) Логос;

4) Субстрат;

5) Апейрон.

67.XVIII ғасыр ағартушылық философиясының негізгі идеясын көрсетіңіз:

1) Ғылымға табыну және адамзат прогресі;

2) Бәріде Құдайдан;

3) Тұтас бірлік идеясы;

4) Дүниелердің көптігі туралы идея;

5) Коммунизм идеясы.

68.«Субстанция өзді-өзінің себебі болып табылады» деген ұйғарымның авторы кім

1) Б. Спиноза;

2) Г. Лейбниц;

3) Ф. Бэкон;

4) Дж. Локк;

5) Д. Юм.

69.XYIII ғ. Француз материалистердің қайсысы «Адам - машина» атты кітапты жазған

1) Дидро;

2) Гольбах;

3) Гельвеций;

4) Ламетри;

5) Кондорсе.

70.Алғашқы француз энциклопедиясын өз басшылығымен шығарған атақты француз философ-ағартушысы:

1) Дидро;

2) Вольтер;

3) Ламетри;

4) Гольбах;

5) Руссо.

71.Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы:

1) Кант;

2) Фихте;

3) Гегель;

4) Фейербах;

5) Шеллинг.

72.Философтар есімдерінің тізбегінде жетіспей тұрған буынды толтырыңыз: Кант- Фихте- Шеллинг- ... Фейербах:

1) Гегель;

2) Гете;

3) Гердер;

4) Маркс;

5) Лейбниц.

73.И. Кант бойынша дүниені бірегей тұтастығында ойлауға, сөйтіп өзіндік заттар дүниесін тануға бет алған ақыл-ой кезігетін шешілмейтін қайшылық қалай аталады?

1) Антиномия;

2) Апория;

3) Дилемма;

4) Антитезис;

5) Триада.

74.Пайымның категориялары тәжірибеге дейін берілген және өзіндік заттар дүниесіне ешқандай қатынасы жоқ дейтін И. Кант философиясына тән белгі?

1) Априоризм;

2) Монизм;

3) Реализм;

4) Гилозоизм;

5) Пантеизм.

75.И. Фихтенің негізгі шығармасын көрсетіңіз:

1) «Ғылым - ілім»;

2) «Таза ақылды сынау»;

3) «Логика ғылымы»;

4) «Христиандықтың мәні»;

5) «Табиғат философиясының идеялары».

76.И. Канттың таным теориясының өзіндік белгісі

1) Агностицизм;

2) Скептицизм;

3) Сенсуализм;

4) Эмпиризм;

5) Монизм.

77.Гегель философиясының бастамасы не

1) Абсолюттік рух;

2) Материя;

3) Қабылдау;

4) Апейрон;

5) Монада.

78.Қайшылықтар дүниені қозғаушы күш болып табылады және қайшылықтарсыз даму жоқ деп ұйғарған кім

1) Гегель;

2) Аристотель;

3) Фихте;

4) Вольтер;

5) Шеллинг.

79.Гегель жүйесі философиядағы қай бағытқа жатады

1) Объективтік идеализмге;

2) Субъективтік идеализмге;

3) Механикалық материализмге;

4) Дуализмге;

5) Диалектикалық материализмге.

80.Философия тарихында диалектикалық логика категорияларының, принциптерінің және заңдарының жүйесін алғаш болып негіздеген кім

1) Гегель;

2) Р. Декарт;

3) Аристотель;

4) Г. Лейбниц;

5) Руссо.

81.Л. Фейербах, Гегель философиясын не үшін сынаған

1) Идеализмі үшін;

2) Софистикасы үшін;

3) Эмпиризмі үшін;

4) Эклектизмі үшін;

5) Дуализмі үшін.

82.Л. Фейербахтың философиялық ілімі қалай аталады

1) Антропологиялық материализм;

2) Механикалық материализм;

3) Тұрпайы материализм;

4) Дуализм;

5) Аңғал материализм.

