Қасиетті Құран Кәрім сабақ жоспары 5 сынып

Раздел Обществознание
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қасиетті Құран Кәрім сабақ жоспары 5 сыныпҚасиетті Құран Кәрім сабақ жоспары 5 сыныпҚасиетті Құран Кәрім сабақ жоспары 5 сыныпҚасиетті Құран Кәрім сабақ жоспары 5 сыныпҚасиетті Құран Кәрім сабақ жоспары 5 сыныпҚасиетті Құран Кәрім сабақ жоспары 5 сыныпҚасиетті Құран Кәрім сабақ жоспары 5 сыныпКүні: 26.11.15 Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы:5в

Сабақтың тақырыбы: Қасиетті Құран Кәрім

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға қасиетті Құран Кәрім жайында оқыта отырып, сөйлеу тілін дамыту.

2. Тәрбиелік: оқушыларды елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушыларды ауызекі сөйлеуге , мәтінді дұрыс оқып түсінуге, сөздік қорын молайтуға, практикалық жұмысты бере отырып тіл дамытуға пайдалану.

Сабақтың түрі: ашық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, талдау,әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд,сөзжұмбақ,сергіту,кері байланыс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау

Сырым мен Малайсары тақырыбын сұраймын.

1.Шешендік сөздер дегеніміз не?

2 .Бала Сырым Малайсарыға барғанда,қарт би баланы қалай сынайды?

3. Сырымның тапқырлығын,ақылдылығын,ділмарлығын байқататын сөздерді айтып бер.

4. Сырымға Ақсуат би берген батаның мәніне көңіл бөл.

ІІІ. Сергіту сәті. Шаттық шеңбері. ( оқушылар тақтаға шығып,бір-бірлерінің қолын ұстап,тілек айтады).

IV. Жаңа сабақ.

Ой шақыру.

Бұл суреттерді көргенде ойларыңызға қандай сөздер

мен сөз тіркестері келді?

Қасиетті Құран Кәрім сабақ жоспары 5 сыныпҚасиетті Құран Кәрім сабақ жоспары 5 сыныпҚасиетті Құран Кәрім сабақ жоспары 5 сыныпҚасиетті Құран Кәрім сабақ жоспары 5 сынып

Құран Кәрім - мұсылман қауымының қасиетті кітабы.Құранда Алла тағаланың атынан айтылатын өсиет- өнегелер,екі дүниелік ереже -қағидалар жинақталған.

Аудиожазбаны тыңдау

Ықылас сүресі - ең қысқа сүрелердің бірі.Мағынасы: Аллаһ Тағалаға

деген таза, саф, шынайы ықылас, сенім тұрғысын тілге тиек етеді.

V. Дәптермен жұмыс.

тазалыққа

қайырымдылыққа

имандылыққа

кешірімділікке

Күнәдан пәк болуға

сабырлыққа

мейірімділікке

Құран Кәрім



VI. Сөзжұмбақ шешейік

Қ

Ұ

Р

1.Ислам дінінің қасиетті, негізгі бас кітабы.

2. Меккеде мешіт салдырған, Абайдың әкесі

3. Бес парыздың бірі

4. Меккеде сыйынатын қасиетті тас.

5. Пайғамбардың анасы

6. Пайғамбар қай жерде дүниеге келді?

7. Екі рет қажылыққа барған Абайдың немере інісі.

8. Пайғамбар ішуге тыйым салған сусын түрі.

9. Рамазан айында әр жан басының амадығына берілетін садақа

10. Пайғамбарымыз кім?

VII. «Бір сөзбен» әдісі

- Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.


*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,
*Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.

VIII. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Құранда неше сүре бар?

  2. Ислам дініндегі 5 парызды ата.

  3. Құран қай сүреден басталады?

  4. Құранды жаттап, оны жеті түрлі әуенге салып оқушы адам.

IX. «Плюс, минус, қызықты»

плюс

минус

қызықты



«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» - "қолымнан келмей жатыр" немесе " түсініксіз болып тұр " деген ойларын жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.

X. Бағалау

XI. Үйге тапсырма.

«Жақсы болу өзіңнен» ой толғау жазу.







© 2010-2022