- Преподавателю
- Обществознание
- Қазақ әдебиетінен М. Дулатовтың Шешенің балаларын сүюітақырыбында қысқа мерзімді сабақ жоспары 8-сынып
Қазақ әдебиетінен М. Дулатовтың Шешенің балаларын сүюітақырыбында қысқа мерзімді сабақ жоспары 8-сынып
Раздел | Обществознание |
Класс | 8 класс |
Тип | Рабочие программы |
Автор | Алтынбекова Г.Т. |
Дата | 17.04.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Пәні: қазақ әдебиеті | Күні: 22.01.2015 | 8 - сынып | ||
Сабақтың тақырыбы: | М.Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі | |||
Мақсаты: | 1. Өлеңнің идеясы туралы ұғындыру. 2. Оқушылардың тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту, мәнерлі оқуға, жүйелі баяндауға, тұжырымдама жасауға дағдыландыру; 3. Ананы сүюге , құрметтеуге ,сыйлауға баулу | |||
Күтілетін нәтижелер:
| - Ақынның өмірі және шығармашылық жолын біледі.
| |||
Ресурстар: | Оқулық, жұмыс дәптері, бейнеролик,үнтаспа,ноутбук | |||
Уақыты | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | ||
2-минут | І.Қызығушылықты ояту Үнтаспадан «Ана туралы жыр» әнін тыңдатамын. Топқа аналардың еркелететін сөздері арқылы бөлемін. 3.Үй жұмысын «Ыстық орындық» әдісі арқылы тексеремін.Топтардан кезекпен 1 оқушыдан ыстық орындыққа отырып,сұрақтарға жауап береді.
| Оқушылар әнді тыңдайды.Топқа «Айналайын», «Алтыным», «Еркем», «Балапаным» сөздерін таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді. 1 оқушы ыстық орындыққа отырады. Қалған оқушылар оған сұрақтар қояды. Келесі топтардан да бір оқушыдан шығып, ыстық орындыққа отырады. | ||
25 минут
| ІІ.Мағынаны тану М.Дулатовтың өмірінен слайдтар арқылы мәлімет беріп өтемін. 1-тапсырма «Жылдар сөйлейді» оқушылар оқулықпен жұмыс жасай отырып,жазушының өмір жолының әр жылына тоқталатынын түсіндіремін. 2-тапсырма «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін мәнерлеп оқуды тапсырамын. 3-тапсырма «6 неліктен» стратегиясымен жұмыс. « Соқыр ана» бейнеролигін көрсетемін.Топтарға бейнероликтегі жазбаға «6 неліктен?»стратегиясымен әр топ бір -біріне сұрақтар қойып,жаууабын тыңдауды тапсырамын. 4-тапсырма «Еркін жазу» стратегиясымен жұмыс. «Анама лайықты құрмет көрсетіп жүрмін бе?» еркін жазу стр. бойынша өз ойларын еркін жазуды тапсырамын. | Оқушылар жазушы өмірінен мәлімет тыңдайды. « Жылдар сөйлейді» тапсырмасы бойынша оқушылар оқулықпен жұмыс жасай отырып,жазушының өмір жолының әр жылына тоқталады. «Шешенің балаларын сүюі»өлеңін мәнерлеп оқиды. « Соқыр ана» бейнеролигін көріп,бейнероликтегі жазбаны көріп, «6 неліктен»стратегиясымен сұрақтар береді.Топтардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылар «Анама лайықты құрмет көрсетіп жүрмін бе?» тақырыбында еркін жазу стр. бойынша өз ойларын еркін жазады. Топта оқиды. | ||
10-минут | ІІІ.Ой толғаныс. «Әлемнің асылы» тақырыбында эссе жазуды, топ ішінде тыңдауды тапсырамын.Топта оқитын оқушыны белгілеу керектігін айтамын. | Оқушылар «Әлемнің асылы» тақырыбында эссе жазады.Топ ішінде тыңдап үздік эссені сыныпқа оқиды. | ||
2-минут | Үйге М.Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі»өлеңін мәнерлеп жаттауды тапсырамын. | Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады. | ||
3-минут | Топтық бағалау. Кері байланыс. | Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды. Кері байланыс парағын толтырады. |
Пән мұғалімі: Алтынбекова Г