83.Неміс классикалық философияның қай өкілі «Христианшылдықтың мәні» кітабының авторы болып табылады

1) Л. Фейербах;

2) Г. Гегель;

3) И. Фихте;

4) И. Кант;

5) В. Шеллинг.

84.Диалектикалық-материалистік философияның негізін қалаушылар

1) К. Маркс мен Ф. Энгельс;

2) Левкипп пен Демокрит;

3) Ф. Бэкон мен Р. Декарт;

4) Г.В. Плеханов пен В.И. Ленин;

5) П. Гольбах пен К. Гельвецкий.

85.Тарихтың материалистік түсінігін философия тарихында алғаш жасап берген кім

1) К. Маркс;

2) Г.В. Плеханов;

3) Л. Фейербах;

4) Ф. Вольтер;

5) П. Гольбах.

86.Қазіргі замандағы діни философиялық ағымды көрсетіңіз:

1) Неотомизм;

2) Экзистенциализм;

3) Феноменология;

4) Структурализм;

5) Герменевтика.

87.ХХ ғ. философиясындағы адам өмір сүру философиясы:

1) Экзистенциализм;

2) Феноменология;

3) Постпозитивизм;

4) Герменевтика;

5) Неопозитивизм.

88.З. Фрейд философиядағы қай ағымның өкілі?

1) Психоанализдың;

2) Экзистенциализмнің;

3) Позитивизмнің;

4) Неотомизмнің;

5) Герменевтиканың.

89.Позитивизмнің үшінші тарихи формасы болып табылатын ХХ ғ. Философиялық ағым:

1) Неопозитивизм;

2) Феноменология;

3) Постпозитивизм;

4) Структурализм;

5) Эмпириокритицизм.

90.Неотомизм дамытып жүрген идеялардың негізін қалаған философты атаңыз:

1) Фома Аквинский;

2) Платон;

3) Августин Блаженный;

4) У. Оккам;

5) Г. Лейбниц.

91.«Экзистенциализм» термині қалай аударылады

1) Өмір сүру философиясы;

2) Мән философиясы;

3) Болмыс философиясы;

4) Махаббат философиясы;

5) Ғылым философиясы.

92.Экзистенциализм философиясының тең ортасында болмыстың қай формасы қойылған

1) Жеке адам болмысы;

2) Табиғат болмысы;

3) Сана болмысы;

4) Қоғам болмысы;

5) Мәдениет болмысы.

93.Структурализм философиясы үшін тән болып келетін әлеуметтік гуманитарлық танымның методын көрсетіп беріңіз:

1) Структуралық-функционалдық;

2) Экстраполяциялау методы;

3) Гипотетикалық-дедуктивтік;

4) Диалектикалық;

5) Статистикалық.

94.XIX ғ. Қазақ ағартушылығы философиясының өкілі:

1) Ы. Алтынсарин;

2) Махамбет;

3) Құрманғазы;

4) Бұхар Жырау;

5) С. Торайғыров.

95.«Үш анық» атты философиялық шығарманың авторы кім?

1) Шәкәрім Құдайберді ұлы;

2) Ы. Алтынсарин;

3) Абай;

4) А. Байтұрсын ұлы;

5) С. Торайғыров.

96.XIX ғ. Ұлы қазақ ағартушысы, саяхатшы, этнограф, шығыстанушы:

1) Ш. Уәлихан ұлы;

2) А. Байтұрсын ұлы;

3) Ы. Алтынсарин;

4) М. Шоқай;

5) Ә. Бөкейхан ұлы.

97.Абылай ханның жәрдемші серігі, ойшыл ақын, жырау өнерінің көрнекті өкілі:

1) Бұхар жырау;

2) Асан Қайғы;

3) Махамбет;

4) Қазыбек би;

5) Шортанбай.

