Статья на тему-Дін бірліктің -діңгегі

Раздел Обществознание
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар «Мұрагер» мектебінің Дінтану негіздері пәні оқытушысы Сарыбаев А.М.

Тел: 8 777 365 22 39,

8 707 787 80 04.



Дін - бірліктің діңгегі

Латын тілінде «religio» (жинақтау, қайта талқылау) сөзі- дін мағынасын білдіреді. Біздің заманымыздан бұрын I-ші ғасырда өмір сүрген ежелгі Рим мемлекетінің шешені, жазушысы әрі саяси қайраткері Цицеронның ойынша латын сөзінің мағынасы «құдайға құлшылық ету», «белгілі бір нәрсеге ерекше көңіл бөлу, құрметтеу» -деген мағынаны білдірген.

Ежелден дін мәселесі, қашаннан да күн тәртібінен түспеген өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Қазақ халқы да өз дініне аса құрметпен қарап оған ереше көңіл аудара отырып, дінді өз салт -дәстүрімен, ережелермен ұштастырып өскелең ұрпаққа өнегелі өсиет қалдырған. Еліміз сонау «тар жол, тайғақ кешу» заманында да дін жолымен жүре отырып бірліктің туын түсірмеген. Тәуке хан алғаш қазақ қоғамының құқықтық жүйесін қалыптастыруда мұсылмандық - шариғат нормаларына сүйеніп отырған, оның бір айғағы ретінде өз-өзіне қол салғандарды бөлек жерлеуді бекіте отырып, адам өмірі - оның баға жетпес қазынасы екенін келешек ұрпаққа жеткізу еді.

Еліміз егемендік туын желбіретіп, барша жұртқа тәуелсіздігін паш етіп, заман талабына сай өз Ата заңы мен заңдарын қабылдады. Айта кететін жайт Конституциямызға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына қойылатын талаптың бірі - қырық жас болса, Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсан айының бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiлуі мен жаңадан сайланған Президенттің Ант беру рәсімі қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда өткізілуінің арасы қырық күнді алуы, сонда аса маңызды нормативтік құқықтық актіміздегі «қырық» санының қайталануы сәйкестік пе?

Дегенмен, еліміздің экономикалық, саяси жетістіктерге жетуі, өзге елдердің мемлекетімізбен санасуы, тереземіздің тең болуы төгілген еңбектің жемісі, толерантты саясатымыз бен дініміздің себепші болуында.

Алайда, жаһандану заманында мультикультуралистік сясат жүріп жатқан дәуірде дәстүрлі дініміздің бұрыс бағытқа бұрылмауына белгілі бір реттеуіш тетіктерді қолдану табиғи құбылыс.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңында: Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген- делінген. Осы нормадан мемлекетіміздің зайырлы мемлекет екенін көрсетіп, құқықтық, демократиялық елдерге тән қасиетін байқаймыз. Біздің заманымыздың XII-ші ғасырында өмір сүрген парсы ақыны Ас - Самарқанди «Дін мемлекетсіз құрдымға кетеді, ал билік дінсіз өмір сүруін тоқтатады» - деген екен, яғни діннің мемлекет пен ондағы халықтың болашағына тікелей әсерінің болуын байқаймыз.

Осы орайда, халқымыз тәрбие - тал бесіктен демекші, мемлекетіміздің дін мәселесіне көңіл бөліп «дінтану негіздері» - пәнін мектеп бағдарламасына енгізуі құптарлық іс. Дін туралы түсініктері енді ғана қалыптасып келе жатқан жастарымызға «дінтану негіздері» пәнінің алар орны айтпасада түсінікті.

Әлемдегі негізгі өзін дәлелдеген діндерден бөлек, өзге де эксцентристі діни бірлестіктер мен діни ағымдардың бар екені белгілі және олардың күнен күнге мың түрлі құбылысқа ұшырап, әлеуметтік желілер мен түрлі ақпараттық және адами ресурстарды пайдалана отырып, жастарды өз қатарына баулудағы сырының неде екінін аңғара білу - міндет. Соңғы кездегі жанжалдардың дін мәселесіне байланысты болуы, түрлі радикалды діни ұйымдардың билік басына келуді көздеуі, олардың сан жылдан сақталған мәдениет ошақтарын қиратуы, атадан балаға келе жатқан дәстүрлер мен әдет ғұрыпты жоюы алаңдатпай қоймайтыны рас.

Әрине қазіргі таңдағы түрлі теріс құбылыстардың алдын алу мен жастарымыздың жалпы тәрбиесі үшін дәстүрлі дінімізді «құқықтық мойындалған» халқымыздың әдет ғұрыптарымен сабақтастырса берер пайдасы мол болар еді.

Бірақ діннің алмас қылыштай өткір, жібектей жұмсақ екенін ескере келе, ата-бабаларымыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен қасық қаны қалғанша қорғаштап келген, асыл қазынамыз - жеріміз, тіліміз бен дініміз. Ендеше, бірлігіміздің діңгегі ретінде - дініміздің қаймағын бұзбай ұстап қалу оны өскелең ұрпаққа жеткізу, біздің еншімізге тиген парыз.

Дініміздің беріктігі - бірлігіміздің діңгегі - дей келе, күннен күнге қарыштап дамып, самұрықтай самғап ұшқан, түрлі ұлыстар мен ұлттардың тату тәтті өмір сүріп, тағдыры қосылған қаситетті мекеніміз - Қазақстанның бір тұтастығы мен бірлігін көзіміздің қарашығындай сақтау, барша азаматтың қасиетті борышы.



© 2010-2022