98.«Диуани хикмет» атты философиялық-теологиялық поэманың авторын көрсетіңіз:

1) Қожа Ахмет Иассауи;

2) Әл-Фараби;

3) Әл-Ғазали;

4) Х. Дулати;

5) Ж. Баласағұн.

99.XIX ғ. қазақ ағартушыларының қайсысы «О мусулманстве в степи», «Записки о судебной реформе», «Предания и легенды киргиз-кайсакской орды» және т.б. шығармалардың авторы әрі қырғыздың «Манас» эпосын алғаш болып орыс тіліне аударған

1) Ш. Уәлихан ұлы

2) Ы. Алтынсарин

3) Абай

4) Дулат Бабатайұлы

5) Мұстафа Шорманов.

100.Қазақтың Ұлы ақыны, XIX ғ. соңы -XX ғ. басы кезіндегі философ ағартушы, «Қара сөздердің» авторы:

1) Абай;

2) Шәкәрім Құдайберді ұлы;

3) С. Торайғыров;

4) М. Дулатов;

5) М. . Жұмабаев.

101.Абай философиясының басты мәселесі:

1) Адам мәселесі;

2) Табиғат мәселесі;

3) Сұлулық мәселесі;

4) Таным мәселесі;

5) Экологиялық мәселе.

Құрастырған : Ұ.О.Абзелова

ПБК төрайымы : Ұ.О.Абзелова

102.Болмыс туралы философиялық ілім:

1) Онтология;

2) Гносеология;

3) Антропология;

4) Социология;

5) Аксиология.

103.«Материя» категориясына анықтама бәріңіз:

1) Объективтік реалдық;

2) Атомдар және элементарлық бөлшектер;

3) Субъективтік реалдық;

4) Қоғамдық құбылыстар жиынтығы;

5) Адамның идеялары мен идеалдары.

104.Төменде келтірілген категориялардың қайсысы бар болмыстың жалпы негізін және ішкі бірлігін білдіреді?

1) Субстанция;

2) Объект;

3) Субъект;

4) Құбылыс;

5) Структура.

105.Материя қозғалысының ең жоғарғы формасын көрсетіңіз:

1) Әлеуметтік;

2) Биологиялық;

3) Механикалық;

4) Химиялық;

5) Физикалық.

106.Диалектика - философиялық ілім:

1) Дамудың жалпы заңдары туралы;

2) Күн жүйесінің шығу тегі туралы;

3) Әлемнің өзгермейтіндігі туралы;

4) Болмысты танып-білу туралы;

5) Кеңістік пен уақыт.

107.Диалектикаға қарама-қарсы методты көрсетіңіз:

1) Метафизика;

2) Индукция;

3) Анализ;

4) Дедукция;

5) Синтез.

108.Даму туралы философиялық ілім:

1) Диалектика;

2) Метафизика;

3) Релятивизм;

4) Догматизм;

5) Эклектика.

109.Құбылыстардың жалпы заңдылықты себептік уәжділігі туралы ілім:

1) Детерминизм;

2) Индетерминизм;

3) Фатализм;

4) Конвенционализм;

5) Кондиционализм.

110.Төменде келтірілген диалетиканың альтернативалары ішінен ең жалпы дегенін, оған тура қарама-қарсысын табыңыз:

1) Метафизика;

2) Софистика;

3) Эклектика;

4) Догматика;

5) Схоластика.

111.Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңының мазмұнын ашатын категориялар тобын көрсетіңіз:

1) Сустанция, себептілік, өзара әсер;

2) Айрықшылық, қарама-қарсылық, қайшылық;

3) Терістеу, терістеуді терістеу, түсіріп сақтау;

4) Сапа, сан, өлшем;

5) Мүмкіндік, шындық, ықтималдылық.

112.Төменде келтірілген категориялардың қайсысы сапа мен санның диалектикалық байланысын бейнелейді?

1) Өлшем;

2) Мән;

3) Форма;

4) Шындық;

5) Құбылыс.

113.Сана дегеніміз не?

1) Субъективтік реалдылық, шындықты мақсатты бейнелеу, адам миының тілмен байланысты функциясы;

2) Сезімділік сферасы;

3) Жалпы алғандағы психикалық;

4) Ойлау сферасы;

5) Құдай сыйлаған өзіңді және қоршаған шындықты сезіну қасиеті.

114.Құдайшылдық идеясын, жаратылыстан тысқары әлдененің, Құдайлардың (бір немесе бірнеше) бар екеніне сенімді білдіретін қоғамдық сананың формасы:

1) Дін;

2) Ғылым;

3) Философия;

4) Өнер;

5) Құқық.

115.Агностицизмге анықтама беріңіз:

1) Адам танымды әрқашанда относителді;

2) Дүниені танып-білуге болады;

3) Дүниені танып-білу күмәнді;

4) Дүниені танып-білуге болмайды;

5) Білім ақиқаттылығының айғағы (критерийі) практикалық пайдада жатыр дейтін ілім.

116.Танымның қайнар көзі ақыл-ойда. Осы пікір қай гносеологиялық концепцияға жатады

1) Рацилнализмге;

2) Сенсуализмге;

3) Эмипиризмге;

4) Скептицизмге;

5) Агностицизмге.

117.Ақиқат дегеніміз не?

1) Білімнің реалдылықтың өзіне сайлылығы;

2) Заттар мен құбылыстардың өздерінің объективтік жағдайы;

3) Пайдалы табысқа жеткізетін білім;

4) Ғалымдардың шартты келісімнің нәтижесі;

5) Авторитетті пікір.

118.Ақиқаттың ең фундаменталды айғағы (критерийі) қандай?

1) Тәжірибе;

2) Пайдалылық;

3) Жалпы мойындалғандылық;

4) Әдемілік;

5) Айқындылық пен анықтылық.

119.Сезімдік танымның негізгі формалары:

1) Түйсік, қабылдау, түсінік;

2) Пайым, ақыл-ой, рух;

3) Ұғым, пікір, тұжырым;

4) Интуиция, қабылдау, түсінік;

5) Гипотеза, идея, теория.

120.Дүниеде бәрі қатынастылы дейтін қағида:

1) Релятивизм;

2) Субъективизм;

3) Агностицизм;

4) Скептицизм;

5) Көрсетілгендердің ешқайсысы да емес.

121.Адам мәнінің маркстік түсінігі қандай?

1) Әлеуметтік-еңбектік;

2) Биологизаторлық;

3) Теологиялық;

4) Космопланетарлық;

5) Экзистенциалдық.

122.Тұлға ұғымы нені білдіреді:

1) Адам индивидінің әлеуметтік сапасын, оның бірегейлігінің, даралылығының өлшемін;

2) Адамның биологиялық ерекшеліктерін;

3) Адамның өзіндік санасын;

4) Адамның психикалық күйін;

5) Адамның сыртқы пішінін.

123.Сиддхартха Гаутама негізін салған философиялық ілім:

1) Буддизм;

2) Даосизм;

3) Кинизм;

4) Конфуцийшылдық;

5) Джайнизм.

124.Кім суды дүниенің түпнегізі деп санады

1) Фалес;

2) Анаксимен;

3) Левкипп;

4) Парменид;

5) Анаксимандр.

125.Кім отты барлық тіршіліктің түп негізі деп санады

1) Гераклит;

2) Платон;

3) Сократ;

4) Аристотель;

5) Фалес.

126.Ежелгі Греция мен ежелгі Римнің тарихы мен мәдениеті

1) Антика;

2) Ағартушылық;

3) Ортағасыр;

4) Жаңа заман;

5) Қайта өрлеу.

127.Ежелгі Грециядағы идеализмнің негізін салушы

1) Платон;

2) Гераклит;

3) Парменид;

4) Аристотель;

5) Эпикур.

128.Аристотель төмендегілердің қайсысының негізгі заңдарын жасады ?

1) Логиканың;

2) Психологияның;

3) Герменевтиканың;

4) Атомистік материализмнің;

5) Эристиканың.

129.Патристика және схоластика қай философияның кезеңі болып табылады ?

1) Орта ғасыр;

2) Антика;

3) Жаңа заман;

4) Қайта өрлеу;

5) Ағартушылық.

130.Схоластика термині нені білдіреді ?

1) Мектеп философиясы;

2) «Шіркеу әкелерінің»ілімі;

3) Құдай философиясы;

4) Сенімнің символы;

5) Орта ғасыр философиясы.

140.Қайта өрлеу философиясының негізгі дәстүрі ?

1) Гуманизм;

2) Схоластика;

3) Софистика;

4) Догматика;

5) Патристика.

141.Теология дегеніміз ?

1) Құдай туралы ілім;

2) Космос туралы ілім;

3) Логос туралы ілім;

4) Құдайлардың шежіресі;

5) Құдайдың өмірі.

142.«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатының авторы ?

1) Әл-Фараби;

2) Әл-Әазали;

3) Әл-Кинди;

4) Ибн-Рушд;

5) Ибн-Сина.

143.Кімді Шығыста Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп атады ?

1) Әл-Фараби;

2) Әл-Ғазали;

3) Әл-Кинди;

4) Ибн-Рушд;

5) Ибн-Сина.

144.«Қара сөздердің» авторы кім

1) Абай;

2) Әл-Фараби;

3) Әл-Кинди;

4) Ы. Алтынсарин;

5) Ибн-Сина.

145.«Медицина канонының» авторы кім

1) Ибн-Сина;

2) Абай;

3) Аристотель;

4) Ш. Уәлиханов;

5) Ы. Алтынсарин.

146.Қазақ ағартушылығының атақты қайраткері, педагогі және жазушысы:

1) Ы. Алтынсарин;

2) Ш. Уәлиханов;

3) Абай;

4) М. Әуезов;

5) Шәкәрім.

147.Неміс классикалық философиясының негізін салушы

1) И. Кант;

2) К. Маркс;

3) Л. Фейербах;

4) Г. Гегель;

5) И. Гете.

148.Г. Гегельдің философиялық позициясын анықтаңыз:

1) Объективті идеализм;

2) Субъективті идеализм;

3) Гносеологиялық оптимизм;

4) Метафизикалық материализм;

5) Дуализм.

149.«Рух феноменологиясы», «Ғылым философиясы», «Құқық философиясы» шығармаларының авторы:

1) Г. Гегель;

2) И. Кант;

3) Ф. Шеллинг;

4) И. Фихте;

5) Л. Фейербах.

150.Болмыс мәселесін зерттейтін философияның тарауы

1) Онтология;

2) Гносеология;

3) Диалектика;

4) Сана;

5) Қоғам.

151.Философияның «гносеология» тарауы нені зерттейді

1) Таным;

2) Адам;

3) Болмыс;

4) Құндылықтар;

5) Қоғам.

152.Психоанализдің негізін салушы ?

1) З. Фрейд;

2) Д. Дьюи;

3) О. Конт;

4) А. Тойнби;

5) О. Шпенглер.

153.Ш. Уәлиханов өз заманындағы қазақ қоғамына мынадай анықтама берді:

1) Патриархалды-феодалдық қоғам;

2) Құлиеленушілік қоғам;

3) Капиталистік қоғам;

4) Коммунистік қоғам;

5) Социалистік қоғам.

154.Ежелгі грек философиясында адамға тұңғыш рет бет бұрған кім:

1) Сократ;

2) Демокрит;

3) Платон;

4) Зенон;

5) Аристотель.

155.«Гносеология» грек тілінен аударғанда нені білдіреді ?

1) Білім туралы ілім;

2) Құндылық туралы ілім;

3) Құдай туралы ілім;

4) Тәжірибе туралы ілім;

5) Болмыс туралы ілім.

156.Фалес, Анаксимен және Анаксимандр қай мектептің өкілдері:

1) Милеттіктер;

2) Пифагорлықтар;

3) Элеаттар;

4) Стоиктер;

5) Киниктер.

157.Қайта өрлеу дәуірінің философтарын атап көрсетіңіз ?

1) Н. Кузанский, Дж. Пико;

2) Ф. Бэкон, Р. Декарт;

3) И. Кант, Г. Гегель;

4) К. Ясперс, М. Хайдеггер;

5) Сократ, Аристотель.

158.«Аксиология» терминін түсіндіріңіз ?

1) Құндылық теориясы;

2) Таным теориясы;

3) Болмыс теориясы;

4) Тәжірибе жайлы оқу;

5) Форма теориясы және ойлау ережесі.

159.Локаята-чарвака мектебі бойынша бастама ретінде болатын не ?

1) Жер, су, от, ауа;

2) Апейрон;

3) Ағаш, металл;

4) Монада;

5) Жеке.

160.Диалектиканың антикалық мазмұнын көрсетіңіз:

1) Пікірталас, диалог, жарыссөз;

2) Жылжу теориясы;

3) Даму теориясы;

4) Болмыс жайлы ілім;

5) Адам және қоғам жайлы ілім.

161.Диалектиканың түр категориясымен қай категория бірге болады ?

1) Элемент;

2) Жүйе;

3) Бөлім;

4) Мазмұн;

5) Өлшем.

162.Философиялық герменевтиканың пәнін көрсетіңіз ?

1) Текст;

2) Техника;

3) Логика;

4) Болмыстың жалпы заңдары;

5) Өзін-өзі ұйымдастыру процесі.

163.Ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі ?

1) XVII ғ,;

2) X ғ.;

3) XI ғ.;

4) XV ғ.;

5) XIV ғ.

164.XX ғ. аса ірі философтардың бірі ?

1) Хайдеггер;

2) Сократ;

3) Платон;

4) И. Кант;

5) Бэкон.

165.«Болмыс және уақыт» еңбегінің авторы кім ?

1) Хайдеггер;

2) Камю;

3) Фалес;

4) К. Маркс;

5) О. Шпенглер.

166.«Сизиф туралы аңыз» еңбегінің авторы кім ?

1) Камю;

2) О. Шпенглер;

3) Сократ;

4) И. Кант;

5) Хайдеггер

167.«Ғылыми жаналық логикасы» еңбегінің авторы кім ?

1) К. Поппер;

2) И. Кант;

3) О. Шпенглер;

4) Хайдеггер;

5) Дұрыс жауап жоқ.

168.Кантпен Фихтенің идеяларын жалғастырушы:

1) Гегель;

2) К. Поппер;

3) О. Шпенглер;

4) Хайдеггер;

5) Дұрыс жауап жоқ.

169.Неміс классикалық философиясындағы материалистік бағыттың өкілі:

1) Фейербах;

2) Фихте;

3) Шеллинг;

4) Гегель;

5) И. Кант.

170.Әлемдік рухтың шығармашылық іс-әрекетінің универсалды схемасы Гегельде қандай атауға ие ?

1) Абсолютты идея;

2) Философиялық идея;

3) Абстрактылық идея;

4) Философиялық-құқық;

5) Идея.

171.Қазіргі философияда мойындалған барлық тіршіліктің даму теориясы және соған негізделген әдіс ?

1) Диалектика;

2) Гносеология;

3) Онтология;

4) Практика;

5) Ақиқат.

172.Қазіргі әлеуметтік философия негізінен ... болып табылады ?

1) Мәдениет философиясы;

2) Антика философиясы;

3) Схоластика;

4) Неопозитивизм;

5) Дұрыс жауап жоқ.

173. Қазақтардың ата-тегі түріктердің басты Құдайы:

1) Көк тәңірі

2) Ұмай

3) Аспан

4) Жер

5) Дұрыс жауабы жоқ

174.Құдай болмысы дүниені жасаушы ретінде ... қарастырады ?

1) Теологиялық философия;

2) Мәдени философия;

3) Софистика;

4) Эклектика;

5) Дұрыс жауап жоқ.

175.Тіршілік ету философиясы кімге қатысты ?

1) Ясперс;

2) Шпенглер;

3) Кондратьев;

4) К. Поппер;

5) К. Маркс.

176.Ф. Аквинский және А. Августин философиясы қай кезеңге жатады ?

1) Орта ғасыр схоластика кезеңі;

2) Жаңа ғасыр;

3) Антика дәуірі;

4) Неміс классикалық дәуірі;

5) Дұрыс жауап жоқ.

177. Әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым:

1) Дін

2) Философия

3) Мифология

4) материя

5) болмыс

178. Инь мен янь негіздері қандай философияға тән?

1) Қазақ философиясына.
2) Ерте қытай философиясына.

3) Ерте үнді философиясына.

4) Ежелгі Грекия философиясында

5) Орыс Философиясында

179.Берклидің ілімін жалғастырушы философ ?

1) Д. Юм;

2) А. Тойнби;

3) О. Шпенглер;

4) Аристотель;

5) Дұрыс жауап жоқ.

180. Алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы

1) Миф

2) Дін

3) Философия

4) Дүниекөзқарас

5) Ғылыми таным

181.Неатомистердің мақсаттары ?

1) Дұрыстықты дәлелдеу, католицизм философиясының дұрыс бағытын дәлелдеу;

2) Мәдениетті адамға жақындату;

3) Ағартушылық іс;

4) Білімді алға кою;

5) Дұрыс жауап жоқ.

182.Неотомизмнің негізгі принципі қандай ?

1) Сенім мен таным үлесімдігі;

2) Ағартушылық;

3) Білімділік;

4) Рационалдық;

5) Дұрыс жауап жоқ.

183. Философияның анықтамасы:

1) Табиғат және қоғамның неғұрлым жалпы даму заңдары туралы ғылым

2) дүниетанымның ерекше түрі

3) Қоғамдық-тарихи процестер.

4) Адамның дүниеге көзқарасы

5) Дүниетанымның ерекше түрі

184.Объективтік идеализм теориясынын (абсолюттік идея - әлемдік рух) философияға қосқан философ ?

1) Ф. Гегель;

2) И. Кант;

3) К. Маркс;

4) Ясперс;

5) А. Тойнби.

185.Неотомизм ілімінің бастау түсінігі ?

1) Болмыс;

2) Бейболмыс;

3) Тотемизм;

4) Фетишизм;

5) Дұрыс жауап жоқ.

186.Экзистенциализмнің негізгі өкілдерінің бірі ?

1) Хайдеггер;

2) Ф. Аквинский;

3) А. Тойнби;

4) Ф. Гегель;

5) Дұрыс жауап жоқ.

187.Структурализм ағымының өкілі ?

1) Ж. Лакан;

2) Хайдеггер;

3) Ф. Аквинский;

4) А. Тойнби;

5) И. Кант.

188.Абай философиясының басты мәселесі

1) Адам мәселесі;

2) Таным мәселесі;

3) Экология мәселесі;

4) Табиғат мәселесі;

5) Дұрыс жауап жоқ.

189.Қоғами процестер жөніндегі ғылым... деп аталады

1) Социология;

2) Политология;

3) Логика;

4) Экономика;

5) Софистика.

190.Дұрыс ойлау заңдары мен формаларын зерттейтін ғылым қалай аталады

1) Логика;

2) Психология;

3) Физиология;

4) Социлогия;

5) Қоғам мен байланыс.


© 2010-2022